Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Мен  неге  келіспеушілікке барамын?» -

«Мен неге келіспеушілікке барамын?»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2272 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№8 орта мектеп педагог – психологі
Баймуратова Баян Бахиевна

Психология - 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Мен неге келіспеушілікке барамын?»
Сілтеме: 1.Қазақстан Республикасы Жастар жетістігі орталығында жасақталған бағдарлама және әдістемелік көмекші құралы. Т.П. Стекольниковой., Кошкербаева С.М., Кудайбергенова С.К., Ким Е.Т. - Алматы 2003ж.
2.«Психология» Ф.Н. Гоноболин «Мектеп», Алматы – 1976ж.
3. «Жантануға кіріспе» Қ.Жарықбаев., Ө. Озғанбаев Алматы 2000ж.
4. «Игры обучение тренинг досуг» М – 1994ж. «Новая школа» В. В. Петрусинского.
5. «Психологиялық тренингтер». (Көмекші құрал). Ақтау – 2008ж.
6. Әдістемелік көмекші құрал: «Жеке адамның психологиялық даму ерекшелігі» Маңғыстау – 2010ж. Баймуратова Б.
Сабақтың мақсаты: Мектеп оқушылары келіспеушілік себебі ретіндегі қарым – қатынастағы тосқауыл ұғымымен танысады.
Міндеті: Өзіне деген және айналасындағыларға деген қарым- қатынасты бағалау арқылы дағдыларын қалыптастырады.
Оқыту нәтижелері: 1. Оқушылар келіспеушілік себебі ретіндегі қарым – қатынастағы тосқауылды тани алады.
2. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Жаттығулар:

Ситуациялық тапсырма, топтық жұмыс: «Мен неге келіспеушілікке барамын?», презентация: «Келіспеушілікке әсер етуші факторлар», тренинг: «Тілек», тренинг: «Жеке тұлғалық ерекшелік»
Тапсырмалар:

Шығарма жазу: «Тиімді қарым - қатынас»

Блум таксаномиясы Жұмыстың атауы Мазмұны
Білім Үй тапсырмасы:
Ситуация: «Келіспеушілік»

Топтық жұмыс:Келіспеушіліктің түрлері: (Презентация)

Оқушылар үй тапсырмасына берілген ситуацияны «Келіспеушілік» тақырыбында орындап келіп жұптық және топтық жұмыс арқылы талдайды. Ең жақсы ситуацияны ортаға салып талдайды. Өзге топтың оқушылары өз пікірлерін білдіреді.
Оқушыларға үй тапсырмасында талқыланған келіспеушілік ситуациялармен қоса өмірден алынған ситуацияларды ортада талқылау арқылы түрлерін анықтайды.
Түсіну Топтық жұмыс:
Ситуациялық тапсырма: «Мен неге келіспеушілікке барамын?»,
Оқушылар енді сұрақты өздеріне қою арқылы өз – өздеріне сыни тұрғыда қарай отырып, өздеріне талдау жасайды. Бірінші сабақта жасалған диагностикалық жұмыстағы талдамаларын басшылыққа ала отырып, шынайы өмірмен байланыстырыды. Қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысады. Өз – өзін реттейді. Орта мерзімдегі тақырыптар арқылы қалай өзгергенін түсіндіреді.
Қолдану Презентация: «Келіспеушілікке әсер етуші факторлар», Оқушылар өздерінің келіспеушілікке бару себептерін түсіндіру арқылы, оған әсер етуші факторлар бар екенін дәлелдей алады. Себепсізден – себепсіз келіспеушілік болмайтынына көздері жетеді.
Талдау Тренинг: «Жеке тұлғалық ерекшелік»
Тренинг арқылы оқушылар қай уақытта да өмірде бірінші жеке тұлғалық роль алатынын түсіне алады және талдайды, зерделейді.
Жинақтау Тренинг: «Тілек», Тренинг кезінде оқушылар жалпы келіспеушілікке бармау үшін күнделікті өмірде бір – біріне жағымды сөздерді қолдануға болатынын тұжырымдайды және бір – біріне жағымды сөзді ұсынады.
Бағалау Көшбасшы:
Үй тапсырмасы:
Слайд: «Іскерлік қарым - қатынас»
(әдеп және имиджге байланысты) Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз

