.
.
Ашық сабақ. Уақыты: 18.10.2012 Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы -5 «Жақсылықпен жаным дос»
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1905 | Размер: | Автор: ТәрбиеПән мұғалімі: Азизова Айман Хожағалиқызы
Сабақтың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»
Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі
түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін
ұғындыру.
Оқытудың мақсаты: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға
ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға
дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар
оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады;
Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді;
Топпен жұмыс барысында ойы толығады,әрекетті сыни бағалауды
үйренеді;
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2.Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
4. Сергіту сәті.
5. Топтық жұмыс. Топтастыру .Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс
6.Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен көңілді орта құру үшін қол ұстасып, шеңбер құрып,оқулықта берілген «Біз өмірдің гүліміз» әнін қосылып айту.
Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу.Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз.
1-топ. Ақылдылар
2-топ. Мейірімділер.
3-топ. Тәртіптілер.
4-топ. Әдептілер.
Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа
1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. (АКТ слайд арқылы көрсетіледі).
Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау.
1 - топ
Жақсының ісі-----------
Жаманның ісі-----------
2 - топ
Жақсылық қылсаң-----------------қыл
3 - топ
Жақсының----------- айт, нұры тасысын.
4 – топ
-------------адам алысты жақын етер.
Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады.Топ басшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді.
Ереже: Уақытты тиімді пайдалану
Тыныштық сақтау
Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу.
2. Мағынаны тану. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі.
1. Жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Жақсылық жасау дегеніміз не?
3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
4. Жақсылық жасау адамның парызы ма? Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді. Әңгімелесу барысындағы ойды толықтыру үшін оқулықта берілген «Жақсылыққа - жақсылық» ертегісін оқушыларға оқып беру. Балалар оқулықтағы ертегі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтінді өздігінше талдайды.
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңызыдылығын тұғындыру ,ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі.
1. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.
2. «Арыстан мен тышқан» ертегісі.
4. Сергіту сәті. Оқушылардың тыныс алуын реттеу үшін сергіту жаттығуын ұйымдастыру.
Балалар шеңберге жиналып, аудиодискі арқылы «Қара жорға» әуеніне қимыл-қозғалыс биін билейді.
5.Топтық жұмыс. Топтастыру .Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген оқулықтағы “Жақсы сөз – жарым ырыс”нақыл сөзін басшылыққа алып, өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме (эссе) жазуға дәптермен жұмыс беріледі.Балалар жеке жұмыс жасайды.
Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып жұптық жұмысқа тапсырма беріледі.
Тапсырма:
Оқулықта берілген Сүйінбай Аронның “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” өлеңіне талдау жасау.
Өлеңдегі жақсылық пен жамандық тұжырымдарынан кластер құрастыру.(СТО стратегиясын пайдалану)
6.Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады.
ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық - жақсылық жасаудың ең тиімді жолы.
Сурет бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды.
Топтарға бағалау парақшасы таратылады.Сабақ барысындағы жұмыстар бойынша топтар бір-бірін және оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Бағалау парақшасы:
алтын күміс қола
INSERT тәсілі арқылы сабаққа талдау жасап, кері байланыс жүргізіледі.
Сабақта не өттік? Не білдік? Не білгім келеді?
“Жүректен-жүрекке ”
Оқушылар қол ұстасып,шеңберге құрып,оқулықтағы А.Асылбековтың «Жақсы болу - өзіңнен» атты өлеңін бірге оқиды.Өлеңнің мазмұны арқылы адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында екенін және өз бетінше көп үйренуге, әр ісіне есеп беруге үйрену керек екенін ұғынады.
Жақсы – болу өзіңнен.
А.Асылбеков.
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.