.
.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Әдептен озбайық»
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5141 | Размер: | Автор: Нартай4540№8 орта мектеп педагог – психологі
Баймуратова Баян Бахиевна
Өзін – өзі тану және психология - 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Әдептен озбайық»
Сілтеме: 1. Әдістемелік көмекші құрал: «Өзін – өзі тану» Алматы, 2010ж (6 сынып)
2. Шакузадаұлы Н. «Әдептілік қағидалары». Алматы, 2000ж.
3. Табылдиев Ә. «Әдеп әліппесі». Алматы, 1997ж
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетіне әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы бағытталады.
Міндеті: Оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдетіп, оқушылардың этикалық қарым – қатынасын дамыту арқылы ізетті, ілтипатты сыпайы болуға тәрбиелейді.
Оқыту нәтижелері: 1. Оқушылар қарым – қатынас мәдениеті туралы түсініктері кеңейтіледі.
2. Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылар сыни тұрғыда ойлана алады.
3. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Жаттығулар:
Әңгімелесу, тренинг: «Мен қандай түсті ұнатамын?», ассоциация: «Әдеп»,мәтін: «Тістелген алма», «Әдеп», тренинг: «Жағымды сөз айту», ой қозғау,ойын: «Әдепті сөздер», диалогтік сұрақтар: «Ойланайық, пікірлесейік», топтық жұмыс: «Дәйексөз», «Мақал - мәтелдер»
Тапсырмалар:
Шағын шығарма жазу: «Жеке адамның бойындағы әдептілік»
Блум таксаномиясы Жұмыстың атауы Мазмұны
Білім Үлкен шеңберде тұрып, мұғалім оқушылармен бірге Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін бірігіп орындайды
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,
Маңдайыңнан айналдым.
Торсық шеке, тоқ шеке
Бақ болар деп ойладым.
Ашық жанар көңілің
Ақ болар деп ойладым.
Қуанышым – арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара – өзіңсің,
Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің,
Мен барымды аяман,
Ботақаным, сен үшін.
Түсіну Сұрақ қою арқылы әңгімелесу:
Топқа бөлу:
Тренинг: «Мен қандай түсті
ұнатамын?»
Топтық жұмыс: «Әдеп» (сөзіне ассоциация
жасау)
3 топқа тапсырма беріледі: «Ойланайық, пікірлесейік» 1. Бұл өлең кімге арналады?
2. Сендерді жақсы көретін адамдарға сендер қалай жауап беріп жүрсіңдер?
Тақтадағы 3 түсті стикерді әр оқушы таңдап алу арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін
Тренингі арқылы көшбасшыны анықтаймын
Оқушылар АКТ пайдаланып «Әдеп» туралы материал тауып алып ассоцация жүргізеді.
Диалогтік сұрақтар:
1. Әдеп. Әдеп сақтау
2. Әдептілік сақтау дегеніміз не?
3. Әдептілік адамның іс – әрекетінде қалай көрініс табады?
(Осы сөздер туралы түсінік алу үшін синонимдік тәсілді және антонимдік тәсілді оқушылар қолданулары қажет)
Оқушылар өз топтарында қарастырып, талқылағаннан кейін интерактивті тақтада берілген жаңа ақпараттағы анықтаманы оқып, өз болжамдарымен салыстырып талқылайды.
Мағынаны тану
Қолдану Мәтін: «Тістелген алма» (ел аузынан) Мәтін көлемі үлкен болғандықтан 3 тапқа бөліп, әр топқа сұрақтар дайындауды тапсырады. (Оқушылар мәтінді қысқаша баяндап береді және басқа топтарға сұрақтар қояды) Сұрақтар:
- Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?
- Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
- Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?
(Венн диаграммасына орналастырамыз)
Талдау
Мәтін: «Әдеп» Ы. Алтынсарин
Мәтін оқылады. Оқушылар кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, өз ой тұжырымдарын, пікірлерін айтады. Оқиғаның қорытындысын, байламын, шешімін айтады. Кез келген оқушы өз пікірін ашық айту үшін мұғалім әрбір айтылған пікірге алғыс білдіріп отыруы тиіс. Мұғалім өзгелердің де пікірін сұрап отыруы керек.
