.
.
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы «Баланы балабақшаға қалай дайындау керек?»
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6268 | Размер: | Автор: ТәрбиеБАЯНДАМА
«Баланы балабақшаға қалай дайындау керек?»
Психолог : Қаржаубаева М,Б
Құрық селосы
Алғашында балалар балабақшаға әртүрлі үйреніседі .Көбінесе балалар балабақшаға,жаңа жағдайда,еш дайындықсыз келеді.Олардың көпшілігі ботқа жеуге,сүт тағамдарын жеуге,яғни,өз бетінше тамақтануға бейімділмеген болады.Ал балабақшаға бейімдеудің өзімдік шарттары болады.
Күн тәртібі: Баланың жаңа ортаға қалай бейімделуі үйдегі күн тәртібіне байланысты.Баланы туғаннан белгілі бір уақытта ұйықтатып,ұйықтар алдыңда ауа тазартып,әдемі ертегі оқып беріп қалыптастыру керек.Баланың дені сау, болып өсуі үшін тамақтануды реттеу керек.Өйткені,баланың тамақтануы-оның өсіп келе жатқан ағзасының құрылыс материалы болып табылады. Сүт,ет,балық,жұмыртқа-тканьдердің негізі құраушысы,секер,кортоп-көмірсулар негізі.Ас мәзірі түрленуі тиіс.Бала тамақтанып отырғанда жан-жағына алаңдамай,сөйлемейотыруы тиіс.Балабақшаға дейін баланы емізуден шығару—бала үшін де,басқа үшін де өте маңызды. Серуен-әр күн тәртебіндегіерекше шара.Табиғатпен таныса жүріп,бала байқампаз,сақ,анды боуды үйренеді.Өзін қоршаған орта туралы алғашқы ұғымдары қалыптасады.Сәбимен сөйлесіпжүру керек:жануарлар мен өсімдіктертуралы,машиналар мен адамдар туралы,ауа-райы құбылыстарытуралы.Балаңыз балабақша ішіндегі күнтәртібені көндігі алмай қиналмасын десеңіз,бірнеше күн бұрын үйдегі іс –әрекетін балабақша тәртібіне жақындатып,баланың бойың үйретіп қоюға болады.Бірден бөтен күн тәртібің қабылдай алмайтын бала не балабақшадан безініп тұрады,не тоңмойын боп алады.Назар аударыңыз: Өз бетінше іс-әрекет ете алу мүмкіндігіне байланысты әр бала бейімделу кезінде қандай көңіл-күйде өтетініне назар аударыңыз. Балабақшаға келер алдында бала бойында қалыптасуы тиіс: -өз бетінше тамақ жеу. –түбекке отыру -киіне алу -барлық мәдени-гигиеналық қабілеттерге оң көзқарасты болуы Отбасы жағдайында керекті гигиеналық қабілеттерге үйреніп қалыптастырылса,бала да жаңа ортаға тез бейімделеді. Ол үшін ата-ана таңғы және кешкі жуынуды,киім кию ретін,дастархан басында өзін қалай ұстауды үйретуі тиіс. Оның ішінде түбекке сұрану,әжетханадан кейін қолды сабынмен жуу,астан кейін сүрткіштерді пайдалануды үйрету бәрінен де маңызды. Достық-бұл ғылым.Егер бала үйден шықпаған, яғни әке-шешеден басқа адам көрмеген болса,қарым-қатынас қалыптастыруда оған өте қиын болады.Мұндай балаға жаңа адамдармен танысу қиын болады да,ол өзгелерден алшақтап,оңаша қалғысы кеп тұрады.Ол үшін көрші-көлем,туыс-тумалардың балаларымен араласып ойнату,бір-бірімен ойыншық алмастырып ойнату керек.
