Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жақсылықпен жаным дос» -

«Жақсылықпен жаным дос»

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2700 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Күні:
Сыныбы: 5-А күні.26.10.2013Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»
Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі
түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Оқытудың мақсаты: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға
ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға
дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар
оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады;
Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді;
Топпен жұмыс барысында ойы толығады,әрекетті сыни бағалауды
үйренеді;

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2.Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
4. Сергіту сәті.
5. Топтық жұмыс. Топтастыру. Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс
6.Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
1. Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осындай ақылды, мейірімді, әдепті, ұқыпты, қамқоршыл балалармен кездескеніме өте қуаныштымын достар, сәлеметсіңдерме.
Оқушылармен көңілді орта құру үшін қол ұстасып, шеңбер құрып, «Армандастар» әнін
қосылып айту.

Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу.Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз.
 1-топ. Ақылдылар
 2-топ. Мейірімділер.
 3-топ. Тәртіптілер.
 4-топ. Әдептілер.
Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа
1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. (АКТ слайд арқылы көрсетіледі).

Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау.

1 - топ
Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.

Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.

2 - топ
Жаксылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.

Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.

3 - топ
Жақсының----------- айт, нұры тасысын.

Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.

4 – топ
-------------адам алысты жақын етер.

Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.

Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады. Топ басшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді.
Ереже: Уақытты тиімді пайдалану
Тыныштық сақтау
Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу.

2. Мағынаны тану. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі.
1. Жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Жақсылық жасау дегеніміз не?
3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
4. Жақсылық жасау адамның парызы ма? Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді. Әңгімелесу барысындағы ойды толықтыру үшін оқулықта берілген «Жақсылыққа - жақсылық» ертегісін сахналау. Балалар оқулықтағы ертегі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтінді өздігінше талдайды.

3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңызыдылығын тұғындыру, ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі.
1. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.
2. «Арыстан мен тышқан» ертегісі.

4. Сергіту сәті. Оқушылардың тыныс алуын реттеу үшін сергіту жаттығуын ұйымдастыру.
Балалар шеңберге жиналып, аудиодискі арқылы «Қара жорға» әуеніне қимыл-қозғалыс биін билейді.

5.Топтық жұмыс. Топтастыру .Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген оқулықтағы “Жақсы сөз – жарым ырыс”нақыл сөзін басшылыққа алып, өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме (эссе) жазуға дәптермен жұмыс беріледі.Балалар жеке жұмыс жасайды.
Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып жұптық жұмысқа тапсырма беріледі.
Тапсырма:
 Оқулықта берілген Сүйінбай Аронның “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” өлеңіне талдау жасау.
 Өлеңдегі жақсылық пен жамандық тұжырымдарынан кластер құрастыру.(СТО стратегиясын пайдалану)





6.Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады.

ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық - жақсылық жасаудың ең тиімді жолы.
Сурет бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды.

Топтарға бағалау парақшасы таратылады.Сабақ барысындағы жұмыстар бойынша топтар бір-бірін және оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Бағалау парақшасы:
алтын күміс қола



INSERT тәсілі арқылы сабаққа талдау жасап, кері байланыс жүргізіледі.
Сабақта не өттік? Не білдік? Не білгім келеді?


“Жүректен-жүрекке ”
Оқушылар қол ұстасып,шеңберге құрып,оқулықтағы А.Асылбековтың «Жақсы болу - өзіңнен» атты өлеңін бірге оқиды.Өлеңнің мазмұны арқылы адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында екенін және өз бетінше көп үйренуге, әр ісіне есеп беруге үйрену керек екенін ұғынады.

Жақсы – болу өзіңнен.
А.Асылбеков.
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!

Мақал қуаласпақ ойыны.
Адамның жақсы мен жаман қасиеттері бойынша мақал айтып жарысу
1.Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен
2.Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық.
3.Ат жаманы жолдан қалдырар,жолдас жаманы қолда қалдырар.
4.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
5.Жолдас,жолдасқа қиянат еткен оңбас.
6.Жақсы жаныңа жолдас,жаман малына жолдас.
7.Жалқаудың жаны тәтті,еңбектің наны тәтті.
8.Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі ғой,жамандыққа жақсылық ер адамның ісі ғой.
Таудың басын көр де,
Түбіне барма;
Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма.

Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ.

Жақсыда кек жоқ.

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Жақсының жаны – жаннат.

Жақсы адам жолдасынан танылғы.

Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай.

Жақсы – ай мен күндей –
Әлемге бірдей.


Күн ортақ,
Ай ортақ
Жақсы ортақ.

Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас.

Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.

Жақсыны көрмек үшін.

Сыпайыны үйде көрме,
Түзде көр.

Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын.

Жақсы лепес –
Жарым ырыс.

Жақсының аты өлмейді,
Ақынның хаты өлмейді.

Жақсыны жатқа санама,
Аласаны атқа санама.

Жақсы адамда жаттық жоқ,
Тәуекелдің көңілі жоқ.

Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас
Қас жақсының белгісі
Қара сөзді жақтамас.

Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.

Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.

Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.

Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.

Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.

Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу.

Жақсы жанның
Майлығы мен сулығы бірдей.

Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.

Жақсыға барсаң —
Жазылып қайтарсың.
Бақсыға барсаң —
Қағынып қайтарсың.

