Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бейіміне қарай мамандық таңдау -

Бейіміне қарай мамандық таңдау

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2570 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп
Педагог- психолог
Сарсембетова Б.С.
Тренинг тақырыбы: Бейіміне қарай мамандық таңдау
Мақсаты: Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау Кәсіптік бағдар беру Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру
Оқушыларға мамандық таңдаудағы жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту. Мамандық әлемінен ақпарат беру. Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт –бағдар беру.
Сабақ түрі : пікірлесу сабағы .
Сабақ әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірлесу, тренинг жаттығулары
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қаламсап, сұрақтар жазылған карточка, жауап парағы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларға бір-біріне жақсы тілектер айтқыза отырып, көңіл-күйлерін ретке келтіру.
Пікірлесу кезеңі мен тренинг жаттығуларының тәртібі мен қағидалары ескертіліп , шарты мен ережесі түсіндіріледі.
1. Кіріспе.
Мамандық таңдаудың маңыздылығы.
Мамандық таңдау жас өспірім кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме , кеш пе өз өмірінде «Мен қандай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Үлкен өмірге қадам басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық , реніш сезімдері пайда болып , тіпті алдарына жоспарда құрғысы келмейді. Сондықтан , адам өзінің жеке қасиетін, өзін-өзі тануын және жетістікке жетудің бір жолы өзіңе сұрақ қойып оған жауап іздеу болып табылады.Мысалы,
1. Сабақ оқығанда ұнатамын ба?
2.Өз ісіме талдау жасай аламын ба?
3.Білгім келген нәрсені іздестіремін бе?,
4.Өзімді-өзім тани аламын ба?
6.Жетістікке жету шарттарын іздестіремін бе?.
7.Кемшіліктерім қандай?
Ең бастысы , жетістікке жетуді үйренуге болатынын біліп, алғашқы адымды аттай алу керек. Жетістікке жетуді үйренген адам одан кейін жетістіктен қол үзбейтін болады.Ол үшін бізге сенім күші қажет. Адам өзіне-өзі сенгенде ғана өмірге үлкен қадам жасай алады.
1. «Сенімділік» жаттығуы.
Шарты: Қатысушыларға ақ парақ таратылып, ортасынан екіге бөлу тапсырылады. Бір бөлігіне жақсы қасиеттерін, екінші бөлігіне жағымсыз қасиеттерін жазады. «Ал балалар бізге осының қай бөлігі өзімізге сенімді болу үшін,қажетті мамандықты таңдай алуымызға қайсысы өте қажет. Сол жағын жыртып алып өзіңе алып қал,екінші бөлікті (жағымсыз қасиеттерді) мыжып қоқыс жәшігіне саламыз»
2. Анкеталық сұрақтар.
1.Аты-жөні
. 2.Қандай мандықты таңдап жүрсің?
. 3.Ол мамандық жөнінде не білесің?
. 4.Осы мамандықты таңдаған себебің?
. 5.Бұл жөнінде кіммен ақылдастың?
. 6. Сенің таңдаған мандығыңа сұраныс көп деп ойлайсың ба?
. 7. Таңдаған мамандығыңа бейімдейтін пәндерді білесің бе?
. 8.Егер саған біреу бұл дұрыс емес басқа мамандық таңда десе кімді сен тыңдар едің?
. 9.Мамандықты игеруде қандай кедергілер болуы мүмкін?

3.«Әріпті жалғастыр» жаттығуы
Шарты: жүргізуші кез-келген мамандықты атайды келесі сқушы аталған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын мамандық атауын табу керек

4.Оқушы пікірі.
Сұрақ: Бүгінгі күннен өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

5.Қорытынды.
Бүгінгі пікірлесу сабағымызды мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңізде
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іс пен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде айтылған ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.