Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қалай нәтижелі болуға болады? ҰБТ-ға психологиялық дайындық. -

Қалай нәтижелі болуға болады? ҰБТ-ға психологиялық дайындық.

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2891 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қалай нәтижелі болуға болады? ҰБТ-ға психологиялық дайындық.

Мақсаты: Оқушылырға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу.

Көзің шаршаса не істейсін?
Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзіңіз шаршаса, онда агзаңыз шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшіңіз жетпейді. Сондықтан көзіңіздің демалуына жағдай жасау керек. Кез-келген 2 жаттығуды орындаңыз:
- Кезегімен жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қараңыз;
- Көз қарашығыңызбен аты-жөніңізді жазыңыз;
- Ұзақтағы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңыздағы қағазға 20 секунд көзіңізді тігіңіз;
- Сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңыз бен квадрат, үшбұрыш салыңыз.

Күн тәртібі
Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:
- Емтиханға дайындық күніне 8 сағат
- Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге 8 сағат
- 8 сағаттан кем уйықтамаңыз және қажет болса тусте дем алып алыңыз

Тамақтану
Тамақтану 3-4 реттен витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Емтихан алдында көп тамақтанбау керек.

«Шынымды айтсам» топтық жаттығулар.
Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқыныштан арылту, ашық болуға бағыттау.
Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірден аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау керек. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыз.
Топтама үлгілері:
Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойласам ...
Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда ...
Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ...
Шынымды айтсам, мен қобалжығанда ...
Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде ...
Шынымды айтсам, мен мектепті аяқтаған жоқ ...

«Стресс» тесті
Мақсаты: бітірушінің стресске берілгіштігін анықтау.
Нұсқау: пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.
Ешқашан – 1 балл
Кейде – 2 балл
Жиі – 3 балл
Әрқашан – 4 балл

1. Мені болар болмас мәселелер кейде ашуландырады.
2. Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады.
3. Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда мен қызарамын.
4. Мен өкпелесем, онда біреуді ренжітуім мүмкін.
5. Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін.
6. Егер мені көлікте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.
7. Барлық бос уакытымда бір нәрсемен шұғылданамын.
8. Кездесуге әрқашан да алдын-ала келемін немесе кешігемін.
9. Тыңдай білмеймін килігіп кетемін.
10. Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.
11. Еш себебсіз жиі қамығамын.
12. Таңертең өзімді нашар сезінемін.
13. Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын.
14. Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезіне алмаймын.
15. Меніңде жүрегімде бір кінәрат бар.
16. Менің арқам мен мойыным ауырады.
17. Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын.
18. Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын.
19. Мен көпшілігнен жақсымын деп ойлаймын.
20. Мен диета сақтаймын.
Бағалау шкаласы:
30 балл және төмен. Сіз туындаған мәселелерді шешіп, тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ. Бұл адамдар адамдар бәріне жақсы жағынан ғана қарап, кемшілігін ескермейді.
31-41 балл. Сіздің өміріңіз іс әрекет пен арпалысқа толы, стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізеді. Сіз өміріңізді өзгерпейсіз, дегенмен де өзіңізге де уақыт бөліңіз.
46-60 балл. Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армансайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды, сондықтан үнемі стрессте жүресіз. Егер дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз, дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекелесі қажет емес, ұсақ-түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижегет жетуге тырыспаңыз. Уақыт-уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз.
61 балл және одан артық. Сіз бірде газды бірде тежегішті басатын машина жүргізушісі сияқты өмір сүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайыңыз, денсаулығыңызға және болашағыңызға қауіп келтіреді.

«Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.
Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту.
Нұсқау: бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдамдай түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасынан жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңыздар.
Талдау:
- Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма?
- Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма?

«Көзді жұму арқылы шеңбер жасау» жаттығуы.
Қатысушылар аудиторияның ортасына жиналады. Жүргізушінің белгісі арқылы көздерін жұмып, сөйлеспей, барлығы шеңбер (үшбұрыш, төртбұрыш) жасауға тырысу керек. Бірнеше минуттан соң жүргізушінің белгісі арқылы көздерін ашып, қандай қиындық соққанын және не жеңіл болғанын талқылайды.
Жаттығу аяқталғаннан кейін психолог оқушыларға сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, болашақ ҰБТ-дан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдіріп, сәттілік тілейді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.