Балалардың балабақшаға баруға ең қолайлы кезеңі-жаз бен көктем боп есептеледі.Ал жаңбырлы қоңыр күзге мұндай шаруаны қалдырмаған дұрыс. Қай балабақшаға баратыны анықталған соң ол жерге барып көруіңіз керек:тәрбиешілермен,басқа да қызметкерлермен,меңгерушімен танысуға құқылысыз.Тәтбиешілермен сөйлесіп,көкейіңіздегі барлық сұрақтарға жауап ала аласыз. Соның ішінде жаңадан келетін балаға қандай заттар керек, қанша уақытқа,қашан әкелетініңізді білесіз.Балаңызды балабақшаға алғаш апарған күні Сіз барлық қиындықты артқа тастағандай боласыз,бірақ балаңыздың балабақшаға бармаймын деп жылауы,әртүрлі шарттар қоюы,бақшаның немесе тәрбиешінің үстінен арыз айтуы,жаңа жағдайда,яғни балабақша жағдайына бейімделуге балаға да отбасына да уақыт керек болады.Бейімделу кезеңі жеңіл,ауыр,өте ауыр деген үш түрлі болады.Сәйкесінше ол 2-3 ай көлемінде өтуі мүмкін.Кей балада ерекше жағдайда 4-5 айға созылуы мүикін.Осындай кезде бақша қызметкерлері мен отбасы мүшелері арасында тығыз байланыс орнауы тиіс.Балаға балабақшаның қандай болатыны, ондағы күн тәртібінің қандай болатыны туралы айту керек. Өзге ортаға кірігу үшін, басқа балалармен атын сұрап танысуды үйрету керек.Баланың көзінше балабақшаны,балабақша қызметкерлерін.күн тәртібін мақтап,әңгімелеп,қызығушылығын тудыру қажет. Ал,баланың үйдегі тәртібін реттеу үшін,бақшаға апарып тастаймын,-деп қорқытуға болмайды.Керісінше,оны бұрынғыдан сирек көретіндіктен, жиірек құшағыңызға қысып,пікір алмасыңыз.Сөйтіп балабақшаны өзінің екінші үйі деп ұғынуына мүмкіндік жасау керек. Осындай қарапайым ереже –шарттарды сақтасаңыз өз балаңызды бере тұрып,ешқандай уайымдамауыңызға болады.
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
БАЯНДАМА
« Баланың өзіне деген сенімін қалай қалыптастыруға болады? »
Психолог : Қаржаубаева М,Б
Құрық селосы
Мектепке дейінгі тәрбиеде 2,5 мен 5 жас аралығындағы балалардың ойын сабақтарының жүйесі баланың комплексті психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты көру, есту, сезу,есте сақтау, едестету сияқты табиғи қабылдау сезімдерін және дене, қол қимылы мен дене қозғалысы үйлесімін дамытуға бағы тталады.
Сабақ бір топтың балаларымен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда тәрбиешінің қалауымен баланың жеке қабілетін ескеріп, топқа басқа жастағы балалар қатыстырылады. Сабақтың өткізілу уақыты 25-30 минуттан аспайды. Осы бағыттардың әрқайсысына қысқаша тоқталып көрейік. Баланың ойлау қабілеті қабылдау процесінің қалыптасуы барысында жүзеге асады. Сабақ барысында баланың заттың және оның жекелеген бөлшектерінің түр – түсін , үлкенді – кішілігін, қатты – жұмсақтығын, пішін өзгешіліктерін басқа да сипатты белгілерін әр түрлі ерекшеліктеріне қарай айыра білу қабілеті жетіледі. Ойын әрекеті кезінде бала белгілі бір затты зерттеу арқылы сол заттың өзіне тән ерекше сипатын , белгісін айыра алатын болады, сонымен бірге олардың түйсігінде жалпы адамзатқа ортақ заттардың атаулары мен қасиеттері жөнінде алғашқы ұғымдар қалыптасады.
Баланың ойлау қабілеті ойлаудың қимыл – әрекет, көзбен көру және логикалық түрлерін меңгерумен тығыз байланысты. Қимыл – әрекет арқылы ойлау – ол әр түрлі заттарды қолмен ұстап, түрлі ойыншықтармен ойнау барысында дамиды. Сондай – ақ баланың ойлау жүйесінде көзбен көру арқылы әр заттың өзіндік ерекшелігі, бір – бірімен байланысы туралы түсінік қалыптасады.Ойын барысында бала әр түрлі сызбалармен , суреттермен жұмыс істеуге үйренуі тиіс. Мектепке дайындық кезеңіне дейін баланың логикалық ойлауы жүйеге түсе бастайды, яғни біртіндеп логиканың заңдарына сәйкес сараптау, ой қорытындысын жасай білу қабілеті қалыптасады. Сабақ барысында баланың таным қабілетін дамытуды жеңілдетудің бір жолы психикалық әрекетті бағыттауға, яғни қандай да бір тапсырманы орындау кезінде зейінді,ынталы тікелей байланысты. Зейінділік . ынталылық кез келген психикалық процестен көрінеді : ойлау , сөйлеу , есте сақтау барысында.