.
.
Солтүстік Қазақстан облысы Жақсылықтан жақсылыққа
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3085 | Размер: | Автор: гостьТайынша ауданы
«Кантемир негізгі мектебі» КММ
Пән: Өзін-өзі тану
Түрі: Ашық сабақ
Мектеп: Кантемир негізгі мектебі
Мұғалім: Жумабаева Асемгуль Рапагатовна
Мерзімі: 04.10.15ж Сынып: 4 Оқушылар саны: 8
Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа
Құндылықтар: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік,сыйластық, адамгершілік, қайырымдылық
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Сүйіспеншілік құндылығын мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық ,сыйластық қасиеттері арқылы ашу.
Міндеттері:
1.Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2.Оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік,
қайырымдылық , сыйластық қасиеттерін дамыту.
3.Оқушыларды бір-біріне сүйіспеншілік көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ноутбук, оқулық, дәптер, жақсылық жайлы суреттер,плакаттар
даналық сөздер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Жағымды күйге ену.
( Үнтаспадан баяу әуен естіліп тұрады).
« Нұрға бөлену »
Балалар ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен).
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын »
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
- Балаларға сұрақтар қойылады.
1.Қазір қандай көңіл – күйде болып отырсындар?
2.Жүрегіңізде қандай сезім туды?
3.Нені елестете алдыңыз?
Оқушылар жауабы тыңдалады. Сабақ барысын талдау:
«Нұрға бөлену» әуені қойылады.
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Мен ақылды баламын» тақырыбына эссе жазып әкелу. Балалардың үй тапсырмасын тексеру .
3. Дәйексөз.
«Ешқандай жақсылық зая кетпейді».
Үнді нақылы
-Осы дәйексөзді қалай түсінесіндер? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау.)
Дәйексөздің мәнін ашу, түсіндіру
Осы дәйексөзді дәптерге жазып алу.
4. Ертегі (Мұғалімнің сыйы)
Ертегі қуыршақ театры арқылы көрсетіледі.
«Қоян,түлкі және әтеш» ертегісі
Бір күні қоян ұйықтап жатады, түнде ұйықтап жатқанда біреу есікті тарсылдатады. Тук,тук,тук.
Қоян: - Бұл кім?-дейді.
-Бұл мен түлкімін, мен бір түн сенде қоңайыншы.
Қоян: -Өз үйінде неге қонбайсын, сенің үйіне не болды ?-дейді
Түлкі:-Менің үйім күйіп кетті-дейді түлкі.
Қоян: Жарайды, баспанасыз қалдың ғой кіргізейін- депті қоян. Сөйтіп түлкі қоянның үйінде қалды. Келісі күні қоян орманға қорек іздеуге кетті. Біраздан кейін үйге оралып келді. Есікті тарсылдатса түлкі ашпайды екен. Қоян: -Түлкі аш есікті бұл мен қоянмын дейді. Түлкі есікті ашпай қояды. Сөйтіп қоян үйсіз қалып , жылап ,орманға кетеді. Орманда жылап отырған кезде аюды кездестіреді.
Аю: -Не болды ? Неге жылап отырсын дейді.
Қоян: -Жыламағанда қалай, мен үйсіз қалдым ғой! Түлкі мені өз үйімнен қуып шықты. Мен оны аяп түнде үйге кіргіздім ғой –дейді қоян.Ол алды да мені келесі күні үйден қуып шықты.
Аю:-Жүр мен саған көмектесейін түлкіні үйден қуып шығарам дейді.
Екеуі қоянның үйіне барады . Сонда аю келіп айқайлайды: -Әй,Түлкі шық үйден, шықпасан өзім үйге кіріп сені шығарам.
Түлкі: Байқап сөйле аю , мен шықсам сенің жүнінді жұлып тастаймын дейді. Аю түлкіден қорқып қашып кетеді. Қоян үйіне кіре алмай ,өзі жалғыз орманда жылап отырады.
Сөйтсе, жылап отырғанда қасқыр келеді.
Қасқыр: -Не болды ? Неге жылап отырсын дейді.
Қоян: -Жыламағанда қалай, мен үйсіз қалдым ғой! Түлкі мені өз үйімнен қуып шықты. Мен оны аяп түнде үйге кіргіздім ғой –дейді қоян.Ол алды да мені келесі күні үйден қуып шықты.
