.
.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы «Бәріде махаббаттан басталады »
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1567 | Размер: | Автор: ТәрбиеЖайшыбекова Жаннұр Лесқызы
І санатты педагог-психолог
Тараз қаласы
Тақырыбы: «Бәріде махаббаттан басталады »
Мақсаты: ұстаздардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, моралдық шаршауларын басу, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне өмірге деген құштарлықтарын арттыру, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату, оқушыларға деген сүйіспеншіліктерін, жылулық сезімдерін арттыру.
Армысыздар құрметті жаңалыққа жаны құмар, аяулы ұстаздар!Бүгінгі «Бәріде махаббаттан басталады » атты тренингімізге қош келдіңіздер!Мен сіздермен жүйкедегі психикалық күштенуді түсіру мақсатында жаттығу жасаймын.
Нұсқау: Ақ парақ алып, өзіңізге ұнаған қарындаштың түсін таңдаңыз.
Мен шапалақ ұрғанда: сурет салуды бастайсыз (не салғыңыз келеді, соны салыңыз)
Тағы шапалақ ұрғанда: сурет салып отырған парағыңызбен қарындашыңызды сол жағыңыздағы көршіңізге бересіз, ол суретті аяқтайды.
Шапалақ ұрған сайын парақты шеңбер бойымен жалғастырып отырасыз, сурет алғашқы иесіне жеткенше.
Талдау:
Сізге суретіңіз ұнады ма?
Көңіл-күйіңізбен, сезіміңізді бөлісіңіз?
Басқа адамның салған суретіне әрі қарай қолдау жасау қиын болды ма?
Келесі сіздермен жүргізілетін тестіміз «Менің көңіл-күйім» деп аталады.
Нұсқау: 10 минут. Әуен төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.
Шын ниеттеріңізбен жауап беруге тырысыңыз. Тестің нәтижесі туралы ақпарат сізге қажет. Тесттің нәтижесі әдеттеріңізбен жеке ерекшеліктеріңіз туралы ой бөлісуге көмегі тиеді.
Тест сұрақтары
1. Мен жылаймын, менің көңіл -күйім нашар
2. Адаммен кездескенде көздеріне тіке қарай алмаймын.
3. Үнемі шаршаңқы, ашулы көрінемін
4. Менің таныстарымның көбі көңілімнен шықпайды
5. Өмірде көпшілікке өте маңызды нәрселерге мен қызықпаймын
6. Соңғы уақытта мен көңілсізбін
7. Мен үнемі өзімді әлсіз сезінемін, туысқандарыма, таныстарыма өз өміріме наразылық білдіремін.
8. Қазіргі көптеген сұрақтарға менің жеке өз бағытым (ойым) жоқ.
9. Мен өте жай сөйлеймін, әңгімелесіп отырған адам мені естімей де қалады.
10. Үнемі қойылған сұрақтарға жауап бере алмай қаламын.
Тест кілті:
Иә деген жауапқа бір балл қойып, барлығының қосындысын шығарыңыз.
1-2 балл: кейбір кездесетін қиыншылықтарға көңіл бөлмей, өмірге жақсы жағынан қарайсызМұныңыз жаман емес, бірақ әр нәрсенің шегі болады.
3-6 балл өмірге деген көзқарасыңыз дұрыс. Бірақ аз болса да шаршағаныңыз сезінеді. Ерте емеспе? (шаршау)
7-10 балл Болған жағдайдың бәріне теріс көзқараспен қарайсыз.
Шынымен өміріңізде жақсы жағдайлар болмаған ба?
Ойын «Жылулық»
Құрметті әріптестер әрқайсысыңыз оң жағыңыздағы досыңызға күлімдеңіз, енді сол жағыңыздағы әріптесіңізге күлімдеңіз, әріптестер әрқайсысыңыз оң жағыңыздағы досыңызды құшақтаңыз, енді сол жағыңыздағы әріптесіңізді құшақтаңыз, әріптестер әрқайсысыңыз оң жағыңыздағы досыңызды сүйіңізңіз, енді сол жағыңыздағы әріптесіңізді сүйіңіз,ол, біз,сіз бақытты отбасымыз.
«Қымбат сый» релаксация
Барысы: Жаттығу тренингке қатысушылармен жүргізіледі.
