Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өмір – шексіз керуен. -

Өмір – шексіз керуен.

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2792 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Өскемен қ., 2014ж.

Тақырыбы: Өмір – шексіз керуен.
Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарастарын кеңейту, өмірді сүюге тәрбиелеуге үйрету.
Көрнекі құралдар: конверттер, парақтар, ватман қағаздары, фламастер, карточкалар, журналдар, қайшы, желім.

ІІ. Сәлемдесу. «Сәлемдеме хат».
Уақыты: 7 мин.
Нұсқау: Қазір мен сіздерге конверттер мен кішкене парақтар таратамын. Сол параққа сіздер өз сәлемдемелеріңді жазып, конвертке салыңыздар. Сәлемдеме жазып болған соң, менің қолымдағы пошта жәшігіне саламыз. Бұл жазылған хаттарды мен араластырып, қайта сендерге таратамын. Өздеріңізге келген хатты оқып, қаласаңыздар оны бүгінгі сабағымыздың естелігі ретінде өзіңізде қалдыруға болады.
Талдау: Сәлемдеме жазу қиын болды ма?
Сіздің сәлемдемеңізді оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз? т.с.с.
ІІІ. Сабақ ережесі:
 Белсенді қатысу;
 Тыныштық сақтау;
 Бірін-бірі тыңдау;
 Ойын ашық айту;
 Бір-бірін сынамау;
 Бірігіп жұмыс істеу.

ІҮ. Кіші топтағы пікір талас (әр топқа берілген тапсырмаларыды талдау ұсынылады).
Уақыты: 20 мин.
І топ. «Екі бақа» аңыз әңгіме.
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.
 Аңызды оқып шығып, негізгі ойдың мәнін ашып беріңдер?
ІІ топ. М.Мақатаевтің өлеңінен үзінді.
Шыда,шыда!
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

 Өлеңді оқып шығып, өлеңге талдау жасап беріңдер?

Сергіту сәті. «Бейнені келтір» ойыны.
Нұсқау: Қазір мен сіздерге на айтсам, соны келтіруге тырысамыз. Мысалы: «сайқымазақ» (клоуын) дегенде сайқымазақты бет мимикалары, қол қимылдары арқылы келтіру, «поезд» дегенде аяғымызды тарсылдатамыз, аузымызға ауа толтырып, поездің дауысын келтіре отырып, ауаны сыртқа шығарамыз, «жел» дегенде қолымызды көтеріп, теңселеміз, «бұршақ» дегенде бір-біріміздің арқамыздан ақырындап, саусақтарымызбен массаж жасаймыз. Ал, қанекей бастайық!

ІІІ топ. Слайд беттеріндегі суреттерге қарап, ой қорытынды жасаңдар
(оқушыларға суреттер беріледі).
ІҮ топ. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау ұсынылады.
1. Өмір мен үшін ...
2. Өмірдің мәні, ол ...
3. Бақытты өмір, мен үшін ...
4. «Өмір – бағасы жоқ сый» - дегенді мен ...
5. Қызықты өмір сүру үшін, мен ...
6. Өмір деген сөздің мағанасын, мен ....

Ү. «Бәрі де өз қолыңда» релаксацияға негізделген жаттығу.
Уатыты: 10 мин.
Денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып өздеріңе ыңғайлы поза ұстаныңдар. Терең демаламыз, қайта сыртқа шығарамыз. Аяқ, қолымыз босаңсыды. Қазір мен сендерге мәтінді оқимиын сендер мұқият тыңдап, елестетуге тырысыңдар.
Ерте-ерте заманда, бір ескі шаһарда Ғұлама өмір сүріпті. Оның шәкірттері көп болыпты. Шәкірттерінің ішінде ең қабілеттісі, ақылдысы: «Ұстазыма жауап қайтара алмайтындай, қандай сұрақ қойсам екен?» - деп ойланыпты. Сөйтіп, ол гүл бағына барып, ең әдемі көбелекті ұстап алады. Оны алақанына жасырып, ұстазына барады. Көбелек болса, баланың алақанына жабысып алып, қытықтатуда. Соған қарамастан, бала ұстазына келіп:
- Айтыңызшы, қай қолымда көбелек: тірі ме, өлі ме? – деп сұрақ қояды. Оның ойында: «Егер де, көбелек тірі десе, қолымдағы көбелекті мыжып өлтіре салармын, ал егер өлі десе, ұшыра салармын» - деп ойлайды.
- Сонда ғұлама баланың қолына қарамастан:
- «Бәрі де өз қолыңда» - деп жауап берген екен.
1,2,3 бойымызға күш жинап, жұдырығымызды түйіп, аяғымызды жинап, көзімізді ашамыз.
Талдау: Жаттығу барысында өзімізді қалай сезіндік?
Ғұламаның айтқандарымен келісезіздер ме?
Не себепті Ғұлама «Бәрі де өз қолыңда» - деп жауап берді деп ойлайсыңдар?

ҮІ. Қорытынды. «Бақытты адам бейнесі» коллаж жасау.
Уақыты: 15 мин.
Нұсқау: қазір әр топқа ватмен қағаздары мен журналдарды таратамын. Сіздер берілген құралдарды пайдаланып, бүгінгі сабағымыздың қорытындылау негізінде «Бақытты адам бейнесін» жасауларың керек. Және де оны топтан бір адам шығып, жұмысты қоғау қажет. Іске сәт!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.