Ойын: «Әдепті сөздер»
Дәйексөз: Ж. Баласағұнидің
Адамда жақсы қасиет болмаса,
Оған бақ та, бақыт та қонбайды Мұғалім оқушылардың күнделікті сөздік қорларында әдептілікті білдіретін сөздерді көбейту мақсатында шеңберге отырғызып, допты лақтырып- қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздерді айтады.
Берілген дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтау отырып, талдау оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтуға көмектеседі
Жинақтау Тапсырма: «Әдептілік туралы мақал –
мәтелде» айту
Трениг: «Жағымды сөз айту» Оқушылар өздерінің білген мақал – мәтелдерін естеріне түсіріп немесе интернеттен қарап тез арада тауып ойларын жинақтайды.
Оқушылар шеңберге тұрып, бір – біріне жағымды сөздер айтып, ойларын жинақтайды
Бағалау Көшбасшы:
Үй тапсырмасы:
Шағын шығарма жазу: «Жеке адамның бойындағы әдептілік» Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз.
Психология - 6 сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері»
Сілтеме: 1.«Психология» Ф.Н. Гоноболин «Мектеп», Алматы – 1976ж.
2. «Жантануға кіріспе» Қ.Жарықбаев., Ө. Озғанбаев Алматы 2000ж.
3. «Игры обучение тренинг досуг» М – 1994ж. «Новая школа» В. В. Петрусинского.
4. «Психологиялық тренингтер». (Көмекші құрал). Ақтау – 2008ж.
5. Әдістемелік көмекші құрал: «Жеке адамның психологиялық даму ерекшелігі» Маңғыстау – 2010ж. Баймуратова Б.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жеке адамның психологиялық жақтарын зерттеу арқылы ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландырады.
Міндеті: Сабақ барысында диагностикалық зерттеу жұмыстары арқылы оқушыны ойлануға, салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйретеді.
Оқыту нәтижелері: 1. Оқушылар диагностикалыцқ жұмыстары арқылы зерттеу жүргізе алады
2. Зерттеу жұмысының қорытындысы арқылы жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін ажырата алады
3. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Жаттығулар:
Диагностикалық жұмыстар, дамытушылық зерттеу диагностикасы, тренинг: «Мен кіммін?», Ойын: «Менің жағымды, жағымсыз жақтарым», Тест: «экстраверт және интраверт, Трениг:«Жағымды сөз айту»
Тапсырмалар:
Үй тапсырмасы:
Зерттеу жұмысы: жеке өздеріне зерттеу жұмысын жасау арқылы, топ ахуалын анықтау
Блум
таксаномиясы Жұмыстыңатауы Мазмұны
Білім Үй тапсырмасы: Шығарма
Жұптық жұмыс: Оқушылар бір – бірінің шығармаларын тексереді
Топтық жұмыс:Ең үздік шығарманы таңдайды
Топ көшбасшысын сайлау: Үздік шығарма иесі - топ көшбасшысы
Диагностикалық жұмыс: «Сандар ұқсастығы»
Тапсырма №1: Бірінші оң қолдарыңызбен содан кейін сол қолдарыңызбен 1 ден 9-ға дейінгі сандарды жазып шығыңыздар. Жазып болғаннан кейін екі қолдарыңызбен жазған сандардың ұқсастарын табыңыздар.
Тапсырма №2: Орман суретін салу
Тапсырма №3
және зикзак
«Жеке адамның бойындағы әдептілік»
Егер де:
1 - саны бір-бірімен ұқсас болса эгоист
2 – қатал адам
3 - кекшіл
4 - талапшыл
5 – ұқсас адамдар көп
6 – ішкі жан дүниесі көркем
7 – сәнқой
8 – адамдармен тез араласып кетеді
9 – кез-келген уақытта шын көңілімен жұмыс істейді
Егер де:
1 – Ағаш көп салынса - Көпшіл ұжымда жүргенді ұнатады.Көптен жасыратын сыры жоқ.
2 – Тау салынса - алыстан болжайды
3 – Құс салынса - өзінің басқалардан биік болғанын ұнатады.
4 – Жыртқыш аң - белгісіз бір жерден қауіп күтеді
5 – Жыртқыш емес аң - сұлулыққа ұмтылады, ұрыс-керісті ұната бермейді.
