.
.
№8 «Қызғалдақ» балабақшасы Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2089 | Размер: | Автор: Нартай4540Психолог: Б. Әбілқасымов
Тақырыбы: Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру
Мақсаты: а) Ата-аналардың қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайту;
ә) Балалардың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасында эмоционалды жағдай туғызу;
б) Қарым-қатынас мәдениетімен таныстыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Шақыру хаттар тарату, хабарлама ілу, тренингке қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, топ бөлмесіне үстелдер орналастыру.
Көрнекіліктер: тақырып, А4 парақтар, қалам, плакат, стикер, дәйектеме сөздер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналармен жақынырақ танысу мақсатында «Танысу» ойыны ұсынылады. Бұл ойында ата-аналар өз атына сәйкес сын есімдік сөздермен сипаттайды. Мысалы: жайдары-Жадыра, гүлдей-Гүлмира т.с.с. ( 3 мин)
ІІ. «Мақсатты айқындау»
Ата-аналарға түрлі-түсті парақтар таратылып, түстеріне байланысты топқа бөлінеді. (2 мин) Топ мүшелерінің шешімімен бір немесе екі адам шығып, ұсынылатын ойын-жаттығулардың шартын орындаулары керек.
ІІІ. Ұсынылатын ойын-жаттығулар:
1. «Менің бейнем» ойыны (10 мин)
Мақсаты: Топтағы жұмысқа қызығушылықтарын қалыптастыру, ойынға қатысушылардың белсенділігін жоғарылату, өзі және өзгелер жайында түсініктерін кеңейту.
Жүргізуші: Біз адамдар мен заттар әлемінде өмір сүреміз. Көптеген заттардың қасиеттері мен сапасы туралы, мысалы: Хрусталь вазаның сынғыш зат, жүннен тоқылған киімнің жұмсақ әрі жылытатынын білеміз. Адамдар әлемі күрделі емес. Сондықтан да әр адам өзінің ерекшеліктерін, басқалардың қасиеттерін білу өте маңызды.
Қазір өзіңізді елестетіңіз. Сізде басқа планетаға түсу мүмкіндігі бар. Бірақ, өз денеңізбен емес, бір зат, өсімдік, жануар немесе құс бейнесінде. Басқа планетада өзіңізді қандай бейнеде көрер едің, қандай материалдан жасалған, қандай түсте? Қандай қасиеттері мен сапалары бар? Бағытыңыз қандай болмақ?
Егер сіз өзіңізді жаңа бейнеде елестетсеңіз, сол бейнені салыңыз.
Талқылау:
Жүргізуші топ мүшелеріне бір-бірінің суретін көруді және оны бірінші жақтан айтуды тапсырады. Мысалы: «Мен түрлі-түсті, пластмассалы, өте берік үстел лампасымын. Мен бұл планетада барлығына жарық сыйлаушымын»
Талқылаудан кейін жүргізуші қатысушыларға бұл ойынның мақсаты әртүрлі бейнеде өздерін таныстыру екенін түсіндіреді.
Ойын қарапайым болғанымен бұл жаттығу өте маңызды. Ол тек тренингке қатысушылар өздерін немесе өздері жайында түсініктері кеңейіп қана қоймай, өздерінің мүмкіндіктерін ашады және өмір сүріп жатқан әлемге дайын болуды меңгереді.
2. «Он бөлме» ойыны (10 мин)
Мақсаты: Тренингке қатысушылар мінез-құлық үлгісіндегі түрлі эмоциялардың пайда болуын ұғындыру.
Жүргізуші: Сіз тұратын үйде он бөлме бар деп көз алдыңа елестетіңіз. Мысалы: қуаныш, үрей, қайғы, ашу, агрессия, жалғыздық, үміт, қорқыныш және тағы екі бөлме. Қандай? Екі бөлмені өзіңіз табыңыз, оларға ат беріңіз. Әр бөлменің суретін салып, мына сұрақтарға жауап беріңіз: Сіз онда жиі боласыз ба, болсаңыз не істейсіз? Қай бөлмеден күш жинайсыз, керісінше қайсысынан күшіңді жоғалтасыз?
Ойынға қатысушылар парақты 10 бөлікке бөледі. Әр бөлік жоғарыда аталған сезімдермен бөлініп және сәйкес символдарын салады.
