Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жауапкершілік пен жауапсыздық -

Жауапкершілік пен жауапсыздық

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3065 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Жауапкершілік пен жауапсыздық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық мақсаты: балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету
Тәрбиелік мақсаты: өз сөзіне,ісіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері

Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
– Қайдан келдің бауырсақ? –
Деп сұрады қуыршақ.
– Дүкеннен келдім
Нан сатқан, –
Деді оған бауырсақ.
– Дүкенге келдің қай жақтан?
– Наубайдан келдім нан жапқан.
– Наубайға келдің қай жақтан?
– Диірменнен келдім ұн тартқан.
– Диірменге келдің қай жақтан?
– Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
• Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады? Әңгімелеп беріңдер.
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.
Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қыз:
– Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, – деді.
– Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, – деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:
– Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, – дейді.
– Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!
– Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал, кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, – деп түсіндірді әкесі.
• Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?
• Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбек – адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді.
Суретке қарап, «Еңбек – түбі береке» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Еңбек
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты – ЕҢБЕК.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – ЕҢБЕК.
Сабағыңды жөндеп.
Әзірлесең – ЕҢБЕК.
Қиындықтың бәрін,
ЕҢБЕК қана жеңбек.

ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.