6 – Су - көңілдің тазалығы
7 – Жеміс ағаштары - отбасылық тыныштықты қалайды
8 – Күн - мейірімділік, шуақтылық
9 – Бұлт - өзіндік үрейлену, депрессия
Шаршы:Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
Өмірде ұстанатын қағидаларды қатаң ұстап, аналитакалық жағынан ойлай біледі. Қандай жағдай болмасын, фактілерге сүйенеді. Ол салқын қанды, үнемшіл, тұрақты шешім қабылдыйтын жан. Оған тән қасиеттері: ұқыптылық, тазалық, нақтылық. Кәсіби білімі жоғары, еңбекқор және әлсіз саясаткер.
Достары, таныстары көп.
Үшбұрыш: Жетекші болуға бейім. Билікке ұмтылушылығы
және атаққұмарлық қасиеті де жоқ емес. Әрбір әрекетін жеңіске ғана бағытталуы тиіс деп ойлайды. Мәселенің түпкі себебін анықтауды әдетке айналдырған. Өзіне сенімді, шешім қабылдай білетін, қызба, мықты, тәуекелшіл, жұмысқа қабілеттілігі жоғары. Бірақ, шыдамсыздықтың арқасында өз ісіне кедергі келтіріп жатады. Дегенмен де керемет саясаткер. Өте алғыр адам. Араласатын адамдары өте көп болғанымен достары аз.
Дөңгелек: Адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі жоғары. Өзгелерге қамқорлық жасауға,
жанашырлық танытуға, жомарттық көрсетуге
дайын. Байсалдылықпен ойға берілгіштік қасиеті тән. Бірақ өзін-өзі кінәлауға дайын тұратындығы бар. Интуициясы жақсы дамыған. Сөзшең айтқанына көндіргіш, сендіргіш адам. Өткендерді аңсайтын, ойлайтын кезеңдері бар. Қоғамдық жұмысқа бейім. Күн тәртібі керемет жасалған. Достары көп.
Тіктөртбұрыш: Құбылмалы, тиянақсыз, белгісіздік, тынымсыздық осы сияқты жағдайлар. Мұны таңдаған адамның бойында өтіп жатқан өзгерістер. Бұл белгіні көбінесе адам қатты жүдеп шаршағанда, басына қайғы түскенде немесе тағы басқа жағдайларда таңдауы мүмкін. Өйткені дәл осындай кезде адам сенбейді, өзін-өзі төмен бағалайды. Өзіне сенбейді, өзгелерге сенгіш. Олардың көңіл-күйі тез, әрі бірден өзгереді. Бірақ ешқашан ұрысқа жеткізбейді. Барлығын тізбектей келе бұл адамдарға көмектесетін батырлығы мен құмарлық қасиеттерін атап өтуге болады.
Зикзак: Құбылмалы, тиянақсыз, белгісіздік, тынымсыздық осы сияқты жағдайлар. Мұны таңдаған адамның бойында өтіп жатқан өзгерістер. Бұл белгіні көбінесе адам қатты жүдеп шаршағанда, басына қайғы түскенде немесе тағы басқа жағдайларда таңдауы мүмкін. Өйткені дәл осындай кезде адам сенбейді, өзін-өзі төмен бағалайды. Өзіне сенбейді, өзгелерге сенгіш. Олардың көңіл-күйі тез, әрі бірден өзгереді. Бірақ ешқашан ұрысқа жеткізбейді. Барлығын
тізбектей келе бұл адамдарға көмектесетін батырлығы мен құмарлық қасиеттерін атап өтуге болады.
Түсіну Сұрақ қою арқылы : Тақырып және мақсат анықталады:
Дамытушылық зерттеу диагностикасы:
1. Оперативтік есте сақтау
2. Логикалық ойлау
3. Ойлау қабілетінің ерекшелігін анықтау
Мақсаты: есте сақтаудың көлемін, тұрақтылығын және нәтижелілігін анықтау.
Нұсқау: Сіздерге рядтағы сандар оқылады. Сіздер әр санды келесі тұрған санмен қосып, оның қосындыларын жазуларыңыз керек.
Мысалы: 4, 5, 2, жауабы – 9, 7
6, 2, 5, 3 жауабы – 8, 7, 8
Тапсырма: «Жапан даладағы апат»
Мақсаты: Логикалық ойлауды дамыту.
1. Аңшылар пышағы
2. Жауын плащі
3. Қызыл түсті парашют
4. 0,5 литр арақ
5. Бір литр су
6. Айна
7.Жеуге келетін, келмейтін заттар-
ды анықтайтын сұйықтық.
