Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Эссе

Адамда арман таусыла ма.... Әсіресе бала кезгі арман қандай еді?! Мен де арман атты арғымаққа бала кезімде талай міне шапқанмын. Бала кезгі үлкен арманым- мұғалім болу еді. Мектепті аяқтап, оқу орнына түскесін арманыма қол жеткізетініме сендім. Тек мұғалім емес, баланың жан дүниесіне терең бойлайтын психолог боламын деп шештім. Оқу орнын аяқтап, мамандығым бойынша еңбекке араластым. Бала жаны... Түсіне білген адамға бала жаны өте нәзік. Бала жаны сезімтал. Сол нәзік те сезімтал жанды түсіне білу керек. Бастапқы кезде жүрексіндім, бірақ менің мақсатым- бала жанына терең бойлау.
«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла / Абай/ Әрбір тұлға - жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.
Қазақта «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды.
Қазақта жан ғылымын ерте меңгерген. Оған халықтың даналық сөздеріндегі ойлары дәлел болмақ. Мысалы «Ауруын жасырған ауырмай өледі», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей» деген мақал – мәтелдер айғақ.
Сондықтан әрбір оқушы бала кезден досын, ұжым мүшелерін, өзі өмір сүрген ортадағы адамдарды құрметтеп үйренуі қажет. Бүгінгі отбасындағы әр бала тәрбиесі өте күрделі. Себебі, ата – ана көзінің ағы мен қарасындай балаларын өзімшілдікке бейімдеп тәрбиелеуде. Ал бала – қоғам мүшесі. Қоғам мүшесі ешқашан жеке болмауы тиіс.
Бала жанының бағбаны болып оны түсіну үшін өз жанымыз тазалық пен адалдыққа толы болу керек. Бала дөрекі сөз бен айқай мінезден шошиды. Бір шошынған бала жаны қайта ол адамға жібімеуі мүмкін, әсіресе ,мұғалімге. Колледж психологы бола жүріп талай тағдырмен ,талай бала мінезімен бетпе-бет келдім. Сонда түйген ойым, әр баланың жүрек түкпірінде бір ашылуы қиын түйін болады екен. Сол түйіннің кілтін таба білсең балада саған деген ерекше ықылас пен сыйластық орнайды. Тек сол түйінді аша білу үшін психолог маманға үлкен жүрек керек. Міне, мен өзімді сол жүректің иесімін деп ойлаймын.
Ертең жұмыс күні... Менің студенттерім қандай көңілмен келеді? Таңертең оларға қандай көңіл күй сыйласам екен? Олар менің алдымнан мына өмірдің бар қиындығын ұмытып, ата-ана мен достарына асыға жетуге асықса екен. Міне бар мұғалім мен психолог осылай ойласа, біз бүгінгі бала, ертеңгі азаматты өмірді сүйе білуге үйретеміз.

Құлсары гуманитарлық - техникалық колледж

Мен және менің мамандығым

Абдулова Гульзаря Марксовна
2015 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.