Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Мен елімнің ертеңімін » тренинг -

« Мен елімнің ертеңімін » тренинг

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2286 | Размер: | Автор: гость
. « Мен елімнің ертеңімін » тренингі
Сыныбы: 4

Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту.
Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы
білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: коммуникативтік қабілеттерін дамыту, психикалық процестер
туралы түсініктер ( киял, ақыл, ойлау, ес, зейін, сана ) беру,
ой-өрісін кеңейту.Икемділік пен шеберлікке дамыту.
Тәрбиелік: балалардың моральдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Ереже:
1.Балаларға пайдалы нәрселерді беру;
2. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болу;
3. Балаларды өздерін еркін ұстауға үйрету;
4. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету.
5. Белсенділік таныту.
6. Көңілді болу.

1. Танысу жаттығу: Әркім өз есімдерінің алдына сын есім қойып
айтады. Хоббиіңізді айту.
2. «Көңіл – күй суреті » атты жаттығу

Қызыл гүл – керемет, сары гүл – жарқын


Балалар! Сіздер көктемнің жайма шуақ күнінде жайқалып өскен жауқазын сияқтысыңдар. Ендеше осы гүлдің сабағына әрқайсыларыңның аттарынды және жапыраққа өз көңіл – күйлеріңді жазып, мына жерге құмыраға саламыз.

Талдау: Балалар көңіл – күйлерің қандай?
Сендерде толқу, ұялу, қорқу сезімдері болды ма?
Жарайсыңдар, ендеше ары қарай жалғастырамыз.

3. «Дарындылық » мини лекция
Дарындылық дегеніміз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіру, шыңдай түсу. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, дарындылық, шығармашылық қабілет.

Мысалы: Балалар «Алты жасар Алпамыс» киносын бірге елестетіп көрейікші.

Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару.
Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады
1977 жылы Рига қаласында өткен Бүкілодақтық кинофествиальде «Алты жасар Алпамыс» фильмі бас жүлдені жеңіп алды.

Балалар осы жерде бір аңыз есіме түсіп тұрғаны, соны тыңдайық.
Бірде жас жігіт пен бойжеткен өздері дарынды болуы үшін түрлі қасиет сататын базарға барып өздеріне керек қасиетін алғысы келеді. Бірақ ол жерде есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, шығармашылық сияқты қасиеттерді көріп, қайсысын аларын білмей дал болады. О кезде бір қария келіп жігіт пен бойжеткенге « Сендер дарынды болам десеңдер, бір ғана қабілетті таңдап алыңдар, бірақ жоғарыда айтылған қасиеттердің бәрі сол қабілеттен табылатын болсын» дейді. Бойжеткен мен жігіт қарияның ақылымен шығармашылық қабілетті алады. Шығармашылық қабілеттің ішінде есте сақтау да, ойлау да, сөйлеу де, бейнелеу де, қиялдау да, елестету де болады екен.Шығармашылық қабілеттің арқасында жас жігіт пен бойжеткен дарынды жас ұрпақ болады.

Талдау: Аңыз өте қызық па? Алпамыстың досы неге оқи алмайды ? Оқи алмайтын бала болу мүмкін бе?

4. Бәйтерекке саяхат.
Дарынды бала болу үшін не істеу қажет?
Әр балаға парақтар таратылады, сол параққа әр бала өзінің оң қолының суретін салып, алақанына жауаптар жазады. (еңбектену, ерінбеу, ақылды, терең ойлау, мұқият тыңдау, мақсат қою, көп оқу, елестету, бейнелеу)Бір бірлеп сөздерді оқып, бүктеп бәтерекке салады.

5. Сергіту. « Суретші »
Оқушылар бірінің артына бірі тұрып, арқаларына саусақпен суреттер салады. Әрқайсысы өздері сурет сала отырып, артындағы адамның қандай сурет салып жатқанын біліп, айтулары керек.

Сұрақ: Сурет салғанда қандай сезімде болдыңыз?
Қандай сурет салып жатқанын бірден байқай алдыңыз ба?


6. « Жылдам болсаң, тауып көр »
Нұсқау: Небәрі 1 минут қана көріп, қандай сурет қай жерде тұрғанын параққа салу керек. ( күн, , гүл, бала, қыз, қоян, кітап, мысық)



Талдау: балалар есте сақтау қиын болды ма? Кімге қиын болды?

7. Поэзия минуттары: Тірек сөз.
Тәуелсіздік, қуаныш, жайна, күн, халық.

Талдау: Өлең шығару қиын болды ма? Өлең шығарарда қандай сезімде болдыңдар?
Егер ақын болсаңдар өлеңдерді қандай тақырыпқа арнайтын едіңдер?

8.Релаксация: «Гүлдер». (әуен ойнап тұрады )
Жайлап тұрамыз.2-3 рет демімізді шығарамыз.Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әрбірің шығармашылыққа, дарындылыққа, таланттылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады.(қолдарын жан-жаққа шайқайды).
Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды.Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады.(қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады).Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). « Мен бақытты боламын » дейді.

Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады ? Ол гүл біреу ме?

9. Жарайсың! Жаттығуы.
Балалар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап, сенің қандай жетістігің бар дейді. Ол бала жетістігін айтады. Жарайсың ... деп қолынан жоғары көтереді. Екінші бала ... ары қарай жалғастыра береді.

10. Ипульс өткізу.
Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды.(3рет)

Нұсқау: Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз. Орта бізге ыңғайлы.
Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.