Рефлективтік есеп

16.05.2012ж орта мерзімді үшінші сабағымды жүргіздім. Тақырыбы: «Мен неге келіспеушілікке барамын?». Мақсаты: Мектеп оқушылары келіспеушілік себебі ретіндегі қарым – қатынастағы тосқауыл ұғымымен танысу. Міндеті: Өзіне деген және айналасындағыларға деген қарым - қатынасты бағалау арқылы дағдыларын қалыптастырады. Осы мақсат міндеттердің негізінде оқушылар келіспеушілік себебі ретіндегі қарым – қатынастағы тосқауылды тани алады және салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланды деген нәтижеге жетті. Осындай нақты нәтижеге жету үшін жұптық және топтық тапсырмаларды ұйымдастырдым. Сабақтың білім кезеңінде оқушылар үйге берілген тапсырмаларды бірінші жұптық, сосын топтық жұмыс арқылы талдап, қорғауға дайындалды.



Қорғау кезінде оқушылар өздерінің жеке өмірінде болған ситуацияларды ортаға салып, келіспеушіліктің қай түріне жататынын, болу себебін анықтай алды. Тіпте кейбір оқушылар сыныпта болған оқушылар арасындағы келіспеушілікті мысалға алып талдап та жатты. Кейбіреулері дұрыс жасамаған әрекеттеріне күліп мойындап отырды. Топтық жұмыс кезінде талқыланған ситуацияларға байланысты оқушылар өздерінің бұрын соңды жасаған әрекеттерін келіспеушіліктің қай түріне жататынын анықтай отырып, себебін түсіне алды. Бұл тапсырма бойынша ортаға шығып өзін ерекше көрсеткен оқушыларды 3 топта көшбасшы етіп сайладым. Көшбасшылар өздерінің орындайтын міндеттерімен танысып, критерилері берілген бағалау бетшелерін қолдарына алды. Келесі тапсырма бойынша топтық жұмыс презентация ұйымдастыру берілді. Презентация: «Келіспеушіліктің түрлері» (дәлелдемелер арқылы). Әр бір топ өздерінің түсініктері бойынша келіспеушіліктің түрлерін сараптап, дәлелдеуге жұмыстанды. Келіспеушілктің түрлеріне тоқталған кезде оқушылар тіпті жергілікті жерімізде болып өткен көтерілістерді мысалға алып, оның ашық және жабық түрлерін дәлелдеп, жабық болса да, ел естиді деген сөздерді айтып өтті. Сыни тұрғыда ойлай отырып ересектерше қарсы пікірлерін айтып, сонымен қатар «Егер мен болсам ...» - деген пікірлерді де білдіріп отырды. Келесі тапсырма түсіну кезеңінде әр топқа ситуациялық «Мен неге келіспеушілікке барамын?» деген сұрақ берілді. Оқушылар енді сұрақты өздеріне қою арқылы өз – өздеріне сыни тұрғыда қарай отырып, өздеріне талдау жасады. Бірінші сабақта жасалған диагностикалық жұмыстағы талдамаларын басшылыққа ала отырып, шынайы өмірмен байланыстырды. Қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысты. Өз – өздерін реттеді. Орта мерзімдегі тақырыптар арқылы қалай өзгергенін түсінді. Сынып ішінде көбінесе айқай тудырып отырған Фарида есімді оқушым өзінің келешектегі әрекетінде бірінші кезекте өз – өзін өзгертуді қолға алатындығын айтты. Сабақ барысында оқушылар өздеріне керекті көп мағлұматты алды. Топ ішінде болған өзгерісті мен осы соңгы сабағымда байқадым. Оқушылар әр бір ситуацияға байсалдықпен, сабырлықпен қарауға тырысты. Мен неге келіспеушілікке барамын? сұрағы арқылы өздеріне деген жауапкершілікті міндет етіп алды.


Қолдану кезеңінде АКТ – қолдану арқылы сыни тұрғыды ойлана отырып, «Келіспеушілікке әсер етуші факторлар» презентациясында оқушылар өздерінің келіспеушілікке бару себептерін түсіндіріп, оған әсер етуші факторлар бар екенін дәлелдей алды. Себепсізден – себепсіз келіспеушілік болмайтынына көздері жетеді. Сонымен қатар оқушылар көбінесе қоғамды кінәлап, қазір іліп алатындай жағымды әсер жоқ деп оны дәлелдеуге тырысты. Әсер етуші фактордың адамға әсері мол, әрі зияны да бар деп түсіндірді. Осы мәселені көбінесе Нұржігіт есімді оқушым өз ойында айтып білдірді. Өйткені ол топ ішінде салмақты, табиғи өзінің мінезімен нақты сөйлегенді ұнататын оқушы болатын. Сондықтан оның айтқан ойларынан өзінің қандай оқушы екендігі көрініп отырды.



