Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасын бағалау -

Отбасын бағалау

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2240 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы, Тасқала ауылы
МКҚК «Тасқала колледжі»
психология пәнінің
ІІ санатты оқытушысы
Закишева Айнаш Куанышевна

Колледж студенттеріне арналған «Отбасын бағалау»
жөніндегі психологиялық тренинг.

Мақсаты:Отбасы ерекшеліктері,әр отбасының отбасын бағалау түсініктері.
Көрнекілігі:дөңгеленіп отыруға болатын бөлме,өлең тыңдауға арналған аппаратура,өлең таспасы,бояулар,қылқаламдар,А3 беттері(А4) «Отбасы бағалы ағашы»,доп,қалам.
Тренинг жүрісі:
1.Қатысушылар дөңгеленіп отырады.Тренир барлығымен амандасып,тренингтің мақсаты мен шартын түсіндіреді.
-Әрбір адамның сөзсіз бағалайтын нәрсесі бар,ол оны әрқашан сақтап,қорғап жүретін болады.
Әр заманда әр түрлі халықтың өзіндік бағалы нәрсесі бар,ол бағалы нәрсе әр түрлі.Бірақ ешқашан өзгермейтін бағалы нәрсе –ол отбасы.Ғалымдардың айтуы бойынша адам отбасын құрғанда нағыз адам болады екен.Тек отбасында ғана адам махаббатқа және мәпелеуге бөленеді де ұқыптылықтың бірінші сабағын алады екен.Отбасы ғана өзіңнің қаншалықты керек екеніңді түсіндіреді .Саған тірек және сенім білдіре алады.
2.Қатысушылардың өзін таныстыруы.
Мақсаты: Танысу,қатысушылардың өз-өзіне сенуіӘрбір қатысушы өзінің атын және отбасы жайлы айта кетеді.
3.Жаттығу « Менің қалауым»
Мақсаты:Әңгімелеудегі кедергілерді жою.Қатысушылар кезекпен ортаға допты лақтырып,өзінің қолауын айтады.Доп кімге тисе сол жаттығуды жалғастырады.Доп барлық қатысушының қолында болып шығуы керек.
4.Жаттығу.Отбасы бағалығын анықтау.
Жаттығу екі адамнан орындалады.(ата-ана,бала)Әрбір екі адамға дайындалған «Отбасы бағалылығы ағашы»беріледі.Қатысушыларға оңайлау олу үшін дайындалған жазбалар беріледі.Студенттердің міндеті –ең басты бағалы нәрсені анықтау.Түп тамырына ең бағалысын орналастырады.,ешқайсысы одан бас тарта алмайтындайБұтағына тағыда бағалы,бірақ кей уақытта бас тарта алатынын орналастырады.Ең жоғарына қалауынша
Бірақ бағалы емесінде салуға борлады.Қатысушыларға жазбадан қарап көмек алуға болады,өзінің ойын да қосуға болады.(ойынға 7-8 минут уақыт беріледі.)
Отбасы бағалылығы қатары(өзіңізден қосуға болады)сыйластық,бір-біріне деген жетістік ,денсаулық,махаббат,өзара түсіністік,ортақ мақсаттар,отбасылық салт дәстүрлерыңғайлы тұрақ,спортпен айналысу,табысы жоғары жұмыс орны,ортақ достық көп болуы,бірге қыдыру,білім,сенім,ар-ұят,өнерлі,сұлулық,пәктік,бақыт,күліп-ойнау,күш-қуат,бірге еңбектену,магистратура,доктарантура.
Қорытындылау: Әрбір ағашты салыстыру,ұқсастық табу.

5-жаттығу. «Отбасының түрлі-түстегі суреті» (арттерапиялық әдістеме)
Мақсаты: Отбасы жайлы актуалды көзқарас ,отбасының әр адамның ерекшеліктері.Бұл жұмыс А-3 қағаз бетінде орындалады.Жаттықтырушы отбасындағы әр адамдыгүл бейнесінде салу ұсынылады,гүлді өз ойынша салуға болады.(жұмысты орындауға 15-20 минутуақыт беріледі.Жай әуен қосып қоюға болады.
Ата-аналармен оқушылар бөлек жұмыс жасайды,бірақ жұмысты көрсету үшін бірге отырады.
Жұмысты көрсету :Қатысушылар суретте кімнің бейнеленіп тұрғанын айтады,неге дәл осылай салғанын түсіндіреді.Жасалған жұмыстар талыланбайды.
Жаттықтырушы,егерде суретте бір нәрсе ұнамаса ,әр кезде өзгертіп,қылқаламмен басқа сурет салуға болады -деп түсіндіреді.
Суретті өзгерте отырып ол отбасындағы сол адам туралы ойы өзгеруі мүмкін.Ал бұл ішкі және сыртқы өмірді қалыптастыруға көмектеседі.
6. Рефлексия:Қатысушылардан өзінің ойын,сезімін айтуды сұрайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.