.
.
4-сынып оқушыларына Оқушының даму үрдісін зерттеу әдісі
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1995 | Размер: | Автор: гостьТақырыбы: Оқушының даму үрдісін зерттеу әдісі
Әр адам өзінің балалық шағының басым көпшілігін мектепте өткізеді. Оқушы мектепке әлсіз сәби болып келіп, жан-жақты дамып, жеке тұлға болып қалыптасады. Ол үрдістерді мектеп психологі немесе сынып жетекшілері үнемі бақылап, зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша жұмыстар атқарып, жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына ықпал етуі қажет. Мектептің ең басты мақсаты-жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу. Осыған байланысты оқушылардың әр уақытта есте сақтау қабілетін, ойлау жылдамдығын, зейінін, байқағыштығын қызықты ойын жаттығулармен, тапсырмалармен анықтап отырған жөн.
Тренингтің мақсаты: Топ оқушыларының тез арада әріптерден құралған мәтін арасында жазылған сөздерді таба алуын және әріптері түсіп қалған сөздерді толықтыру, ойлау қабілетін байқау, шапшаңдығын, зейінін анықтау, бақылау.
Материалдар: зерттелушілерге жеке үлестірмелі қағаздар беріледі.
1. Таныстыру
2. Есте сақтау
3. Ойлау жылдамдығы
4. Айырмашылығын табу
5. Салыстыру
6. Зейін
7. «Сыңарын тап» ойыны
1. Танысу.
Жүрісі: 1 оқушы өзінің атын таныстырып кетеді келесі оқушы өзінің атын, қасындағы оқушының атын Мысалы: менің атым Марал келесі қасындағы оқушы Жанар, Марал, Жанар, келесі оқушы Марал, Жанар, Қанат т.б
2. Есте сақтау
30 секунд ішінде оқылған 10 сөзді есте сақтау керек. Сөздер 1 рет қана оқылады. Мұқият тыңдаймыз. Естеріңде қалған сөздерді ойға түсіріп, жазыңдар. Сөздерді өз ретімен шатастырмай жазуға тырысыңдар.
Нұсқау: Уақыт беріліп, 10 сөз оқылады, соңынан қағаз бетіне оқушылар есте қалған сөздерді жазады. Сөздер бір рет қана оқылады. Орамал, қоян, теледидар, шам, кітап, жүзім, көйлек, көңіл-күй, парта, сағат (әр сөзге бір ұпай беріледі)
3. Ойлауды дамытатын (жаттығу)
Қызыл, тәтті, піскен (алма)
Тәтті дәмді, ақ салқын (балмұздақ)
Кішкентай, сұрғылт, ұзын құйрықты, үркек (тышқан)
Көне, екі қабатты, кірпіштен салынған (үй)
3.1Ойлау жылдамдығы ( тапсырма)
Оқушылар сендерге әріптері түсіп қалған 20 сөз жазылған бетше таратылады. Осы берілген сөздерді толықтыруға 40 секунд уақыт беріледі. Оқушылар оны толықтырып оқиды. Мағынасы бар сөздер шығу керек. Түсіп қалған әріптерді қарындашпен жазып толықтырып отырамыз. Уақыт аяқталғаннан кейін оқимыз.
А-ыл б-д-й о-у-ы т-р-зе
Қ-ла т-с-к б-л-п-н к-к-ніс
К-се к-р-к д-у-л ж-г-рі
Ө-ең к-л-м к-т-п к-б-л-к
А-аш т-м-қ с-б-н м-ғ-л-м
4.Адасқан әріптерден сөз құрау: 1минут уақыт беріледі.
Нұсқау: әріптер орындары ауыстырылып берілген. Сол сөздерді тауып әріптерді орнына қойып жазып қойыңдар. 30 секунд уақыт беріледі.
етрзее өпкір іөшмкер ікатп артлакеп
аалб аанхіктпа йзағнаай прікмеоққса ышқоу
4. Айырмашылығын табу.
Оқушыларға суреттер беріледі. Оқушылар үлкен суретпен кіші суреттерді салыстырып айырмашылығын табады.
Зейінді анықтау (тапсырма) 1 минут уақыт беріледі
Зерттеу барлық оқушыларға бірдей жүргізіледі. Оқушыларға тапсырмасы бар парақтар үлестіріледі де, «Балалар, біз сендермен жарыс өткіземіз. Менің бұйрығыммен жұмысты бастаймыз. Бірінші жолдан бастап «о» және «п» деген әріптердің үстінен қарындашпен сызып тастаймыз. Мен тоқта дегенде жұмысты аяқтайсыздар.» барлығы 100 әріп берілген сол әріптердің ішінен о,п әріптерін жинап, санау Сонда барлығы 10-о,10-п әріп саны шығады.
О-10
П-10
а п т п б ю л о т а
о д ж п ж у в щ о м
ч п л з д б е а о ы
т л з х ж э е г ш ъ
й у р п о л д ж г ч
ф а а д ч п а ж о т
с и о л ж н з п ъ т
с т г ь я у т ю л ұ
қ ө п і б ю э ш п н
у п д о т о д ю ж о
«Сыңарын тап» ойыны
Мақсаты: баланың ойын, қиялын дамыту.
Шарты: екі немесе үш суретті қиып тастайды. Барлық қиындыларды ортаға жинап, араластырады. Бала қиындыларды жинап бастапқы қалпына келтіру керек. Сыңарын тапса, артында тапсырма жазылған . Соны орындау керек. (Логикалық сұрақтар беріледі)
1.Термометр аяз болғасын -3 градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (жауабы -3)
2.Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жауабы жоғары)
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (жауабы шырпы)
4. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? (жауабы Медет)
5. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? (Жауабы 2 сағат)
6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (Жауабы үшеу)
7. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (Жауабы егер оны мұз етіп қатырса)
8. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? (Жауабы Жанат ұзын)
Оқушылардың даму үрдісін зерттеуге жүргізілген тренинг ойын, тапсырмаларымыз аяқталды. Жақсы қатысқан, көп ұпай жинаған оқушыларға рахмет. Барлығыңызда жақсы қатыстыңыздар. Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.