Талқылау: Суретті салып болғаннан кейін қатысушылар қай бөлмеде жиі болатындары, қай бөлме ұнайтыны, қай бөлмеде ұзақ болатындары жайлы айтады.
Талқылау барысында тренингке қатысушыларда түрлі сезімдер болғандығы айқындалуы мүмкін. Біреулерде жалғыздық бөлмесінде өте ауыр күй, ал басқалар үшін «жалғыздық» бөлмесі демалу бөлмесі немесе шығармашылық бөлмесі болуы мүмкін.
Екі бөлменің атын қатысушылардың өздері ойлап табады да, қазіргі уақытта оның құндылықтары және өзекті де маңызды қажеттіліктері жайлы айтады.
Сергіту сәті: «Құпия есім» (3 мин)
3. «Теміржол кассасы» ойыны (10 мин)
Мақсаты: Коммуникативті іскерлікті, сенімді мінез-құлық дағдыларын жетілдіру.
Жүргізуші: Вокзалда тұрмын деп өзіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. 15 минуттан кейін сіз отыру керек болатын поезд жүреді. Кассада бір билет қалған, бірақ кассир сатпай отыр. Сізге кассир билетті сату үшін оны сендіруіңіз қажет.
Кассир таңдалады. Қатысушылар кезекке тұрып, кассирге жақындап, билетті сатып алу үшін дәлелдер келтіреді. Әр ойыншыға 2 мин беріледі.
Талқылау: Кассирден билетті кімге сататыны, яғни кері байланысты сұрайды. Неге? Кімге сатпас еді? Неге? Кассирдің қабылдауға болатын, жарамды варианттарды хабарлауына болады.
4. «Дос іздеймін» ойыны (10 мин)
Мақсаты: Қатысушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналады.
Жүргізуші топқа жаттығудың мағынасын және ойынның шартын түсіндіреді. Кез-келген адам өзінің нағыз досы болғанын қалайды. Мүмкін нағыз дос сіздерді де бар шығар. Біреуде таныс достары көп болғанымен, бірақ олардың ішінен мақтанышпен айтатын нағыз досын таңдау қиын болады. Ал, келесілері ұялшақтық пен тұйықтықтан өзін жалғыз сезеді де, досым жоқ деп есептейді. Бірақ қандай жағдайда да нағыз достың болғанына не жетсін, шіркін!
Дәл қазірден бастап, мен жарнаманы ақысыз жариялайтын «Дос іздеймін» газетінің бас редакторымын.
Сіздердің әрқайсыларыңыз біздің газетке дос іздейтіндеріңіз жайында жарнама беру мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл жарнамада сөздердің саны мен әріптердің көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды. Кез-келген түрі қабылданады. Сіз достар кандитурасына қоятын талабыңыздың бірнеше тізімін, тіпті оның суретін салуыңызға болады. Өзіңіз жайында айтуға да болады. Бір сөзбен айтқанда, жарнаманы қалай жазғыңыз келеді, өз еркіңіз. Тек қана мына жайтты есте ұстағаныңыз жөн: дос іздеу жарнамасы өте көп, сондықтан, сіздің жарнамаңыз дос таңдаушылардың назарына ілігудің қамын ойластыруыңыз қажет.
Белгіленген уақыттан кейін жүргізуші барлық қағаздарды тақтаға ілулерін сұрайды.
Қатысушылар жарнаманы үнсіз оқиды. Әр қатысушы өзіне ұнаған жарнаманы қызыл түспен дөңгелектейді және оны берушімен байланыс жасауға дайындалады.
Қараңыз, сіздің жарнамаңыз басқаларға әсер етіп, пе? Жарнамаңыздағы қызыл түстің саны қанша? Әр қызыл түспен қоршалған дөңгелек-сізді таңдаушылардың саны болсын делік.
Талқылау:Ойынның осы кезеңі ерекше маңызды. Жаттығу адамдардың адамгершілік құндылықтарын, достыққа лайық сапаларды бағалау немесе өзі нағыз дос болуы үшін өзін дамытуы жайында дискуссия түрінде жүргізуге болады. Жүргізуші төмендегідей сұрақтарды талқылауды ұсынады:
- Көп қызықты жауаптар алынған жарнама несімен сипатталады?
- Басқаның жарнамасына назар аударуына не кедергі болды?
ІV. Қорытындылау (2 мин)
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Тұрмағамбет ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.