Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Мен үлгілі ата-анамын» -

«Мен үлгілі ата-анамын»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1849 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Бекітемін» Мектеп директоры -------------------- Ұ.Әбдразахов

«№122 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің өмірге құштарлыққа бағытталған ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында
балалармен бірігіп ата-аналар арасында «Мен үлгілі ата-анамын» байқауының сценарийі
Өтілетін орны: Мәжіліс залы Уақыты: 15.00
Жүргізушілер: Замира Алиева, Айғаным Торыбаева
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!
2 жүргізуші: Мектеп-біздің панамыз,Одан білім аламыз. Ұстаздар жол көрсетсе,Биіктейді санамыз.-деп білім алып отырған білім ордамызға қош келіпсездер!
1 жүргізуші: Айғаным,барлық туыстық атауларға негіз болатын ұрпағының жақсы азамат болып өсуін тілейтін кімдер?
2 жүргізуші: Әрине бұл-әр адамның ата-анасы!
1жүргізуші: Олай болатын болса бүгінгі байқауымыздың бағдарламасы ағайын-туысты тануға,сыйлауға үйрететін,тәрбиелейтін ата-аналарымызға арналады.
2 жүргізуші: Енді оқушыларымызды ата-аналармен ортаға қошеметпен шақырамыз.1 кезекте Медетбай Әділбек анасымен Аманова Назира Қарсыбекқызы.Назира Қарсыбекқызы жұбайы Нүркен екеуі 2 ұл,1 қыз тәрбиелеп отыр.Отбасының сүйіп көретін сериалы «Келин» телехикаясы. Отбасының сүйіп жейтін тағамы манты.
1 жүргізуші: 2 кезекте Оңғар Тазагүл анасымен Юсупова Қазына Мауленқызы. Қазына Мауленқызы 7 перзенттің анасы,алтын алқа иегері.Жұбайы Асқардың айтуынша «Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін» деген ұранға ұстанады.
2 жүргізуші: 3 кезекте Байтұрсын Ақерке анасымен Майлыбаева Рыскүл Сандыбайқызы.Рыскүл Сандбайқызы жұбайы Сейілханмен 2 ұл,2 қыз өсіріп отыр. Отбасының сүйікті жануары жылқы.
1 жүргізуші: 4 кезекте Зұлхарнай Жандос анасымен Абаева Айнұр Тұрсынқызы. Айнұр Тұрсынқызы жұбайы Шаймерден екеуі 2 ұл,1 қыз тәрбиелеп отыр.Отбасының армандайтын автокөлігі «Порша»,сүйіп жейтін тағамы,анасының пісірген тәттінаны,яғни торт.
2 жүргізуші: Енді байқауымыздың әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділ-қазылар алқасының төрағасы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сапаров Жандос.

1 жүргізуші: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмағанбетов Нұржан.

2 жүргізуші: Кәсіподақ ұйымының төрайымы Утебекова Алия.

1 жүргізуші: Ал енді ата-аналарымызды байқаудың шартымен таныстырайық.
1 шарт. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі көрініс.
2 шарт. Сұрақ-жауап.
3 шарт. Отбасылық өнер.
4 шарт. Психологиялық ойын. «Миға шабуыл»
5 шарт. Сезімнің суретін салу.

2 жүргізуші: Ендеше 1 шарт бойынша көріністі сәттілік тілеп алғашқы сынағымызды бастаймыз.
1. Медетбай Әділбек анасымен Аманова Назира.
2. Оңғар Тазагүл анасымен Юсупова Қазына.
3. Байтұрсын Ақерке анасымен Майлыбаева Рыскүл.
4. Зұлхарнай Жандос анасымен Абаева Айнұр.

1 жүргізуші: 1 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.

2 жүргізуші: Ана деген алатаудай асқар шың,
Махаббаты қол аспан - күн.
Ананың аңсайтыны - баласы
Баланың да аңсайтыны – баласы.
1 жүргізуші: Ән: «Аналар». Орындайтын Смайыл Алтынай.

2 жүргізуші: Сұрақ-жауап,яғни сұрақтар өмірден алынған. Мысалы біз кейде балаларымызға «Ақымақсың сен қолыңдағының барлығын таратуға дайынсың...» дейміз, бұл - негативті қондырғы.Салдары жайлы ойласаңыз осы кезде балада өзін төмен бағалау,қызғаншақ,өзінің құрбыларымен қиындықтар өзімшілдік пайда болады . Сіз былай жауап беруіңіз керек: «Жарайсың! Сен қолыңдағыны өзгелермен бөлісесің! »-бұл позитивті қондырғы.
1 жүргізуші. Қатысушыларымыздан әділ-қазылардың алдынан сұрақтарын алуын сұраймыз.Әр ата-анаға екі сұрақтан.
Сұрақтар:
№1
1.«Басыма бәле болдың ғой».
2.«Бұл сенің ақылың жететің жұмыс емес, араласпа!..»

№2
3.« Қалыңырақ киін, ауырып қаларсың!»
4.«Сен тура әкең сияқты жалқаусың...»

№3
5.«Ешнәрсе істей алмайсың,қолыңнан түк келмейді!»
6.«Өмір өте қиын: өскен соң білесің!..»

№4
7.«Лассың, қопалсың!»
8.«Өзің ешқандай іс істеме,үлкендерден рұхсат сұра!»

2 жүргізуші:
№1
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
1. Өзін кінәлі сезіну, өзін төмен бағалау, айналасындағыларға өшпенділік, бөтендік, ата-анасымен жанжал пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
1.«Бақытымсың,қуанышымсың!»

