Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Танымдық белсенділікті дамыту сабағы -

Танымдық белсенділікті дамыту сабағы

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2307 | Размер: | Автор: гость
. Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
С. Ешбаев атындағы
орта мектеп психологі
Куатова Гулдаурен Тлеухановна

Танымдық белсенділікті дамыту сабағы
Тренинг:-білімді дамытуда немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынадай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық селсоқтық; қылжақтық және т.б
1 «Сәлемдесу салты»
Жеке-даралықтың көп түрлілігі және өзара іс қимыл процестерінде жеке тұлғаның қасиеттерінің мәні туралы оқушылардың білімдерін өзектендіру. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей? Біз бүгін қатысушылар бір-бірімен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетеді.
-Бір-біріңе күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
-Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.
-Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
-Маңдайларын бір-біріне тигізіп амандасу. 5 мин.
2. «Сергіту жаттығулары-энерждайзер.
«Поезд» жаттығулары психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам-алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам-екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші-екінші-бірінші-екінші және т.с.с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі.2 мин

3.«Шеңбер бойынша сөз тізбегі»
Ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы «Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз» Енді оң жақтағы ойыншыдан
4.Пікірталас.
Мақсат дегеніміз не? Ол- жетістікке жетудегі өзіміздің жақсы жақтарымызды пайдалану, өмірде жеңімпаз болуға баратын бірден-бір жол. Егер адам өзінің арманына адымдап жүрсе, сол жолда өзіне сенімді болса, онда сәттілікке, жетістікке жетеді.
5.«Сенімділік»
Мақсаты: өзіне сенімділігін арттыру.
«Мен өзіме сенемін, өйткені....» сөйлемін аяқтау.
6. «Позитивтік шумақтар»
Жүрекшелер мен Күндер беріледі.
Жүрек:
Мен жетістік жолындамын,
Мен білемін, мықтымын.
Мен білемін,сеземін,
Өзімді биіктен көремін.
Жұлдыз:
Менде білім сенімдімін,
Барлығына төзімдімін.
Жетістікке жетемін деп,
Болашаққа үміттімін.
7. «Қуаттандыру»
Мақсаты: өзіндік бағалауын, сенімділігін, белсенділігін жақсарту.
Өзіңе деген сенімді жоққа шығарғысы келетіндерден аулақ бол. Бұл қасиет деңгейі төмен адамға тән. Ұлы адам, керісінше, сенің де ұлы адам бола алатыныңа сенім ұялатады.
(Марк Твен)
Мақсаты:
Қатысушылар барлығы бірге қайталайды:
• Мен осы өмірдегі ең үлкен байлықпын.
• Мен үшін орындалмайтын ешнәрсе жоқ.
• Менің қолымнан бәрі келеді.
• Мен өзіме сендімін.
Психолог: өміріңіз бақытқа бөленсін, өміріңіз жарық болсын. Проблемаларыңызды шешетін қуат берсін! Бақытты болу үшін үміт берсін! Өзіңіздің күшіңізге сеніңіз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.