Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Адамгершілік «Айналайыннан» басталады. -

Адамгершілік «Айналайыннан» басталады.

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1748 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Адамгершілік «Айналайыннан» басталады.
Мақсаты:
1.Мектеп, ұстаз, отбасы әрекеті арқылы оқушылардың бойына адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру негізінде жасөспірімдердің ортамен қарым-қатынас құру қабілетін, өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын дамыту.
2. Отбасында, мектепте, аулада балалар арасында туған дау-дамай мен
кикілжіндерге педагогикалық тұрғыда көмек беріп, теріс бағыт алып
кетуінен сақтандыру.
3. Айналайыннан басталған сөз жандарын жадыратып, көкіректеріне нұр
себетіндіктеріне көздерін жеткізіп, адамгершілікке, имандылыққа, жүректі
таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ұлағатты сөздер.
1. «Жаңа ғасыр-адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы - мектеп»
Н.Ә.Назарбаев
2. Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.
3. Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз.
4. Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
5. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар, жылуы жоқ жүректен
жылататын сөз шығар.
Сабақтың түрі: тренинг
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі өзін-өзі тану пәнімен
байланыстыра өткізілді.
Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастау.
Шаттық шеңбері-сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Сабағымызды бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Кішкентай сиқырлы өзеннен сендер жан-жақты және қайталанбайтын бүгінгі бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек. Жан-жақты қайталанбайтын бүгінгі сабаққа дайын кім болып шықты? Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?
Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткіздік. Жаңағы көрген бейнелеріңді үлгі тұтыңдар. Езуіміздегі күлкімен, шаттықпен сабағымызды бастайық.
«Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күледі, ал егер сен жыласаң сен жалғыз жылайсың» деген нақыл сөз өте орынды айтылған. Күлкі денсаулықты жақсартып, адамның көңіл-күйін көтереді. Өзгелерге де қуаныш сыйлайды. Күлкі сізге бақыт сезімін әкеледі. Күлкі жандарыңызға серік болсын!
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі сабақты «Адамгершіліктен», «Айналайыннан» бастауды жөн көрдік. Онда ерекше бір сыр, ерекше бір тарих, ерекше тәрбие жатыр. «Жақсы сөз, жарым ырыс» демекші, «Айналайыннан» басталған сөз жаныңды жадыратып, көкірегіңе нұр себеді. Менің ойымша, бұл сөздің астарында үлкен адамгершілікке бастайтын жол жатыр. «Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар, жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар», деген даналық сөзі есімізде жүруі керек. Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау- адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ барысында қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің дау-дамайда жаман сөзбен бірін-бірі сыбап, былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады, кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей өте жаман көріністерге ұласады.
Ғалымдардың зерттеуінше былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіреді екен де жаман сөздің иесіне сәтсіздік, жаманшылық, ауру шақыратындығы анықталған. Ал енді құрметті айналайын ата-аналар, ұстаздар, балалар жаман сөзден тыйылудың жолын бірге қарастырайық. Ата-аналар балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жаксы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, осы балаға деген махаббаттың жетіспеушілігінен пайда болады.
Сәбиді «Айналайын» деп еміреніп басынан сипаған сайын оның өсе түсуіне тарыдай болса да үлес қосады екенбіз. Бұл ғылыми түрде арнайы зерттелмегенімен өмірдің өзі дәлелдеп отырған құбылыс емес пе?
Тәрбиедегі ең басты ережелер-балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын, ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады.
Оқып, талдап, ғибрат қыл....
Ертеде бір кісі баласы тұрмай жүріп көрген баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, , бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: «Балам, мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді-өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұқыр тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздері қалай өшірерсің? Бәрібір ол жүректің түпкірінде қалды ғой. Әрине, бұл күндерің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы . Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол» дейді.

Талдау сұрақтары:
- Көп еркелеткен бала қандай болады?
- Әкесі неге қарапайым талап қойды?
- Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?
- Өмірлік сабақ деген не?
Бос сөзге, тіпті кейде болмашыға бола аяқ астынан ұрыс шығып кетуі мүмкін. Бұл жасөспірімдер арасында жиі болады. Ал, ересектердің өмір тәжірибелерінен болар, әр түрлі өсектерге неғұрлым салқын қарайды. Сіздерге ұрыстың аяқасты тууына себеп болатын «Өсек-аяң қалай туады?» ойынын ұсынамын.
Ойын тәртібі:
1. Бір айтқан сөзді қайталап сұрамай, «тізбек» бойынша келесі адамға айтасыз, ол оны өзгелерге жеткізеді.
2. Өзіңізге ғана не айтылғанын тыңдап, естігеніңізді жеткізесіз.
3. Ойын бір жерден түсініспестік туғанша ойналсын.
Ойынды тоқтатып, ұрыстың қалай туатынына балалардың көзін жеткіземіз.
Жаттығу: «Ашулы шарлар». Қатысушыларды ортаға шақырып, шарларды үрлеп, оларды байлауларын сұраймыз. Қатысушыларға түсіндіреміз. Шарлар адамның денесін бейнелейді. Қатысушылар шарды аяқтарымен жару керек. Шарды жару арқылы сіздер баса көктеп ауыр сөздер айтып, біреулердің намысына тидіңіз. Мұндай жағдайда әлгі адамның көңіл-күйіне кері әсер етіп, оның жұмысқа, сабаққа ынтасы келмейді. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар? Бұлай қатты жарылған шар, ол агрессияны білдіреді, ол қатерлі жол. Енді қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуйді тапсырамыз. Оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңіздер. Шар кішірейді бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ ол ешкімге зақым келтірмейді. Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығаруды ұсынамыз. Бұл нені білдіреді? Ашудың қауіпсіз жолын табу әр адамның өз қолында.

«Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» тренингі.

Ең бірінші әр оқушы өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттердін арылуы қажет. Ол үшін әр оқушы қағазға бойындағы кездесетін, өзіне ұнамайтын жағымсыз қасиеттерді жазады. Барлығы жазып болған соң қағазды жыртып, қоқыс жәшігіне тастайды. Міне осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз. Енді сендердің бойларында жағымды қасиеттер ғана қалды деп есептейміз.

«Кел ойнайық» сергіту сәті:

1. Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.

2. Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.

3. Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.

4. Бүгінгі сабақ ұнаса, аяқты еденге соғайық.

Жаттығу: «Жан жүрек сыры».

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.
Тәрбиеші қатал болғанмен, қайырымды, мейірімді болуы қажет. Жан-жақты, яғни сегіз қырлы, бір сырлы болыңыз.

Қорытынды:

Енді міне, кездесуіміздің соңында мен сіздерге өз атымнан, жүрегімнен шыққан жылы сөздерімді сыйлаймын. (жанданған жүректегі жылы сөздерді таратып береді). Айналайындар, осы жылылықты әр кезде өздеріңізбен бірге алып жүріп, айналаңыздағы адамдарға айтып жүргейсіздер. Нұр үстіне нұр. Көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.