.
.
Тренингтің тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы»
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2317 | Размер: | Автор: ТәрбиеТренингтің мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Тренингтің жүрісі: Тренингтің ережесімен таныстыру
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Ойын ашық айту
Бір – бірін сынамау
Ынтымақтылық
1.«Танысу» тренингі.
Тренингке қатысушы басқа қатысушылармен амандасады және өзінің есімі мен бойындағы үш жағымды қасиетін айтады. Мысалы: Сәлеметсіздер ме! Менің есімім: Асылзат. Жағымды қасиетім: сабырлы, мейірімді, бауырмал. Уақыты: 3 минут.
2. Сергіту сәті
Өздеріңізде мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындығы белгілі. Сондықтан біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық. Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен
«А» дауысын айтыңыз- ол сіздің бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е» қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И» миыңызға, көзіңізгеғ құлағыңызға әсер етеді.
«О» жүрегіңізбен, өкпеңізге әсер етеді
«У» қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х» денеңіздің тазаруына
«Ха» көңіл-күйіңіздің көтерілуіне әсер етеді
3. «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуы
Қазіргі қоғамда оқушы мен мұғалім қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр Төменде Американдық психотерапевт Вирджиния Сатирдің мұғалімдер типологиясын анықтау арқылы мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жақсартуға араналған психологиялық жаттығу берілген. Жаттығудың мақсаты:
- өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
- ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету;
- ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
- өзінің не өзгенің даралығын дамыту.
Жүру барысы: алдарыңыздағы ақ параққа аты-жөндеріңізді жазыңыз және төменде берілген 4 жауаптың біреуін таңдап жазып қоясыздар.
1. Мұғалім-басшы
2. Мұғалім- компьютер
3. Мұғалім- қиналушы
4. Мұғалім- таныс дос
Қорытындысы:
1. Мұғалім басшы.
Оның «беделі»-билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рахымсыз, қатыгез адамға) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол-оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі мұғалім». Ол өзінің осы «білімін» өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез-келген сұраққа жауап беру керек деп санайды.
Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығы.
2. Мұғалім- компьютер.
Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түмі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды. «Бәрімізге белгілі», «Мынадай ой бар...», «Барлығы біледі...» Ол өте суық, қатал, жабық адам.
Нәтижесі: оқушының өз-өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы «әсіресе пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті пәнді жек көрушілік пайда болады
3. Мұғалім- қиналушы. Оның беделі қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да, қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен де бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының міселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.
Нәтижесі: оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді.
4. Мұғалім- таныс дос
Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардан ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас әрқашан барлығын кешіре алады. Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді.
Нәтижесі: оқушыда жауапкершілік сезімі жоқтығы.
4.Ситуациялық жағдаяттар беріледі. Бұл жағдайларды мұғалімдер шешіп, оны іс жүзінде көрсетуі керек.
1-жағдаят:Болашақта журналист болғысы келетін оқушы физика сабағында «Бұл пән менің болашақ мамандығыма қажеті жоқ» деп кітап , дәптерін сөмкесіне жинастырып қойды.
Сіздің әрекетіңіз...
2-жағдаят: Математика сабағында күрделі есепті Алмас ұялы телефоны арқылы мұғалімнен жасырын берілген есептерді шығарып отырды. Оны бастапқыда байқамаған мұғалім оның белсенділігіне таң қалды. Бір кезде мұғалім сезіктеніп, оның есепті өзі емес ұялы телефон арқылы шығарып отырғанын байқайды.Сіздің әрекетіңіз...
5. «Құрмет көрсету грамотасы» психологиялық жаттығу
Мақсаты: оқушы тәрбиесін жақсы жолға қоюды сынып жетекшісінің ой-пікірін анықтау.
Жүру барысы: қазір мен сіздерге 10 сұрақ қоямын. «Иә» деп жауап бергендеріңіз орындарыңыздан тұрыңыздар. Отырып қалған мұғалімдер орындарыңызда қол соғып қошеметтеп отырасыздар
Пікір:
- Жоспарға сәйкес барлық іс-шараларды өткізіп жүремін
- Оқушыға да, мұғалімге де бірдей форма кию керек
- Сыныбымда жаман әдетке әуес оқушылар бар
- Сыныбымда қиындық келтіретін оқушылар бар
- Мектептегі үйірмелерге қызығушылық жоқ
- Үнемі сабаққа кешігіп келетін оқушы бар сыныбымда
- Қосымша сабаққа келмейтін оқушылар бар
- Сыныбымның сабағына жиі қатысамын
- Оқушылардың ата-анасы сабаққа қатысады
- Сыныпта оқушылардың ата-анасымен үнемі тығыз байланыста боламын.
6.Кеңес
1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен кір
2.Алдымен үйрет, сосын талап ет
3.Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол
4.Балаларға берген уәдеңе берік бол
5.Әрқашан сабырлы, шыдамды бол
6.Оқушының құпиясын сақтай біл
7.Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе
8.Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбе
9.Оқушыға сенім арт
10.Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман айтпа
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.