Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Мен өмірімнің жарқын  болғанын  қалаймын.» -

«Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын.»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2827 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: «Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын.»

Мақсаты: Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. Өмір сырын түсіну , өмір сүру жолдары туралы өзіндік орнын, өмірлік бағдарын дамыту. Ойлау, пайымдау, шешім қабылдау;
Әдептілікке тәрбиелеу.
Әдісі: пікір алмасу, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерак. тақта
Жоспары:
1. Бейнефильм.
2. Өмір туралы өз ойларымен , шығармашылықтарымен бөлісу.
3. Өмір туралы өлең.
4. Құдық туралы әпсана. Ереже мен таныстыру
5. Тренинг .

Жүру барысы:
Сергіту-жаттығуы. «Мейірімді жануар»
Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріне иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қадам артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет.

1. Оқушыларға бейнефильм көрсетіледі. Мақсаты: өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымай тек алға ұмтылу керектігін түсіндіру. Әр қиыншылықтың артында бір жақсылық болатынын ұғындыру.
2. Өмірдің мәні неде? 9-сынып оқушыларының ой-пікірлерін тыңдау.
Талқылау.
3. Өмір туралы өлең. «Шыда» М.Мақатаев.

Шыда
Шыда, шыда,
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Өміттің құлан иек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады.
Өкінбе, өкпелеме
Бүгініңе
өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып табынбағын.
Шыда, шыда
Шыдай түс, тағы шыда,
Тау құлатқан тасқынның ағысына.
Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...

4. Құдық туралы әпсана.
Бір күні есек құдыққа құлап кетті де, бар даусымен ақырып, көмекке шақыра бастады. Оның айқайына қожайыны жүгіріп жетті де, қолын бір сілтеді. Өйткені есекті құдықтан шығару мүмкін емес еді.
Қожайын: «Менің есегім қартайды, өлуі де жақын. Мен бәрібір жас есек сатып алайын деп жүр едім. Ал мына құдық болса, өте терең, мен жаңа құдық қазуды баяғыдан ойлап жүр едім. Маған неге екі қоянды бір оқпен атып алмасқа –ескі құдықты топырақпен толтырып, есекті де көміп тастайын », -деп ойлады. Көп ойланбастан көршілерін шақырады.
Бәрі қолдарына күрек алып, құдыққа топырақ лақтыра бастайды.
Есек не болғанын бірден түсініп, бар даусымен ақырады, бірақ оған ешкім көңіл аудармай, құдыққа топырақ лақтыруды жалғастыра береді.
Біраздан кейін есек үнсіз қалды. Қожайын құдықты қараған кезде өз көзіне өзі сенбеді, есек арқасына топырақ түскен сайын сілкініп, аяқтарымен таптай берген екен. Ең соңында басқаларды таң қалдырып, есек құдықтан секіріп шықты. Былай боларын ешкім күтпеген еді.
Талдау:
Мүмкін сіз де өміріңізде талай қиындықтарды бастан өткерген шығарсыз. Болашақта өмір сізге жаңа қиыншылықтарды жіберуі мүмкін. Әр уақытта сізге кезекті ауыртпалық түссе, сіз оны сілкіп тастап, соның арқасында одан да биікке көтерілуіңіз мүмкін емес пе?
Әрбір шешімін таппай тұрған мәселе – бұл сізге өмірдің лақтырған қатты тасы десек, сіз осы тастардың үстінен аттап өтіп, күтіп тұрған қатты дауылдан құтыла аласыз.
Қарапайым ережелерді есте ұстаңыз:
1. Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз – өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз.
2. Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз- олардың көбі пайдасыз
3. Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.
4. Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз.
5. Сіз басқаларға қалай қарасаңыз , өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз.
Жаттығу2.
Мақсаты: Топта мейірімді ахуалға қол жеткізу.
Уақыты: Әрбір қатысушыға 5-7 минут. Жұпта жұмыс.
Нұсқау : Топтың ішінен бір адамды таңдаңыз. Сіз ол адамға комплимент айтқыңыз келуі керек. Оның бойынан сізге не ұнайтынын айтыңыз. «Маған сенің бойыңнан ұнайтыны....... », «Сенде маған қарағанда ...... », «Мен саған ........ үшін ризамын» деген сөздерден бастаңыз.
Талқылау сұрақтары:
1. Сіз не сездіңіз: жақсыны айтқан кезде және жақсыны естіген кезде?
6. Рефлексия (ой қорытындылау)
«Аяқталмаған сөйлемдер»
• Бүгінгі сабақта менің түсінгенім...
• Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…
• Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны...
Оқушылар сөйлемдерді аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Балалар, сабаққа белсенділікпен, қызығушылықпен қатысқандарыңыз үшін алғыс айта отырып, сабағымызды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Бақытты жансың сөнбесе күнің көгіңде,
Бақытты жансың тіршілік еткен кезіңде,
Бақытты жансың өмірді сүйе білгенде,
Бақытты жансың бағалай білсең өмірде!

М.Мәметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы
мектеп-лицейі



Тренинг сабағы.

Жауаптылар: Жумагалиева Ж.С.
Тауова Ж.А.

Орал, 2013жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.