8. Жеңіл пальто
9. Бір пачка тұз
10. Компас
Тапсырма: «Көпірді құрастыру»
Мақсаты: Ойлау қабілетінің ерекшелігін анықтау
Нұсқау: Қояндар мен үйректердің бастарының саны – 17. Аяқтарының саны – 44.
Сұрақ: Қояндар мен үйректердің санын анықта.
Талдау
Тренинг: «Мен кіммін?»
Жұптық және топтық жұмыс:
Ойын: «Менің жағымды, жағымсыз жақтарым» Оқушылар мен кіммін деген сұраққа 10 минут ішінде оперативті түрде жауап жазу керек
Оқушылар жүргізілген диагностикалық жұмыстың нәтижесі бойынша өздеріне дос таңдап, оған сипаттама береді. Содан соң оны топқа ұсынады. Топ оқушылары жалпы сипаттама беріп толықтырады.
Нәтижесінде досының психологиялық ерекшеліктерін анықтайды
Тест: «экстраверт жәнеинтраверт» Оқушылар тестік жұмыс орындайды
Жинақтау
Бағалау Интерпритация :
Трениг: «Жағымды сөз айту» Жүргізілген диагностикалық жұмыстарға талдау жасалып, өздеріне психологиялық сурет жасайды
Көшбасшы:
Үй тапсырмасы:
Зерттеу жұмысы: жеке өздеріне зерттеу жұмысын жасау арқылы, топ ахуалын анықтау Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз
Сабақтың тақырыбы: «Ұжым ахуалы және жеке адам»
Сілтеме: 1.«Психология» Ф.Н. Гоноболин «Мектеп», Алматы – 1976ж.
2. «Жантануға кіріспе» Қ.Жарықбаев., Ө. Озғанбаев Алматы 2000ж.
3. «Игры обучение тренинг досуг» М – 1994ж. «Новая школа» В. В. Петрусинского.
4. «Психологиялық тренингтер». (Көмекші құрал). Ақтау – 2008ж.
5. Басқару өнері. Тәжірибелік құрал. – Фин баспасөзі 1998 жыл.
6. Әдістемелік көмекші құрал: «Жеке адамның психологиялық даму ерекшелігі» Маңғыстау – 2010ж. Баймуратова Б.
Сабақтың мақсаты: Ұжым ахуалын зерттеу арқылы жеке адамның ролін көрсетеді
Міндеті: Жеке адамның психологиялық даму ерекшеліктеріне әсер етуші факторларды анықтайды.
Ұжымдағы қарым – қатынас ерекшеліктерін түсінеді
Оқыту нәтижелері: 4. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріне әсер етуші факторларды анықтай алады
5. Зерттеу жұмысының қорытындысы арқылы ұжымдағы жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін ажырата алады
6. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Жаттығулар:
Сұрақ қою арқылы әңгімелесу, ассоциация:«Ұжым»,Ситуация: «Кіші топ және үлкен топ», Топтық жұмыс: «Ұжым ережесі», «Ұжым талаптары», «Кедергілер»,Диагностикалық жұмыс:«Социометриялық әдіс»Презентация: «Жеке адамға әсер етуші факторлар»Тренинг: «Жемістер»
Тапсырмалар:
Зерттеу жұмысы: жанұя ахуалына диагностика жасау
Блумтаксаномиясы Жұмыстыңатауы Мазмұны
Білім Үй тапсырмасы: Жеке өздеріне зерттеу жұмысын жасау арқылы, топ ахуалын анықтау
Сұрақ қою арқылы әңгімелесу:
Топ көшбасшысын сайлау:
Тапсырма: «Өзімнің сыныбыма деген көзқарасым»
Түсіну Ассоциация: «Ұжым»
Ситуация: «Кіші топ және үлкен топ»
Топтық жұмыс:«Ұжым ережесі», «Ұжым талаптары», «Кедергілер» Оқушылар: «Ұжым» сөзіне ассоциация жүргізу арқылы өз ойларын білдіреді.
Сынып ішіндегі мәселе талқыланады. (Оқушылардың ұсыныстары бойынша)
Үш топтың ортасына тақырыптарды тастау арқылы топтық жұмыс жүргізіліп, презентация жүргізіледі
Мағынаны тану
Қолдану Диагностикалық жұмыс: «Социометриялық әдіс» Берілісі:
1. Егер әрқайсысында төрт адамнан болатын оқу тобын құрастыру қажет болса, өз тобыңыздан кімді көргіңіз келеді ?