Қатысушыларды шеңбер жасап отырғызып, ыңғайлы жағдай жасаймыз
Ережесі: Қатысушылардың өздерін еркін ұстап, басты артқа қарай түсіріп, көздерін жұмып, қолдарын, аяқтарына қойғызып, еңселерін биік ұстап отыруларын сұранамыз және жүргізушінің айтқан сөздеріне ден қойып жүректерімен сезінулерін талап етеміз. Жүргізуші: «Барлығымыз бойымызды еркін ұстап, аяғымызды ыңғайлап қойып, екі қолымызды аяғымыздың үстіне қоямыз да, көзіміз жұмулы .Жайғасып отырыңыздар. Ішкі әлеміңізді сезінуге, тануға тырысыңыздар..... бірнеше ұзақ тыныс алып, жайлап шығарыңыз. Сіз далаға апаратын есікті ашасыз да, көк шалғынға тап боласыз. Жан – жағыңызға қарап, түрлі – түсті түстер мен сәулелердің жарқырағанын, көк аспанды , балғын шөпті, сәулелі күнді байқайсыз. Сіз самал желдің бетіңізге үрлегенін сезінесіз, шөп пен гүлдің иісін сезінесіз. Сізді қызықтыратын саяхатқа шығып бара жатырсыз. Сіздің барғыңыз келген жерге жету үшін көлік қажет. Көз алдымызға вокзал бекетінде тұрмын деп елестетіңіздер. Содан көздің ұшына поезд келе жатыр сіздер соған қарап тұрсыздар. Поезд келіп алдарыңызға тоқтады. Сіздер сол поездың 5- ші вагонның 5- ші купесіне кірдіңіздер. Кіріп отырып біраз ойландыңыз. Содан сол жерде үстелде тұрған ақ қағазға поезда көптен мазалап жүрген әр түрлі жағымсыз ойларыңызды бірнешеуін сол қағазға жаздыңыз. Содан сол қағазды алып төртке бүктеп сол жерде тұрған жастықтың астына қойдыңыз да, купеден шығып , поездан түстіңіз. Поезд жаймен жүре бастады. Сіз сол жерде қала бердіңіз. Поезд көздің ұшында кетіп барады. Сіздің бойыңыздағы мазалап жүрген ойларыңыз сол поездбен кетіп жатыр. Сіз енді тек қана алдыңызға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңыз ешқандай кедергісіз жүзеге асады. Асықпай көзіңізді ашып, бірнеше терең дем алып, дем шығарыңыз. Осы сезімді сезіне білгенше отыруыңызға болады. Толық сезінсеңіз көзіңізді ашып, жайғасып отыруға болады. Егер түсінбей жауап таппай отырсаңыз қайғы емес, ол сұрақ міндетті түрде шешімін табады. Қазір ішкі әлеміңіз өзіңізге мүмкіндік алады. Дәл осы сәтте тағыда рахмет айтыңыз бүгінгі ашық аспан, тыныштық үшін! Өмірге сүйіспеншілік, өмір сүруге РАХМЕТ!»
Жүйкедегі психикалық күштенуді түсіру тәсілдері
1. Релаксация – күштену- релаксация- күштену т.с.с
2. Спорттық ойындар
3. Қарама-қарсылық жаңбырлатқыш (суық-жылы.- жылы-суық душы)
4. Кір жуу
5. Ыдыс-аяқ жуу
6. Саусақпен сурет салу (бір қасық ұн, бір қасық су, бір қасық бояу)
Сия тамшысы (кляксы) Ол туралы сөйлесу.
7. Газетті мыжғылап тастау
8. Жарыс: бар күшіңді мыжылған газетке түсіріп, оны кішкентай пішін болғанша мыжғылап, алысырақ лақтыру.
9. Газетті майдалап жырту, өте майдалап, содан соң қоқыс шелекке сал
10.Газеттен өз көңіл-күйіңізді жасаңыз
11.Газеттің ортасын бояу
12.Сүйікті әніңізді қатты айтыңыз
13. Біресе жай, біресе қатты айқайлаңыз
14. Біресе жай, біресе екпінді әуенге билеңіз
15. Жанып тұрған балауыз шамға қарау
16. 10 рет терең дем ал
17. Орманға серуендеп барып, қатты айқайла
18. Тісіңізді іш жағынан тілмен санаңыз
Жүйкедегі психикалық күштенудің түсірудің бір жолы билеу. Енді барлығымыз билейміз. (би)
Кез келгенжағдайдан шығатын жол бар екенін ешқашан сетен шығармаңыз. Бір сәт оқушылардың да жандүниелеріне үңілейік... «Оқушы ол толтыратын құты емес ,жағатын алау». Енді мынадай тәжірибе жасап көрейік.Шыныда ішіне бояу қосылған су құйылған, Соны қалай тазартуға болады?, әрине, оны кранның астына су құйып отыра тазартуға болады.Міне баланың да жандүниесі осындай тазартуларды қажет етеді.бұдан шығатын қоырытынды кез-келген оқушығға шынайы назар аударып, жақсы ынта ықылас, қызығушылықпен, махаббатарыңызды бере отырып қарасаңыз, сіз де сол құрметке ие боласыз.Енді «Жердегі жұлдыздар » фильмінен үзінді тамашалауларыңызды сұранамын.
Қорытынды: біз әрқайсымыз әрбір күнімізге, әрбір сәтке риза болуымыз керек.Кез-келген адамның бойында екі сәуле пайда болдады.Ол ақ және қара сәулелер- дей келе адамзат баласының жүрегі таза, адамгершілі мол, қанағатшыл, өзгелерге қамқоршы бола білетін болса адам өз өмірінің қымбат және қоғамға қажет екенін сезінеді. Әр қайсыларыңыздың бойларыңызда үлкен махаббат , ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек және жоғары көңіл-күй болуына болуына тілектеспін. Қош сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.