.
.
Тақырыбы: Таныс болайық! Таныс болайық!
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1999 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.
Міндеттері:
- Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс.
- Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.
- Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру.
Қажетті құралдар: үнтаспа, фломастер, карандаш, магнит, клей, қайшы, ватман, «Кері байланыс» сауалнамасының бланкілері.
Топтың ерекшелігі: жас және жаңадан келген мамандар.
Жұмыс жоспары:
1. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту»
2. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».
3. Топтық ереже қабылдау.
4. Шығармашылық жұмыс. «Визитка дайындау»
5. Ойын «Атомдар».
6. Жаттығу «Жұптар».
7. Жаттығу «Сұхбат»
8. Релаксация «Алақандағы гүл»
9. Шығармашылық тапсырма «Ғажайып бақ»
10. Сауалнама жүргізу. «Кері байланыс»
11. Қоштасу «Достар, біз сіздерге тілейміз...»
Психолог: Сәлем, қымбатты достар! Бүгінгі болғалы отырған сабақта сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын.
Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз. Тіпті, егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз қатысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танисыз, ал ендібірін тіптен білмейсіз.
1. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады.
2. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз». Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл-күйді көтеруге, сонымен қатар бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «шалбар киіп отырғандар, алмұртты жақсы көретіндер, гитара тарта алатындар, сағат тағып жүргендер және т.б. орындарын ауыстырсын».
Ойынның шарты түсінікті болғаннан кейін, орындарын ауыстыру жағдайы күрделене түседі. Енді сұрақтар қатысушылардың кәсіби қызметінің, білімінің ерекшеліктеріне және т/б. байланысты болуы керек.
Мысалы, орындарын ауыстырады ...
- Өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;
- Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;
- Өз жұмыс жақсы көретіндер;
- 10 жылдан астам педагог болып жұмыс жасап келе жатырғандар;
- Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;
- Тренингке бірінші рет қатысып отырғандар; және т.б.
Осы жаттығудан кейін, жауап берем деушілерден біріншіден, кімнің есінде кім туралы қалғандығы, ал екіншіден, кім өзі туралы басқалардын естерінде не қалғандығын айтқанын қалайды. Осылай, қатысушылар орындарымен ауысады.
3. Топтық ереже қабылдау.
Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.
- ашық әңгімелесу
- белсенді болу және әзілдесе білу
- бағаламау
- өз еркімен қатысу
- осы жерде және дәл қазір
4. Шығармашылық жұмыс. «Визитка дайындау»
Барлық қатысушыларға қағаз, фломастер, карандаштар пайдалану арқылы визитка дайындау тапсырылады. Онда келесідей мәліметтер болуы керек: Өзің туралы естігің келетін 3 сөз; Менің қолымнан келеді...; Жетістіктерім...; Арман, мақсаттарым; Маған ыңғайлы, өзімді жайлы сезінетін жер; Менің өмірлік ұстанымым. Әр қатысушы өзінің дайындаған визиткасымен таныстырады.
5. Ойын «Атомдар»
Барлық қатысушылар музыка ырғағымен екі шынтағын көтере, қолдарын басына қойып, ортада жүреді. Жүргізуші «үш» деп қалып музыканы тоқтатқанда қатысушылар шынтақтарымен үшке біріге қалуы керек. Сол секілді, «4», «5» немесе «2» дейді. Соңында қатысушылар екі-екіден жұп болып тұруы тиіс.
6. Жаттығу «Жұптар».
Бір минут ішінде әр жұп бір-бірімен әңгімелесе отырып, көбірек ақпарат алмасулары қажет. Әңгімелесіп болғасын біреуі екеуіне ортақ 3 ұқсастықты, ал екіншісі 3 айырмашылықты атайды.
7. Жаттығу «Сұхбат»
Әрбір қатысушы 3-5 минут ішінде топтың әрбір мүшесіне бір-бір сұрақтан дайындау қажет. Сұрақтар адамның ішкі жеке ерекшеліктеріне байланысты болуы керек – мінез-құлқы, қызығушылығы, әдеті және т/б.
Негізгі ереже – мүмкіндігінше толық және шынайы жауап беру. Топтан бірінші болып сұхбат беруге дайын қатысушы, барлық топ мүшелерін көріп отыратындай, бетпе-бет қарап отырады.
Топ мүшелері кезекпен дайындаған сұрақтарын қояды (осы қатысушыға). Сұхбат беруші рөлінде әрбір қатысушы болуы қажет.
Талқылау.
Жауап беру кезінде Сіз қандай сезімде болдыңыз?
8. Релаксация «Алақандағы гүл»
Барлық қатысушыларға көздерін жұмып, ыңғайлы отырып, өздерін жасыл алаңқайда отырмыз деп сезінулерін сұраймыз. (табиғат дыбыстары бар әуен ойнап тұрады).