Жақсыны көрмек үшін,
Сұлуды сүймек үшін.

Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам құлағынан қалады.

Бітер істің басына —
Жақсы келер қасына

Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.

Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.

Асылдың сынығы —
Айдынның тұнығы.

Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.

Жоқтыққа жүйрік жетпейді.

Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
Жақсы іске жан сүйінер.

Жақсының жаттығы жоқ.

Жақсыжастаншығады,
Темір тастан шығады.

Жігіт жақсысын —
Сұлтан дейді,
Ит жақсысын —
Сырттан дейді.

Жақсы — елдің мақтаны,
Жұпар гүл — жердіңмақтаны.

Жақсы кісі өлмесін,
Жамандықты көрмесін.

Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.

Өгіздің өзі қартайса да,
Мұрыны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.

Жақсылық ұмытылмас.

Ақылды кісіні аяла,
Ақымақ кісіні аяма.

Жақсыны көріп —
Жан семіреді.

Бағалау парақшасы
Топтың аты мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу Мағынаны тану. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау Топтық жұмыс. Жалпы балл
1-топ. Ақылдылар


Бағалау парақшасы
Топтың аты мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу Мағынаны тану. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау Топтық жұмыс. Жалпы балл
2-топ. Мейірімділер.


Бағалау парақшасы
Топтың аты мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу Мағынаны тану. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау Топтық жұмыс. Жалпы балл
3-топ. Тәртіптілер.


Бағалау парақшасы
Топтың аты мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу Мағынаны тану. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау Топтық жұмыс. Жалпы балл
4-топ. Әдептілер.


№ 54 жалпы орта мектебі

Тақырыбы: «Қошқар ата өзенінің суы буын ауруларына шипалы».

Орындаған:_____________________

Шымкент қ. 2013 жыл

Ата-анаға жақсылық жасау
Ата-анаға жақсылық жасау, оларды зиян мен қиындықтардан қорғау – парыз. Адам әке-шешесіне жылы жүзбен, мейіріммен қараса, Аллаһу та’ала оған рақымдылық көзімен қарайды. Ата-анасының ризалығын алған адамға жұмақта екі есік ашылады. Оларға қарсы шыққан баланың күнәһар қарақшыдан айырмашылығы жоқ.
Баланың өскеннен кейін ата-анасын ренжітуі, қиындыққа душар етуі Аллаһу та’аланың азабына себеп болады. Ата-ана мен күйеуінің күнәға апаратын бұйрықтарына бағыну дұрыс емес. Бірақ, ешқашан, ешқандай себеппен ата-анаға қатты, дөрекі сөйлеуге болмайды. Ата-анасы күнә істеген адам бір рет насихат айтады, олар қабылдамаса үндемейді. Олар үшін дұға етіп, истиғфар оқиды (кешірім тілейді).
Ата-ананың қатаңдығына сабыр ету керек. Ата-анаға, қайын ата мен енеге құрмет пен қызмет ету бірінші міндет болу керек. Ата-ана мен жақын туыстарға барып тұру керек. Олармен ара-қатынасты үзіп қою күнә болады. Олардың көңілін сұрап, көмек беріп тұру керек. Олардың реті мынадай:
Алдымен ана, әке, бала, ата, әже, бауыр, көке, қызапа, таға және нағашы әпке. Бұлардан кейін олардың балалары, одан кейін неке арқылы туыс болғандар, ең соңында көршілер.
Қайтыс болғандарға дұға етіп, Аллаһтан кешірім сұрау керек, қайырлы істер істеп, сауабын олардың рухтарына бағыштау қажет.

Жауыр болды деме, досым...

Бір ағам айтады, қазір адамдардың барлығы да бір-біріне жат, бөтен, алыс деп. Көшедегі келеңсіз дүниелерді көріп қалған сәттерде мен де солай ойлай жөнелемін.
Адамдар бір-бірінің құнын біле ме? Ақыл мен сана берген соң қуаныш, күлкі, бақыт, береке, махаббатпен өмір сүруге жетер не нәсте бар? Қарапайым ғана өмірді кішкене ғана жақсылықпен толтыра білсек, шіркін...
Фейсбукте отырып алатын әдетім бар. Сол, жаңалық немесе қызық іздейтін әдет баяғы. Үнемі әлдекімге пікір айтып, немесе суретке баға қойып жүретін Қайсекем бір видео салыпты. Дөйт деген! Айтып жүретін әзіл-қалжыңы ма дедім. Видео жақсылық пен нұрға толы. Кеудеңе қуаныш сыйлайды.
Бала кезің делік... Ылдилап өтіп жатқан өмір сен үшін тоқтап қалғандай. Өскің келеді, үлкендердей болғың келіп, ересектерге деген ынтықтығың артады. Қызды-қыздымен сол өте шыққан балалық шағыңды кейін қалай сағынасың? Сондағы ерке-шолжаңдығыңды кешірер шешеңе бір мейірленіп қарайсың ғой, сені көре сала еркелете жөнелетін, бар ынта-шынтасымен жақсы көре салатын, қайтарымсыз махаббат сыйлай алатын адамдарды іздейсің ғой... Міне, дәл осы қуаныш пен сезімді осы бір видеодан көре алдым. Сіздермен де бөлісейін. Жақсылық – қайтарымсыз емес. Тек сенейік...
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.