Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жақсылық жасай білейік -

Жақсылық жасай білейік

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3318 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатына орнату, бір-біріне жақсылық
жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал
ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа,
жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
Барысы:
І.Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.Шаттық шеңбері
-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу- өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.
ІІІ.Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық пен жамандық (ертегі)
1.Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?
2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
ІV. «Жақсылық жасай білейік»
Мақал-мәтелдер (жақсылық пен жамандық туралы)
V.Тыныштық сәті.
-Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына, ата-анасына, ұстазына қандай жақсылық тілейтіні туралы ойлайық. (2-3 сек)
-Балалар, ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, жақсылықты кімге ойладық, жазайық. Осы ойлаған жақсылығымыз күннің шуағы арқылы сол адамға жетеді.


VІ.Дәйексөз.
-Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»
VІІ. «Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»
«Қарлығаш пен дәуіт» Ітоп
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатт қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...
«Аю мен тышқан» ІІ топ
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып, құлағын басып қояды:ъ
-Менің құлағым-сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?
-Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
-«Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,-деп күледі аю. Дегенмен, босатып жібереді.
VІІІ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.
ІХ.Қорытынды.
Ризашылық әні.
(сөзі мен әнін жазған Луиза Хей)
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын3, бүгінге!
Ризамын3, қазірге.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.