Талдау кезеңінде «Жеке тұлғалық ерекшелік» тренингі арқылы оқушылар қай уақытта да өмірде бірінші жеке тұлғалық роль ерекше орын алатынын түсіне алды және талдай білді. Бұл тренинг арқылы оқушылар жалпы АКТ – ны қолдануды жүзеге асырды. АКТ негізінде қажетті ақпартта алып отырды. Тренингке көп пайдасы тиді. Сонымен қатар жаңа тәсілдің диалогтік әдістерін қолдану арқылы оқушыларға бағыт – бағдар беріліп отырды. Жалпы АКТ – ны қолдану кезінде ерекше сауаттылықпен көзге түсіп отырған оқушылардың бірі Дәурен болатын. Дәуреннің ақпаратпен жұмыс жасауы айналасындағы оқушыларды таң қалдырды. Ол тез арада тіпті қажет болған программаны да компьютерге құйып үлгерді. Дәуреннің компьютерлік сауаттылығы тобындағы оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс жасауларына септігін тигізді. Топта белсенділік ерекше көзге көрінді. Менің ойымша бұл дарындылықтың белгілі бір нышандары.
Ал жинақтау кезеңінде барлық топ оқушыларына «Тілек» тренингі ұйымдастырылды. Тренинг кезінде оқушылар жалпы келіспеушілікке бармау үшін күнделікті өмірде бір – біріне жағымды сөздерді қолдануға болатынын тұжырымдайды және бір – біріне жағымды сөзді ұсынады. Осы кезде оқушылар бір – біріне жылы көзқараста қарап, әдемі сөздер айтып рахмет айтып жатты. Тіпті бүгінгі немесе алдыңғы сабақтарда өздерінің ерекше көрсеткен жақтарын айтып мақтап та өтті. Бағалау кезеңінде көшбасшылар бағалау критерилері арқылы салыстыра отырып формативті түрде бағалап көрсетті. Бағалау кезінде ешқандай келіспеушілік немесе келеңсіз оқиғалар болған жоқ. Оқушылар өз – өздерінің деңгейлеріне көздері жетті және түсінбеген жерлерінде сұрақтар қойып анықтап отырды. Сабақта 9 оқушы - өте жақсы, 12 оқушы - жақсы, 6 оқушы - орташа деген баға алды. Сабақтың соңында «Келесі сабақта да, осылай өтеміз бе?» - деген сұрақтар қойып отырды. Менде оқушыларға жаңа тәсіл модулін қолдану арқылы оқушылармен жеке жұмыс жақсы ұйымдастырылды. Себебі енжарлық көрсеткен оқушылар сабаққа зейінін шоғырландырып отырды. Жақсы өтпеген жұмыс болған жоқ. Мен оқушылардың ынтымақтастығына сүйене аламын. Сондықтанда мен келешекте, яғни бұдан әрі жеке тұлғалық ерекшеліктерін сыни тұрғыда дамытамын деген ойдамын. Ең бастысы оқушылардың анда – санда байқалып қалатын өздеріне деген сенімсіздіктерін өзгертер едім. Бәрі жақсы өтсе сабақ оқушылардың ой елестерінде ұзақ уақыт орын алған болар еді. Менің ойымша сабақ оқушыларға жақсы әсер қалдырды. Келесіде жоғарыда айтылған мәселелер қолға алынады деп ойлаймын. Келешекте мен мектепте жүктемені азайту жағын қарастырар едім. Сабақтың мақсатына жету үшін нақты жұмыс бағытын тиімді қолдана алатын 7 модуль әдістерін болу керек. Ол үшін ең алдымен өзіңе сенімділік, дайындық және жаңашылдық керек. Келешекте маған өзім сияқты оқыған әріптестеріммен ынтымақтастықта жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Сондықтан да мен 7 модуль бойынша жасаған жұмысымды әрі қарай жалғастырамын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.