.
.
Тренинг тақырыбы: Біз-біргеміз, берік іргеміз. Біз-біргеміз, берік іргеміз.
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2303 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, бірін-бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және қыс мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
1-жаттығу
Амандасу жаттығуы
Қол алысып амандасу жаттығуы тек ерекше тәсілмен. Ол былай жүзеге асырылады: қатысушы екі қолымен бір уақытта амандасуы тиіс , бір қолыңды тек амандасатын қатысушыны тапқан кезде ғана жіберуге болады. Ойын үнсіз әрі тез орындалуы керек.
Жаттығудың мақсаты: Қатысушылар арасында байланыс орнату.Қол алысып амандасу –адам көңілінің кеңдігінің символдық белгісі . Жаттығу үнсіз орындалатындықтан байланыс көз арқылы жүзеге асырылады бұл ішкі жағымды байланысты нығайтады.
2- жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір-біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың , «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.
Жаттығудың мақсаты: оқушының ойлау қабілетін жақсарту және шапшаңдыққа сынау.
3-жаттығу
«Бір өтірік, бір шындық» жаттығуы
Жүру барысы: Қазір біз өзіміз бір шындық пен бір өтірік өз ойымызды айтамыз. Мысалы: Мен мұғаліммін және де менің ұшағым бар.Өз ойымызды еркін болжамсыз жеткізуіміз қажет.
Талдау: Шындық бұл біздің қазіргі іс-әрекетіміз, қазіргі біздің бейнеміз, ал өтірік бұл біздің арманымыз, өз қиялымыздың жүзеге асуын қалап жүрген ойларымыз»
Сіздің ойыңыз қалай?
4-жаттығу.
Сен өмірде қандайсың?
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.