Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Стрессті болдырмау жолдары -

Стрессті болдырмау жолдары

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4289 | Размер: | Автор: гость
. № 6 «Ақкөгершін» мектепке дейін ұйым педагог-психологі Бержанова Гүлсезім Айтжановна
Тақырыбы; «Стрессті болдырмау жолдары»
(Тәрбиешілерге арналған психологиялық кеңестер мен тренингтер)
Мақсаты:Тәрбиешілерге стресс туралы туралы мағлұмат беріп,болдырмау жолдары туралы кеңестер беріп,стрестің пайда болуы туралы,түрлері туралы түсіндіру.
«Көңіл-күй» жаттығуы
Барлығымыздың қолымызда оралған жіп. Мен бүгін сендердің көңіл-күйлерің қандай, қандай көңіл кұйде отырғандарыңызды байқау үшін мына жіпті беріп отырмын.Егер сізге тренинг немесе жаттығу,кеңес ұнап жатса,саусағымызға жіпті ораймыз.Ұмытып кетпеңіздер.Сол арқылы сіздердің көңіл-кұйлерді байқаймыз
Стресс дегеніміз не?
Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыда Канадалық ғалым Ганс Селье сипаттаған.Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «Кернеу,қысым» дегенді білдіреді.Ол тәннің қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге жауабын анықтатады.Яғни стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондардың жедел іске қосу,басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.
Ғалымның айтуынша,стресстің негізінен алғанда мынадай үштік белгісі бар:
1. (Бастапқы кезең), «Үрей сатысы»бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы,бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс.Бұл кезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады,егер осы кезде үрейге төтеп бере алмасаңыз өліп кетуіңіз мүмкін.Мұндай жағдайда шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Әли Ибн Сина тарапынанда баяндалады. Ол мынандай қызық жайтты сипаттайды.Екі қойдың қасына торға салынған қасқыр қойылады.Сонда жыртқыштың тура қақ маңдайына байланған қой қорқыныштан (стресс) көп ұзамай өліп кетеді.
2. Стресстің жүзеге асуы.
Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажетті арнағабағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі. Сол арқылы алғашқы қорқыныш сезімін жеңесің. Ал егер қысым ұзақ уақыт бой бермесе, тән мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді.Организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады.Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады. Ал қысқа мерзімді стресстер тәннің белсенділігін арттырып ширатады. Мысалы,спортшы жарысқа қатысу,артист сахнаға шығу кезінде толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.
3. Постресс – діңкенің құру кезі.Ұзақ уақытқа созылып,жүйкеге үздіксіз қысым жасалуы әбден діңкелетіп денсаулықты бұзады.Стресстен тек жүрек талмасы,қан қысымы,невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес асқазанның ойық жарасы туындайды.
«Шеңбер бойымен ырғақты беру» жаттығуы
Мақсаты:Топ бірлігін нығайту.
Топтың барлық мүшелері бір ойыншының келтірген ырғағы сол қалпында, шеңбер бойымен кезектесе отырып шапалақтау арқылы қайталайды.
Нұсқау:Әркім өзінің алдына орындық қояды. Кімде - кім қандай да бір ырғақты тықылдатады. Жанында отырған адам сол ырғақты қайталайды және оған өзінің ырғағын қосады. Үшіншісі, алдыңғы екеуінің тықылдатқан ырғағын қайталап, өзінікін қосады және т.с. Ұмытып қалған немесе дұрыс қайталамағандар ойыннан шығады.
Ырғақты аяқпен де тақылдатуға болады. Ондай жағдайда биге барлығы қосылады.
Талдау:Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Біздің топты аз да болса біз сездік пе? Енді не сезінудесіздер?
Стресс грипп сияқты болып басталады және оның түрлі симптомдары анықталған. Олар:
Психологиялық деңгей:Таусылмайтын шаршау және әлсіздік сезімі;депрессия, өмірге деген құштарлықты жоғалту;интеллектуалдық мүмкіндіктердің төмендеуі;тез шаршау;тітіркенушілік.
Әлеуметтік деңгей:Жұмысқа деген қызығушылық жоғалту және онда өзін тастау;
ұжымдағы қарым-қатынаста проблемалардың пайда болуы;болашақтағы өмірлік жоспарлардың бұрмалануы;қоғамдық өмірге деген қызығушылықтың төмендеуі
Естеріңізде болсын !
Егер сіз жоқ дегенде он минут күлсеңіз ағылшын психологтарының айтуы бойынша,сіздің ұйқыңыз тынышталып,санаңыз серігіп,жігеріңіз артады.
Егер өлең айтқанды ұнататын болсаңыз және де өлеңді күнде айтсаңыз онда өміріңіз әлдеқайда ұзарады. Зерттеулер көрсетіліп отырғандай ән салу тек қана кеуде бұлшық еттерін ғана дамытып қоймайды,сонымен қатар жүрек бұлшық еттерін де нығайтады.