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
2.Өзін төмен бағалау,психикалық дамуында іркіліс,өзінің пікірінің жоқтығы,бөтендік,жанжал туады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
2. «Ал,сен қалай ойлайсың?»

1 жүргізуші.
№2
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
3.Өзінің денсаулығына деген жоғары уайым,уайымдау,қорқыныш,жиі тұмау аурулары пайда болады..
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
3. «Шынықсаң сау боласың!»

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
4.Ата-анамен қарым-қатынастағы қиындықтар,бірбеткейлігі,ата-анасының қылығын қайталау қалыптасады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
4. «Біздің әкеміз тамаша адам!»

2 жүргізуші:
№3
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
5.Өзінің күшіне деген сенімсіздік,өзін төмен бағалау,қорқыныш,өзінің денсаулығына деген жоғары қорқыныш,талапсыздық,мақсатқа жетуде жайбасарлық пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
5. «Тағы бір істеп көр,сенің қолыңнан келеді!»

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
6.Сенімсіздік,қорқақтық,еріксіздік,тағдырға мойынсыну,бақытсыз жағдайларға бейімділік,күмандану,пессимизм пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
6. «Өмір қызық әрі тамаша! Барлығы жақсы болады!»

1 жүргізуші:
№4
Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
7.Өзін-өзі кінәлау,қорқыныш,өзіне және өзінің сыртқы келбетінекөңіл аудармау,достар таңдай білмеу.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
7. «Сен таза әрі жинақы кезіңде,саған қараған өте керемет!»

Салдарын жүргізуші оқып тұрады.
8.Қорқыныш,өз-өзіне сенімсіздік,мақсатсыздық,үлкендерден қорқу,тәуекелсіздік,өзгелердің пікіріне тәуелділік,беймазалық пайда болады.
Позитивті жауапты қатысушы айту керек.
8. «Сен күштісің,қолыңнан барлығы келеді.»

2 жүргізуші: 2 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.

1 жүргізуші:
3 шартымыз бойынша отбасылық өнер көрсету. Ата-аналарымыз балаларымен дайын болғанша әділ-қазылар алқасымен және көрермендермен «Жүректен шыққан жылы сөздер..»атты сергіту сәтін ойнайық.
( түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады.)
Құрметті әділ-қазылар алқасы мен көрермендер! Сіздер де мына бүгінгі байқауға қатысып отырған ата-аналарымыз сияқты ата-анасыздар. Жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер,қандай мейірімді сөздер айтасыздар,яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңді жазыңыздар.
(үлкен жүректі тақтаға ілеміз,әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.)
Мына үлкен жүрек,ата-ана,сіздің жүрегіңіз,ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі.Әрқашанда балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса,ата-ана жүрегі қашанда бала,ал бала жүрегі ана деп соғуы керек.

Ал енді ата-аналарымыздың өнерін тамашалаймыз.
1. Медетбай Әділбек анасымен Аманова Назира.
2. Оңғар Тазагүл анасымен Юсупова Қазына.
3. Байтұрсын Ақерке анасымен Майлыбаева Рыскүл.
4. Зұлхарнай Жандос анасымен Абаева Айнұр.

2 жүргізуші: 3 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.

1 жүргізуші: 4 шартымыз бойынша психологиялық ойын «Миға шабуыл».
Яғни ата-аналарға балалары естіп-көріп жүрген ертегілердің атын терісқарай айтамыз,ал ата-аналар тез арада оңғаратып айтып беру керек.Әр ата-анаға бір ертегіден жасырамыз.

2 жүргізуші:
1.ашзат алаб – Тазша бала
2.радла есөк – Алдар көсе
3.қабңақ лаш – Қаңбақ шал
4.сымапла рытаб – Алпамыс батыр

1 жүргізуші: 4 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.

2 жүргізуші: 5 шартымыз сезімнің суретін салу. Құрметті ата-аналар! Әділ-қазылар алқасының алдында 4 түрлі сезімнің аты жазылған парақтар тұр, бір-біреуден алуларыңызға болады.

Сезімдер
1.Бақыт
2.Таң қалу
3.Риза болу
4.Махаббат


2 жүргізуші:
Ата-аналарымыз балаларымен бірігіп суретін салып болғанша ән тыңдаңыздар! «Әкелер» әні. Орындайтын Сапарханов Данияр.

( Плакатқа түрлі-түсті қаламмен қиялындағы сезімнің суретін салып болған соң,оны сипаттап береді.)

1 жүргізуші: 5 шарт бойынша әділ-қазылар алқасынан әділ бағасын берулерін сұраймыз.

2 жүргізуші: Баршамыздың асыға күткен,ортамызды қуанышқа кенелдіретін сәтте жеткен секілді.Оның кімге бұйырып,бақыт құшағына кімді алатынын әділ-қазылар ғана айта алады.Олай болса,қуаныш алдындағы сөзді қазылар алқасының төрағасы Жандос Сапаров мырзаға береміз.

Орын номинациямен беріледі.
«Үлгілі ата-ана»
«Жаңашыл ата-ана»
«Өнерлі ата-ана»
«Белсенді ата-ана»

1 жүргізуші: Қымбатты көрермендер қауымы! Осымен балалармен бірігіп ата-аналар арасында өткен «Мен үлгілі ата-анамын» байқауы аяқталды.Сау-сәлеметте болыңыздар!

Дайындаған:
педагог-психолог: З.Алиева,А.Торыбаева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.