Жүргізуші: «Елестетіңіздер, жасыл алқапты көгал, шуағын төккен күн, сылдырап су ағып, құстар ән салып жатыр. Кішкентай, сүйкімді, аңқау және өте бақытты бала келе жатыр, ол қайғы, сенімсіздік, нашар көңіл-күй дегеннің не екенін білмейді. Бұл сіздің бала кезіңіз, өзіңізді таныдыңыз ба? Бала сізге қолын созады, ол сондай сенгіш және мейірімді, және сіз де оған дәл солай жауап бересіз. Өмірдің барлық қиындықтарын ұмытып, қуанып, шаттанып, өзіңді сенімді және бақытты сезінгің келеді. Сіз баланы қолыңызға алдыңыз, ал ол сіздің алақаныңызда гүлге айналып бара жатыр, қандай тамаша, балалықтың гүлі, және де сіз оны өзіңізбен бірге өмір бойы алып жүресіз. Біреуде ол жүрегінің түкпірінде, ал біреулер оны түсінде жиі көреді, ал енді бірінде бұл қарапайым, елеусіз, көзге түспейтін гүл, ал біреулерде ашық, есте қаларлықтай. Олардың барлықтары да жақсы, біздің балалық шағымыздың гүлдері. Егер сізге қиын болса, сіз қандай да бір сұрақтарға жауап таба алмай жүрсеңіз, алақаныңызда сізге балалық шақтың гүлін сыйлаған баланы еске түсіріңіз, және де бұл сізге өзіңізді кішкентай аңқау, бақытты бала сезінуіңізге көмектеседі деп сенемін, ал ол өзіңді қалай бақытты сезіну керектігін айтады. Көздеріңізді ашыңыздар. Қайтатын уақыт та болды».
Жүргізуші қатысушылардан қандай сезімде болғандықтарын, не сезінгендіктерін сұрайды.
9. Шығармашылық тапсырма «Ғажайып бақ»
Жаттығуды суреттеу: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші қатысушылардан алдыңғы жаттығуда алақандарында қандай балалық шақтың гүлін елестеткендерін еске түсірулерін сұрайды. Ол қандай болып еді? Жапырақтары қандай, сабақтары ше, мүмкін тікенек шығар? Биік па, әлде аласа ма? Ашық па, әлде олай емес па? Ал енді, осының барлығын елестеткеннен кейін – өз гүлдеріңіздің суретін салыңыздар, жапырақтарына сізге бақытты болуға көмектесетін маңызды нәрселерді жазыңыздар. Барлығына қағаз, фломастер, карандаш, клей, магнит және т.б. таратылады.
Әрі қарай қатысушылардан өздерінің салған гүлдерін қиып алу сұралады. Одан кейін барлығы шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші шеңбердің ішіне мүмкіндігінше бір түсті кез-келген матадан төсеме жаяды (ватман қағазы мен клейді пайдалануға да болады), әрбір қатысушыға бір-бір түйреуіштен таратады. Мата гүл егетін бақша алаңқайы болып таныстырылады. Барлық қатысушылар кезекпен шығып өздерінің гүлдерін жапсырады.
Талқылау: «Ғажайып баққа» сүйсінуге, өзінің жағымды энергиясымен бөлісетін осы картинаны есінде сақтап қалу ұсынылады. Гүл қанша көп болса да, барлығына да орын жеткендігін, әрқайсысы өзі таңдаған орынды алғандығын байқау керек. Қаншама әр түрлі, бір-біріне ұқсамайтын гүлдердің арасында сенікі өсіп жатқандығын көре білу. Дегенмен ұқсастықтары да бар – біреуде бояуы, біреуде өлшемі немесе жапырақтарының формасы. Және барлығына да күн мен көңіл бөлу керек-ақ. Бұл алаңқай әрбір педагогтың жаны әрқашан да таңғажайып гүлдерге толы екендігін бейнелейді.
Жаттығудың психологиялық мәні: ол іштегі шиеленісті психологиялық шығарып тастауға пайдаланылады, сезімдерді зерттеу үшін, өзара қарым-қатынас пен дағдыларын дамыту үшін, өзіне сенімділігі мен өзін-өзі бағалауын нығайту үшін қызмет етеді. Жаттығу өзіңді сезініп, түсінуге, өзіңмен өзің болуға, өзіңнің ойың мен сезіміңді еркін жеткізуге, сонымен қатар әрбір нәрсенің бірегейлігін түсінуге (қайталанбайтын), әралуан осы әлемде алатын орныңды көре білуге және өзіңді осы ғажайып әлемнің бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
10. Сауалнама жүргізу. «Кері байланыс»
Сабағымыздың соңында «Кері байланыс» сауалнамасын толтырамыз. (Барлық қатысушыларға сауалнама бланкілері таратылады.)
«Кері байланыс» сауалнамасы
1. Қатысушының тренингтегі аты ...
2. Сабақ болған күн ...
3. Сабақта қосылу, қатысу деңгейі 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
4. Сабақта қосылып, қатысып отыруға сізге не кедергі келтірді?
5. Сен үшін маңызды (пайдалы) болған, өзің туралы бір нәрсені түсіне алған оқиғалар, жаттығулар: ...
6. Бүгінгі өткен сабақта саған не ұнамады? Не үшін? Себебі?
7. Сенің осы сабақтан кейінгі өзің туралы, осы топ, ұжым туралы ойларың ...
8. Жүргізушіге (психологқа) ескертулерің (мазмұны бойынша, сабақ түрі бойынша және т.б.) ...
11. Қоштасу «Достар, біз сіздерге тілейміз...»
Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.
Педагог-психолог Тиленбаева Динара
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.