Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОЖСБ-ға арналған тренинг-сабақ -

ОЖСБ-ға арналған тренинг-сабақ

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 387 | Просмотров: 4561 | Размер: 49.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Психолог:Сағынбаева Гүлмира Жақсылыққызы

Тақырыбы: ОЖСБ-ға арналған тренинг-сабақ
Мақсаты: Оқушылардың ОЖСБ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру .
Сабақтың түрі: Ойын жаттығулар
Әдіс-тәсілі: ойын түрінде, топпен.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, үнтаспа, смайликтер
Жаттығу: “Жылы сөздер”
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу,өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту ;
Нұсқау:Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші жылы-жылы сөздер айта отырып кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жүрегінен шыққан жылы сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін жалғаса береді. Жылы сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болды.
Жаттығу: “Кім жылдам ”
Мақсаты: Оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту;
Cөздер жиынтығы: Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік,
кітап, үлкен, білім, екі (сенімділік)
Сенімділік -адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.
Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
Жаттығу: «Сілкіп таста»
Мақсаты: Жағымсыз қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату
Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.
Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “ОЖСБ-ға жақсы дайындала алмаймын”, “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген сияқты.
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер.
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер.
Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.
Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:
-Мен ақылдымын.
-Менің жаным тыныш
-Мен қиындықтан қорықпаймын.
-Мен жаспын, қандай әдемімін.
-Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.
-Маған сенімділік күш береді.
-Мен дайынмын.
Жаттығу: «Мен саған сенімдімін»
Мақсаты:Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту
Фразалы сөзді аяқтау: “Мен саған сенімдімін, сен...
Қорытынды бөлім:
Жаттығу: “Күн шуақ”
Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру
Нұсқау:Ақырын әсем әуен ойналып тұрады. Елестетіңіз, күн шуақты көк шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. Айнала қызыл-сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.
Қорытынды: Тренингтен алған әсеріңіз қандай ?
Оқушылар тренингтен алған әсерлерін білдіру үшін көңіл күйлеріне байланысты смайликтерді сызба түрінде берілген торкөздерге жапсыру керек.

Өте жақсы

Жақсы Бір қалыпты Онша емес Жаман
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.