Егер сіз сөйлемдермен сөйлеуді ұнатсаңыз және әрбір айтқан сөйлем сипаттамаларыңыз алты секундтан артық болатын болса, онда тыңдармандарыңыз нашар түсінеді.Неміс психологтарының айтуынша мұғалімдер секундтына екі сөзден артық сөз айтпауы керек.Яғни неғұрлым сөйлем қысқа болса,соғұрлым ол балаға түсінікті болады.
Өмірге қуанышпен қараңыз !!!
1. Оптимист болуға тырысыңыз.
Табысқа жетумен әріптсетеріңізбен жақсы қарым қатынастың ең дұрыс жолы, орнықты көңіл – күй мен кез келген мәселеде оңды шешім ұстану. Оңды эмоциялар – жұқпалы келеді. Көңіл – күйіңіз үнемі көтеріңкі болса, достарыңыз да, жанұяңыз да, оқушыларыңыз да өмірег қуанышпен қарауға берген мүмкіндігіңіз үшін сізге ризашылық сезімге бөлейтіні анық.
2. Қорқыныш сезімін жеңуге тырысыңыз.
Көңілде ұдайы қорқыныш сезімінің (фобиялар) болуы (ол тіпті абстрактілі қорқыныш болсын) – адамның жеке тұлғасын жоятын психологиялық инвлидацияның бірі формасы. Оған өз бетіңізше қол жеткізе алмасаңыз психолог пен психотерапевттің көмегін пайдаланыңыз.
3. Өзіңізбен өзіңіз жеке болуға уақыт табыңыз.
Кез – келген адамға жалғыз өзі қалып, өмір туралы, өзі туралы, пайда болған мәселелерді шешудің жолдары туралы ойлануға, серігуге, демалуға жеке уақыт керек – ақ. Бұл әсіресе мінез құлқы интровертке жататын адамдарға айырықша керек.
4. Айналадығыларыңыздың сізден тым көп нәрсе талап етуін болдырмаңыз.
Қолыңыңыз тиіп, мүмкіндігіңіз болған кезде өзгелерге көмектесу бір бөлек те,адамды ұдайы басқа жұмыстарға «жегіп қойю» мүлдем бөлек нәрсе. Мұндай жағдай қайтала берсе,адамда біреудің өтінішін орындай алмағандықтан, өзін ұдайы кінәлі санау сезімі пайда болады.Кейде аздап эгоист болған пайдалы.
5. Өзіңізге ұнамайтын нәрсені ұнайтындай кейіп танытпаңыз.
Өзіңіздің сезіміңізді зорықтыру өте үлкен өмірлік энергияны қажет етеді.Көңіл күйіңіз бұзылады. Жеке тұлғалық қасиеттеріңізге нұқсан келтіреді. Батылдау болыңыз.
6. Өз баларыңызға артық қысым жасамаңыз. Жұмыста педегогикалық
профессионализм таныта отырып,көптеген ұстаздар оны үйде де жалғастырып отырғанын бақамай қалады. Нәтижесінде балаларға артық талаптар қойылады. Сондықтан өз балаларыңызға өзімен өзі болуға, өзін-өзі танытуға мүмкіндік беріңіз. Олар тек сіздің талаптарыңыздың мүддесінен шығуға талпынбайтын болсын. Олар өздері қалаған нәрсемен айналысқанда ғана өзіне деген сенімі артады.
7. «Бұл менің қолымнан келмейді» деген сөзді сирек айтуға тырсыңыз. Егер өзгелер сіздің мүмкіндіктеріңзге сеніп тұрса, өз күшіңізді неге сынап көрмеске? Сізге жаңа нәрсені бастауға өтініш түскен жағдайда, мұндай ұсыныстарды жіберіп алуға тырыспаңыз.
8. Көпшілік алдында сөйлеуге тартынбаңыз.Үлкен аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік туған жағдайда, одан бас тартудың қажеті жоқ. Көпшіліктің алдында сөйлеу өз ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізе білу, үйретумен бірге табысқа жету үшін керекті қасиет,оқушылардың алдында стериотивті сөйлеуден де арылтады.
9. Дене сымбатыңызға көңіл бөліңіз. Дененің сымбатты болуы адамның психологиялық жағдайына әсер етумен қатар,оқушыларға үлгі бола алады.
«Босаңсу толқыны» жаттығуы.
Психолог:Әуенмен: Өзіңізге ыңғайлы күй таңдаңыз, көзіңізді жабыңыз. Дене бойына босаңсу толқыны жүріп жатыр деп елестетіңіз. Ол сіз теңіз жағасында отырғандай және сізге желпіп тұрған теңіз толқынын еске түсіреді. Теңіз толқыны сізді шылқытса, босаңсу толқыны сіздің тұла бойыңыздан өткендей болады. Өзіңізден бірнеше босаңсу толқынын өткізіңіз, сонда сіздің барлық бұлшық еттеріңіз әлсіреп, жұмсақ және иілгіш болып қалады. Терең дем алыңыз, ойыңызды төртке дейін санап, деміңізді шығарыңыз. Тағы бір рет дем алыңыз-шығарыңыз. Денеңіз босап және жаңа күш-қуат алуға дайын екенін сезініңіз.


«Сыйлық» жаттығуы

Тұлғааралық қарым- қатынасты дамыту және де ұжымдық ауыз біршілікті қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Әр топ мүшелері тек қана қимыл мен ым арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі заттың атын атап сыйлықты алғыс білдііре отырып қабылдайды.
Ақпараттық технологиямен жұмыс
Түрлі суреттерды тәрбиешілерге таратып беріп,оны әдемілеп бояу,сосын Colar Mix программасын қондырып алып,жаңағы бояған суретке апарғанда,сол суреттен музыка шығып,сол сурет жанданады,орнынан тұрып,қимылдайды.
Қорытынды:Стрессті жоюдың ең тиімді,қарапайым тәсілі,бір қасық балмұздақ және лимон шырының иісі.Әр бір күндеріңіз қуанышқа толсын.



Назар аударғандарыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.