Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады -

Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2628 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Алакөл негізгі орта мектебінің I cанатты психологы
Султанкубиева Асемгул Муратовна

Тақырыбы: «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады»
Мақсаты: Бүгінгі күнгі мектептің басты мақсаты және негізгі міндеті
адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен
айналысуға қалыптасқан, алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету
жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.
Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: пікірлесу кеші
Барысы:
Шаттық шеңбері
«Мен жақсы көремін» жаттығу
«Сары тауық пен балапандары» (Әңгіме талдау)
«Мейірімді жүрек» ойын
«Қара пима» бине баян
«Менің тура жолым» ойын
«Біз біргеміз»
Жүректен-жүрекке
Қайырлы күн, қадірлі ел тірегі ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары мен апалары, ұлағатты ұстаздар «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты кешімізге қош келіпсіздер!
1ж «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
2ж «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!
1ж Сонымен, ізгі ниетті, ақ тілеулі ағайын, жақсы іске жанашыр боп, қош келдіңіздер!!!
Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізбен таныс болыңыздар.
Кәсіпкер Сакуова.Х
Шаруа қожалығы СултанкубиевМ
Шаруа қожалығы Тналиев.Л
Шаруа қожалығы Мұжықпанов.І
Шаруа қожалығы Ғабдыраш
Бұл қайырымдылық қоры әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Сөз мектеп директоры Т.Төлегенова
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.
Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі М.Кенжесова
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған кәсіпкер Сакуова Х, Султанкубиев М сөз беріледі.
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
Сөз кезегі Шаруа қожалығы, Ғабдраш.Ж, Мұжықпанов.І, Тналиев Л беріледі.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Бүгінгі Кешімізді ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
«Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.!
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
Кешіміздің 1 бөлімі Шаттық шеңбері
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
әр уақытта да жанымыздағы адамдарға мейірімділік танытып жүрейік
2-ші бөлім «Мен жақсы көремін»
Мен анамды жақсы көремін себебі қамқор болып жүреді. Солай жалғаса береді.
3-ші бөлім «Сары тауық пен балапандары» М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Пікірлесу
- Сары тауық өз балпандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

4-ші бөлім «Мейірімді жүрек»
Шарты: Балара үлкен шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушы жүрекшені ұстап тұрып:
«Балардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі», - деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білідіретін жылы сөздер айтады.( Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!)
5-ші бөлім «Қара пима » бине баян
Талдау
6-шы «Менің тура жолым»
Өмір болғасын жерде өмірдің ағы мен қарасы қатар жүрет . Қандай жағдай болсада биз мойымай өмірге деген көзқарасымызды жоғалтпай әр дайым еңсемізді көтеріп жүруіміз керек. Тек дурыс жолмен жүруіміз керек.
7-ші «Біз біргеміз»
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл » демекші ортаға 6 оқушы шығып қаламды ортадағы құмыраға салуымыз қажет.
8-ші Жүректен-жүрекке
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Қорытынды:оқушыларды марапаттау
Қымбатты ұстаздар мен қонақтар және оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады » атты кешіміз өз мәресіне келіп жетті. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да шуақты болсын. Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.