Қасқыр:-Жүр мен саған көмектесейін түлкіні үйден қуып шығарам дейді.
Екеуі қоянның үйіне барады . Сонда қасқыр келіп айқайлайды: -Әй,Түлкі шық үйден, шықпасан өзім үйге кіріп сені шығарам.
Түлкі: Байқап сөйле қасқыр , мен шықсам сенің жүнінді жұлып –жұлып тастаймын дейді. Қақыр түлкіден қорқып қашып кетеді. Қоян үйіне кіре алмай ,өзі тағы да жалғыз орманда жылап отырады.
Сөйтсе, жылап отырғанда әтеш шалғымен келе жатады да қоянды көреді.
Әтеш: - Не болды ? Неге жылап отырсын дейді.
Қоян: -Жыламағанда қалай, мен үйсіз қалдым ғой! Түлкі мені өз үйімнен қуып шықты. Мен оны аяп түнде үйге кіргіздім ғой –дейді қоян. Ол алды да мені келесі күні үйден қуып шықты. Маған сенен де үлкен аю мен қасқыр көмектесе алмады түлкіден қорқып қашып етті. Сен де солай қорқып қашып кетесін -деп жылап айтады қоян.
Әтеш:-Жүр мен саған көмектесейін түлкіні үйден қуып шығарам дейді.
Екеуі қоянның үйіне барады . Сонда әтеш келіп айқайлайды: -Әй,Түлкі шық үйден, әйтпесе мен сенің басына мініп алып тұмсығынмен жүндерінді жұлып тастаймын.-дейді әтеш.
Түлкі: Міне, міне киініп жатырмын, қазір шығамын. Әтеш тағы да айқайлайды: Әй,Түлкі шық үйден, әйтпесе мен сені шалғымен шауып тастаймын.. Осыны айтқаннан кейін әтеш үйдің есігін ашады ,есікті ашып жатқан кезде түлкі терезеден секіріп орманға қашып кетеді. Осылай әтеш түлкіні қоянның үйіннен қуып шықты.
Қоян әтешке алғысын айтып, сен кішкентай болсан да мықты екенсің- дейді. Екеуіміз бірге тұрайық,бір-бірімізге қамқор болайық,бір- бірімізге осындай жақсылық жасап отырайық –дейді қоян. Сонда әтеш: -жарайды бірге тұрайық,бір-бірімізге жақсылық жасап отырайық-дейді. Солай екеуі бірге жақсылықта тұрады.
Қорытынды жасау
Осылайша қоянның түлкіге жасаған жақсылығы өзіне оралды.
Осылай жақсылық жасасандар, жақсылық сендерге өзі оралып келеді.
Жақсылықтан жақсылыққа жетесің, Жақсылықтан жақсылық туындайды. Жақсылық болған жерде жақсылық болады, жақсылық зая кетпейді деген осы.
5. Топпен ән айту
Құндылықтар әлемінде
Ақиқаттың әнін,
Айтамын күнде мен.
«Бөбек» әлемінің сырларын түсініп,
Нұрына шомылдым күннің.
Тыныштық жан - көркем,
Керемет ол неткен,
Ар-ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді,
Бақытқа бізді жетелеп.
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні.
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер-2 рет
2 . Дұрыс әрекеттер
Сүйіспеншілік береді,
Тыныштық орнайды,
Қиянат болмайды,
Адамзатқа әлемдегі.
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні.
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер-2 рет
Минусовка
Құндылықтар әлемінде
6. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма.Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа /мазайка құрастыру/ Қима қағаздарды құрастыру беріледі , қима қағаздарды құрастырып болған соң, шыққан суреттерге қарап балалар жақсылық туралы әнгіме құрастырады.
Топтан бір оқушы ортаға шығып жұмысты қорғайды.
2-тапсырма. Өздеріңмен болған оқиғаларды ортаға салу. Балалар өздеріңмен болған оқиғаларды ортаға салады.
Минусовка
Құндылықтар әлемінде
7. Үй тапсырмасы
Өздеріннің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырып келіңдер!
8. Тыныштық сәті
(Баяу әуен қойылады)
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
«Жақсылық сезімі» әуені.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.