.
.
Мектеп психологы: Масалимова Э.Б. «Мен таңдаған өмір»
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2317 | Размер: | Автор: Тәрбие«Мен таңдаған өмір» тренинг
Мақсаты: оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету, жағымсыз эмоцияны шығару, жою.
Керекті құралдар: плакат, түрлі-түсті қағаздар, тапсырмасы бар балықтар, интерактивті тақта.
Барысы: І.Амандасу рәсімі.
Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас жасауын жақсарту.
Шарты: қатысушылар ортаға шығып, бір-бірімен емін-еркін жүріп амандасады.
ІІ. «Ойлануға арналған балықтар»жаттығуы.
Бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреулеріңе балық аулауды ұсынамын.
Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», өзенде жүзіп жүрген аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі балықтарды алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Үлестірмедегі сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш-бұл...
Мен мынадай адамдарға сенбеймін ...
Мен ренжимін, егер ...
Егер мен сенімді болсам, ...
Психолог: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесекөңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын.
ІІІ. «Өзіңді теңей біл» жаттығуы.
Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, өмірге көзқарасын кеңейту.
Психолог: Сендер өздеріңді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіңдер. Ол «МЕН» деп есептейсіңдер.
Қатысушы: Мен өзімді бұлаққа теңеймін. Өйткені мен бұлақпын.
Психолог: Не үшін бұлақсың?
-Мен жануарларды, адамдарды қоректендіремін. Менің бұл өмірге пайдам көп. Өйткені мен өмірге қорекпін.
ІV.Ертегі терапиясы арқылы әңгіме құрастырып, талдау жасалады. «Бақытты адамның көйлегі» еретігісін жалғастырады.
V.Слайд көрсету. (Осы сүрген өміріңді қанағат тұт, өмірді ұға біл)
VI. «Биіктік» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту.
Жаттығу барысы: қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі. «Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Енді барынша жоғары секір.Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».
Талдау: 1-ші және 2-шә белгі салысытырылады. Қатысушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:
-Белгі қойылған биіктіктердің айырмашылығы болды ма?
-Бұл айырмашылыққа не әсер етті?
-Қойылған талап пен мақсат нәтиежіс жақсарды ма, әлде нашарлады ма?
-Қалай ойлайсыңдар, өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме?
VII. «Сенімділік» жаттығуы.
Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.
Шарты: оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, 1-ші бөлікке жағымды қасиеттерін, 2-ші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өздерінде қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
Рефлексия: бүгінгі тренингтен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып, «тілек» ағашына апарып жапсырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.