.
.
Бөкей Ордасы ауданы, Мұратсай ауылы, Өзін -өзі тану адамгершілік құндылықтардың негізі
Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5957 | Размер: | Автор: ТәрбиеА.Құсайынов атындағы ОЖББМБ
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Саламатова Гулдана Каирболатовна
Сабақтың тақырыбы: Өзін -өзі тану адамгершілік құндылықтардың негізі
Мақсаты: Қайырымдылық, имандылық туралы түсінік беру, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өз халқының салт -дәстүрінде негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу.
Сабақтың түрі: қорытынды кеш
Сабақтың көрнекілігі: Сара Алпысқызы туралы мәлімте суреттер. Нақыл сөздер. Слайд, Суретті плакат.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, мейірімді ата - аналар және тәрбиелі оқушылар! «Өзіңді танысаң-өзгені де танисың»-демекші, «Өзін-өзі тану адамгершілік құндылықтардың негізі»атты «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытынды кешіне қош келдіңіздер!
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін,-дей барлық баланың жүрегін жылытқан, жүрегіне ана мейірімін ұялатқан, адамдық қасиетттерді дарытқан, тәрбиелі де қасиетті, өнерлі де өжетті, білімді де зерек балалардың көбеюіне ат салысқан еліміздің бас анасы Сара Алпысқызы «Өзін -өзі тану»жобасын ұйымдастырып, әлемге мейірімін шашу арқылы мұңайғанды қуантып, жылағанды жұбатып, барша халыққа күлкі сыйлады. Осы жоба арқылы әр адамға өмірдің не екенің, адамның нені үйрену керектігін, балаға нені үйрету керектігін түсіндіру еді.
Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
Ендеше, қорытынды кешімізді алдымен балалардың аналарына деген көзқарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз.
1.Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі.............
2. Ашығын айтсам, мен кейде ата - анамды тыңдамаймын, себебі..........
3. Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам.................
4. Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын...............
5. Ашығын айтсам, анамды тек қуантсам деймін..............
6. Ашығын айтсам, кейде анамды ренжітіп алсам....................
7. Ашығын айтсам, анамның мұңайғанын көрсем........
8. Ашығын айтсам, анам ауырып қалса...................................
9. Ашығын айтсам, анама ұзақ уақыт үйде болмаса.....................
10. Ашығын айтсам, анам бір нәрсе бүлдірсем, мені қатты жазалайды.......
11. Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін..........................
12. Ашығын айтсам, кейде мен анамды түсінбеймін..........
Ән: «Бақыт деген»
Жүргізуші:Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.Осы «Өзін-өзі тану пәнінен болып жатқан апталықты қорытындылап, қатысқан оқушыларымызды марапаттау үшін сөз Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі Айнұр Сапарқызына беріледі.
Жүргізуші: Оқушының білімін де сынайды.
Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,
Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.
Оқушылар өзін-өзі таниды,
Бойымызға тек ізгілік дариды-демекші, «Махаббат пен шығармашылық»атты онкүндікке белсене қатысқан, өз қабілеттері мен дарындылықтарын, сұлу да әсем қылықтарымен көзге түсіп, бойына жақсы қасиеттерді дарыта білген оқушыларымызға алғыс білдіре отырып, әрдайым жүректері мейірімге, көңілдері пейілге, қабілеттері биікке толы болсын дегіміз келеді.
Ендігі кезекте, бүгінгі өнерпаздарының шағын концерттік кешіне кезек берейік.
Ән: «Жанұям»
Жүргізуші:Өзі аялап, мәпелеп, ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Анамыз сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы, жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен.
Жанарларда нұр ойнап, сенім орнап көңілге,
Талай сәби гүлденіп, құштарланды өмірге.
Әрбір ізі гүл – дастан, кең құшағы нұр шашқан,
Мың рахмет дүниеге Сізді әкелген тәңірге!
Көрініс: «Ана махаббаты»
Жүргізуші: «Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін
сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Ол өзін -өзі сыйлай білуі, ар-ұяты алдында
таза болып, әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс -әрекеттің ақыры неге әкеліп соқтыруы
мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен-жүрекке
жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлесін.»,-дейді С. Алпысқызы.
Өлең: «Анамды жақсы көремін»
Жүргізуші: Ананың бақыттысы, сымбаттысы,
Халқының ардақтысы, қымбаттысы.
Өз-өзін танытып, үлгі еткен,
Мың алғыс сізге, Сара Алпысқызы.
Өнеге мен тәрбие жарасқандай,
Дәстүріміз жаңарып қыр асқандай.
Болашақ үшін жазған қолтаңбасы,
Оқушының жүрегімен санасқандай.
Ән: «Ана»
Жүргізуші: Мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі ретінде өз пікірімді айтуды жөн көрдім. Бүгінде бұл пәннің мектеп бағдарламасына енгізілгеніне аз уақыт болса да, оқушылардың сүйікті пәніне айналды. Мектеп оқушылары пәннің болуын асыға күтеді. Пәннің өзге пәндерден айырмашылығы көп. Өзіндік ерекшелігі, өзіндік болмысы жоғары деңгейдегі ерекше пән. Себебі, өзін-өзі тану пәнінде адамгершіліктің қайнар бұлағы, тағылымды тәрбиенің бастауы кеңінен орын алған.
Адам жүрегі кішкентай кезден мейірім мен сүйіспеншілікке толы болып өссе ғана оның жүрегінде қиянатқа, жамандыққа орын болмайды. Бұл пән адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани құнды дүние. Өйткені, адамгершілік тәрбиесі - мәңгілік, ол ешқашан да өз мәнін жоғалтпайды, өзгермейді.
Өзін-өзі танып, білген, көреген ұлағатты,
Бұл сабақ көңілге жылы сезім ұялатты.
Сіз сияқты ізгілікке әрқашан бастай берсе,
Болашаққа жеткізерміз, Сіз берген аманатты,-дей келе, бүгінгі өзін –өзі тану пәні бойынша ұйымдастырылған қорытынды кеш өз мәресіне жетті, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.