2. Егер түскі асқа өзіңізбен бірге төрт оқушыны таңдап алу қажет болса, тобыңыздан кімді көргіңіз келген болар еді?
3. Егер сыныпқа жаңадан келген болсаңыз, бейімделуіңізге көмектесу үшін қандай үш оқушыны таңдар едің?
Критерилері:
- Егер теріс дауыс (минус) көп болса, сынып жетекшісіне ескерту жасаймыз. Себебі ол – жағымсыз, ұнамсыз (антипатия) адам;
- 4 немесе одан да көп дауыс жиналса – онда ол лидер;
- 2-3 дауыс болса – белсенді;
- 1 дауыс топқа қабылданбағандар;
- Егер 0 дауыс болса - оқшауланған;
- 2(-1) қатар келсе – келіспеушілігі бар адам.
Талдау
Презентация: «Жеке адамға әсер етуші факторлар»
Оқушылар арасында топтық жұмыс ұйымдастырылады, презентация жүргізіледі.
1. Жеке адамның дамуына әсер теуші факторларды атайды.
2. Себебін дәлелдейді.
3. Ұжыммен байланыстырады.
Жинақтау Тренинг: «Жемістер» Мақсаты: Ұжымдық қарым – қатынасты ұйымдастырудағы әр бір оқушының іс –әрекетін зерттеу
Бағалау Көшбасшы:
Үй тапсырмасы:
Слайд: «Ұжым және мен»
(әдеп және имиджге байланысты) Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз
Рефлективтік есеп
6 – шы сыныптар үшін: 07.05.2012ж - «Әдептен озбайық», 10.05.2012ж - «Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері»,14.05.2012ж - «Ұжым ахуалы және жеке адам»тақырыптарында орта мерзімді сабақтар ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетіне әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы бағытталады, жеке адамның психологиялық жақтарын зерттеу арқылы ерекшеліктерін ажыратуға дағдыланады және ұжым ахуалын зерттеу арқылы жеке адамның ролін түсініп көрсете алады. Нәтижесінде оқушылар қарым – қатынас мәдениеті туралы түсініктері кеңейтіледі, диагностикалық жұмыстары арқылы зерттеу жүргізе алады және жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін ажырата алады, диалогтік сұрақтар арқылы оқушылар сыни тұрғыда ойлана алады, салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Жалпы 6 – шы сыныптар үшін ұйымдастырылған орта мерзімді сабақтарымда 7 модульдің әдістерін мен толығымен қолдана алдым. 7 модульді қолдану арқылы мен диалогтік тапсырмалар, тренингтер, ой қозғау, мәтінмен жұмыс, ойындар, диагностикалық тренингтер және логикалық тапсырмалар арқылы топтық жұмыстар жүргіздім. «Әдептен озбайық» сабағын ұйымдастыру кезінде білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдері модулінің диалогтік әдістері арқылы сұрақ – жауап жүргіздім. Әңгімелесу кезінде өздеріне сыни көзқараста қарай отырып, өз - өздері туралы түсініктер беріп кетті. Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылардың сабаққа зейінін шоғырландырдым. «Мен қандай түсті ұнатамын?» тренингін ұйымдастыра отырып, оқушылардың түсті таңдауларына қарай топтарға бөліп және көшбасшыны анықтадық. Бұл тренинг оқушыларды топтарға бөлуге және көшбасшыны анықтауға жақсы септігін тигізді. «Әдеп» сөзіне ассоциация жүргізу кезінде тақырыпты нақтылап, алдымызға мақсаттар қойдық. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы, қандай мақсаттарды жүзеге асыратындықтары туралы түсінік алды. Сабақ барысында оқушыларға «Тістелген алма» мәтіні берілді. Мақсаты оқушыларды мәтін арқылы әдеп негіздері, әдептің өмірдегі қолданысы туралы жан – жақты түсінік алды.
