Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалынды жастық шақ. -

Жалынды жастық шақ.

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5831 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақ:19-20
Пән:Өзін- өзі тану.
Тақырып: Жалынды жастық шақ.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екендігін сезіндіру.Мақсаттарын дұрыс айқындауға ықпал ету.
Сабақтың міндеттері :
- Жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңыздылығы туралы ұғындыру
- Өздерінің табиғи икемділіктерін ескере отырып мамандық таңдауға бағыттау.
- Өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын мақсаты айқын болтындығын ұғындыру
Тәрбиелігі : оқушыларды өз өміріне,ойы мен сөзіне,ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
.
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері Мұғалім басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып,әрқайысы өзінің алға қойған мақсатын айтып шығады.Одан кейін
М Мақатаевтың Мәңгілік жастық өлеңі оқылады.
2 Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға жастық кезеңнің міндеті,өзіндік ерекшеліктерімен неге ұмтылу қажет екендігін ашу мақсатында оқулықта Оқып үйренейік айдарымен берілген І Омаровтың Жастарға хат мәтіні оқытылады.
Мәтін сұрақтары
1Мәтінде айтылған жастық кезеңнің міндеттері сіздің ұстанымыңызға сай келе ме? Неліктен?
2Күнделікті өмірде өзіңізге талап қоя білесіз бе? Ол не үшін қажет?
3Қойылған талап пен уақыттың қандай байланысы бар?
4Өзіңе сыни көзбен қарау дегенді қалай түсінесіз?
5Мәтіндегі ойлармен келісесізбе?
6Жас кезеңнің міндеттері ретінде тағы нені қосар едіңіз?деген сұрақтарды басшылыққа ала отырып оқушылармен талдау жүргізеді. Мұғалім оқушылармен бірге мәтінді талдау жасай отырып,күнделікті өмірде әркім өзіне талап қойып , «Мен бүгін қандай іс жасадым ,уақытымды дұрыс пайдаландым ба деп өз- өзіне сын көзбен қарап есеп беріп отырған жағдайда өміріңнің мөнді болатынына назар аудартады.
Дәйексөз
Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында,сабақтың тақырыбын ашу үшін дәйексөздер беріледі.Оқушылар пікірталас туғызып сабақтың тақырыбын аша түседі.
Ой толғанысы.Қорытынды
Оқушылар шығармашылық жұмыспен айналысып өлең шығару,сөзжұмбақ, ребус құрау,эссе жазу,мақал мәтел жазады.Оқушылар өздерінің тобымен бірлесіп жазған шығырмаларын қорғап шығады.
Жүректен жүреке
Мұғалім оқушыларды ортаға шақырып бір- біріне тілек айтып,оқушылардың қалауымен ән шырқау.
Үйге тапсырма дәптердегі тапсырмаларды орындап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.