Зейіннің орнықтылығы – тұлғаның дамуының маңызды көрсеткіші. Ойындар баланың негізгі зейін қабілетін дамытуға,оны қажет жағдайда белгілі мақсатпен байланысты жинақтауға , басқа жаққа аударуға немесе бөлшектеуге жаттықтырады. Әлдебір затқа немесе құбылысқа ұзағырақ көңіл аудару зейін тоқтату арқылы жүзеге асады.Мектепке дейінгі кезеңде бала бір тапсырмамен 1 сағатқа дейін айналасуға болады. Бір әрекет түрінен екіншісіне көшу немесе ойын түрін ауыстыру арқылы зейінді басқа жаққа аударуға болады. Ал бір мезетте бірнеше затқа көңіл аудару зейінді бөлшектеумен байланысты. Мысалы көз алдындағы екі затқа (айталық, біреуі үлкен доп, екіншісі кіші доп, біріншісінің түсі қызыл, екіншісінікі – жасыл) бірден зейін аударудың нәтижесінде айырмашылығын тауып сипаттай алады. Зейінді қалыптастыру ерікті түрден мектеп алды даярлығына қарай біртіндеп
міндетті түрге ауысады. Ерікті зейін баланың сәт сайынғы қызығушылығына қарай әлсін – әлсін өзгеріп, түрленіп, жаңа заттармен , ойыншықтармен, ойындармен жаңаланып отырады. Ал міндетті тапсырмаларда онша қызықты болмаса да зейін қою талап етіледі. Ойындардың келесі тобы есте сақтауды дамытуға арналып, зейін сияқты ол да біртіндеп еріктіліктен міндеттілікке айысады. Есте сақтау қабілетін дамытуды құрғақ жаттату түрінде қалыптастыру дұрыс емес , нәтижеге жету үшін сіздің ойға алған мақсатыңызды, нені есте сақтау керек екенін баланың өзі түсінуі маңызды. Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы қалыпты ойлауда өзгешелеу.
Шығармашылық көп жағдайда баланың дүниетанымын, сезімін ір түрлі тәсілдері арқылы беру мүмкіндігін көрсете алады. Ол үшін әр затты бірнеше қырынан көре білуі керек, заттың жекелеген сипаты арқылы оюбраз жасай білу,қиял еркіндігімен бірге шығармашылық мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатқа бағыттай алуы керек. Сондай – ақ қол икемділігін дамытуға, көзбен көру арқылы әрекет үйлесімділігін қалыптастыратын, сурет салу қабілетін дамытуға арналған ойындардың маңызы зор. Көзбен бақылай отырып, қолмен түрлі пішіндерді қию, аяқталмаған суреттерді аяқтау сияқты ойындарды осы мақсатқа пайдаланудың берері көп. Баланы тек бір нәрсеге үйретіп қана қоймай, оның өзіне деген сенімін орнықтыру, өзінің идиясын, өз шешімін қорғай білу дағдысын қалыптастыруға баса мән беру керек.Бұл әсіресе шығармашылық тапсырмаларға қатысты,өйткені оларда көбінесе кесімді «дұрыс» , «дұрыс емес» деген екі қорытындының бір ғана емес бірнеше шешім болады. Баланың сынды өкпелемей қабылдап, жаңа идеялар ұсынуға икемді болуына мүмкіндік туғызу қажет. Бұл жерде де баланың табиғи болмысына тән қасиеттері маңызды.Егер ол өзіне – өзі сенімді, батыл болса,өзінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалауды бастай беруге болады.Егер ұяң, батылсыз болса, оны әуелі алдын ала көтермелей мақтап алып,содан соң оның кез келген бастамасын қолдаған жөн. Егер бала бірінші аузына түскен жауапты айта салып, дереу екінші тапсырмаға көшкісі келсе, онда оны сол тапсырмаға қатысты жаңа сұрақтармен қызықтырып, белгілі нәрсені жаңа мазмұнмен толықтыру қажет. Керісінше, ойын тапсырманы орындау барысында ұсақ – түйекке көбірек мән беруі алға қарай жылжуына кедергі келтірсе, дер кезінде артық – ауысын алып тастауға, неге көңіл аударуды, бір идеядан екіншісіне ауысуға жаттықтыру керек.Бұл әдіс әсіресе шығармашылық бағыттағы тапсырмалар үшін маңызды. Көру,есту,сезу арқылы бала заттың ішкі және сыртқы сипаттарын қабылдауды үйренеді.Ойнай жүріп ойлауға,заттардың бір – бірімен айырмашылығы мен өзара ұқсастығын,басқа да ерекшеліктерін салыстыруға, оның мағынасын сөз арқылы беруге үйренеді.Осылайша заттардың сыртқы сипаты жөнінде жалпыға ортақ ұғымдары қалыптасады.Баланың қоршаған ортамен етене араласуы оның тынымдық, эстетикалық,шығармашылық қабілеттерін жан – жақты және белсенді түрде дамытуға мүмкіндік туғызады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.