Топтық жұмыс диалогтік және логикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар сыни ойлау арқылы өз ой пікірлерін дәлелдеп өздерін жан – жақты көрсете алды. Менің байқағаным оқушылар логикалық тапсырмаларды сыни тұрғыда ойлау арқылы өте жылдам, әрі құнды пікір айтады. Себебі оқушылар сынып жетекшісінің айтуы бойынша логикалық тапсырмаларды орындауға қалыптасқан. Мысалы сыныпта топқа қабылданған Зарина есімді қарапайым оқушым топтың қабылдаған жауабына қосымша басқа дұрыс жауабын да ұсынып және айналасындағыларды таң қалдырып отырды. Жаңа тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жас ерекшелік қасиеттері ерекше орын алды. Себебі белсенді оқушылар ойларының жүйріктігін көрсете отырып ересектерше құнды мағлұматтар бере білді. Диалогтік сұрақтар берілген кезде ешқандай қиындықсыз оқушылар кең көлемде түсінік алып нақты жауаптар бере білді. Мысалы Абылай есімді оқушым «Әдеп» халық аузынан шыққан мәтінде оқушы кейіпкердің іс - әрекетін сипаттай келе өзінің пікірін қосымша басқа аңыз әңгімеден естігенін қосып қорытындылады. Абылайдың баяндауы сынып оқушыларына қатты ұнады. АКТ – ны қолдану кезінде ұйымшылдықпен, ынтымақтастығын жүзеге асырды. Тақырыпқа байланысты тапсырманы ғаламтор арқылы сайттан іздеген кезде құнды пікірлер тауып қызығушылықпен жұмыс жасады. Сынып оқушылары АКТ-мен жұмыс жасауды жоғары деңгейде қалыптастырған. Ал тақырыпқа қажетті материалдарды тауып, оны сыни тұрғыда ойлау арқылы презентациялық қорғау жұмыстарын үлкен белсенділікпен орындай алды.
«Жағымды сөз айту» тренингі ұйымдастырылған кезде, оқушылар көршілеріне жағымды сөз айта отырып ынтымақсатықта жұмыс жасауды қалыптастырып отырды. «Әдепті сөздер» ой толғау тапсырмасы жүргізген кезде сыни ойлай отырып, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар АКТ – ны қолдана отырып, тіпті орыс тіліндегі сөздерді де алып аударма жасау арқылы тапсырманы шапшаң орындай алды. Диалогтік сұрақтар қолдану арқылы «Ойланайық, пікірлесейік» тапсырмалары арқылы сыни ойлай отырып, айтқан пікірлері бойынша когнитивті қабілеттерін көрсету кезінде жас ерекшелік деңгейлері көрініп отырды.
Сынып ішінде 22 оқушы болса, оннан астамы дарынды оқушы ерекшеліктерін көрсетіп отырды. Ол бір жағынан жұптық және топтық жұмыс кезінде ерекше көзге түсіп, сабақтың тартымды әрі қызықты өтуіне көмектесті. Оқушылар көбірек қызықты тапсырмалар орындағандарын қалады. Тіпті сабақтан тыс уақытта да үйлеріне тапсырмалар алып кетіп орындап отырды. Мен бұл жерден оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға деген құлшыныстарын байқадым. Ал көшбасшылық міндетін әр оқушы ешқандай қиындықсыз орындай алды. Өз тобынан белсенділік көрсеткен оқушыларға қысқаша сипаттама жазып, ерекше критерилер бойынша бағалады. Формативтік бағалау кезінде көшбасшының қолындағы жазған сипатамаларын оқып салыстырып берген нақты бағаларына оқушылар ешқандай келіспеушілік көрсетпей, қайта кемшіліктерін келесі сабақта түзетуге тырысып жұмыстанып отырды. Бағалау кезінде әрбір тапсырмаларға қойылған критерилер көшбасшының оқушыларды нақты бағалауына септігін тигізді. Сабақ барысында диалогтік сұрақтар, топтық жұмыс: диагностикалық жұмыс тапсырмаларында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 7 модульдің тиімді әдіс – тәсілдерін қолдана алдым. Осы тақырып бойынша жұмыстар жүргізгенде менің байқағаным оқушылар арасында өзін – өзі басқару қабілеттері көрініп, сабақ қызықты, жеңіл және тартымды болып өтті. Сабақты Ернар есімді дарынды оқушым сыни ойлау арқылы тапсырмаларды орындаумен қатар топтық жұмыстарды ынтымақтастықта ұйымдастыруды өте жақсы қалыптастырды.
Бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды сынып оқушыларына қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Мысалы мен оқытудың қиындықтарын анықтау үшін сынып ахуалындағы проблемаларды анықтау кезінде диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Тәжірибелік сабақтарымда диагностикалық зерттеу жұмысымның қорытындысын негізге ала отырып, сабақ барысында түзету және бағалау үшін диалогтік сұрақтар арқылы жұмыстар жүргіздім. Ең алғашқы кезде қиындықтар көрініп отырды. Себебі сабақтың қолдану, талқылау кезеңінде оқушылар тақырыптан ауытқып кетіп отырды. Ал жинақтау кезеңінде қайта қарастырып талқылауға тура келді. Осы қиындықтарды ескеру барысында сұрақ - жауапты нақтылап қою арқылы бағыт беріп отырдым. Сабақ барысында оқушылар өздерінің жауаптары арқылы жиі пікірталасқа түсіп, өздерінің жауаптарына қарай белгілі бір мәселені дәлелдеуге тырысып отырды. Оқушылар өз ойларын үздіксіз сабаққа деген қызығушылықтарын пікірталас арқылы көрсетіп, формативтік түрде бағалады. Көзқарастары нақты мақсатта не жауапты естімей қалған оқушыларға қайталатып және өз ойларын толықтыру мақсатында жұмысқа тарта білдім. Басында оқушылар бір – бірін формативті бағалау кезінде «өте жақсы» деп әділ бағаламай отырды. Диалогтік сұрақтың дұрыс қойылуы арқылы оқушымен бірге критерийлерді талдап, оқушылардың берген жауаптарының белгілі бір бөлігін салыстырып, нақтылау үшін кеңінен қолданылды. Нақты критерилер арқылы бағалау жүзеге асты. Сол кезде ғана оқушылар өз жауаптарын реттеп нақтылай білді. Кезекті пікірталастарда енгізуге болатындай етіп жауапты нақтылап отырдым. Себебі оқушылардың даму ерекшеліктерінде қабілеттерін ашу үшін септігі тиді. Жауапты, талқылаудың кезекті бөлігін негізге ала отырып, тікелей немесе жанама түрде мадақтадым. Сондықтан да оқушылар сабаққа ынталанып отырды. Егер де көңілге қонымсыз жауаптар және пікірлер болса, оны қате деп қабылдап немесе дұрыс емес деп айтылған жоқ. Бұндай жағдайда қатесін тыңдап, қасындағы оқушылардың назарларына ұсынып, сыни ойлау нәтижесінде диалогтік сұрақтар арқылы бағыт – бағдар беріп отырдым. Сынып оқушыларының жауаптары үшін уақыттың жеткілікті болуын қамтамасыз еттім. Әрбір оқушыға қойылған сұрақтардан алынған жауаптарға деген уақытта шыдамдылықпен және сабырлылық білдірдім. Сабақтың соңында оқушылар сыныптасын және өзін – өзі бағалау нәтижесінде кері байланыс орнатылып критери бойынша бағалады. Жалпы осы 7 модуль әдістері сабағымда алдыма қойған мақсатыма жету үшін көп септігін тигізді. Соңында «Экстраверт және интерверт» тақырыбында тестік жұмыстары арқылы тақырыптарда айтылған мәселелер жинақталып кері байланыс жүргізілді. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулі негізінде сабақтың оқушылар ойынан шыққанын, осындай сабақтардың жиі ұйымдастырылып тұруын қалайтындықтарын көрсетті. Топ көшбасшылары форматифтік бағалау жүргізген кезде, әр сабақта оқушыларда өзгерістердің бар екенін байқадым.
Негізі бірінші тақырып бойынша жүргізілген сабағымда бағалау критерилері, рефлексия және тапсырмалардың шамадан тыс көп болып кетіп, уақытқа сыйғыза алмағандығым жағынан қиындықтар туындады.Келесі сабақтарымда ол қиындықтарды өзіммен бірге оқыған әріптестеріммен бірге жеңе білдім. Барлық 7 модуль психология сабағына өте тиімді. Әсіресе 7 модульдің ішіндегі білім беру мен оқытудағы жаңа тәсіл модулі психологиялық тапсырмаларды ұйымдастыру үшін ролі ерекше.
Жалпы сабақ барысында сыни тұрғыда ойлау арқылы орындалған тапсырмалар сабақта өте жақсы орындалды. Сондықтан да мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттеріне сүйене аламын. Мен енді келешекте оқушылардың когнитивті даму қабілеттерін жас ерекшеліктеріне қарай дамытуды қолға аламын деп ойлаймын
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.