Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Теңгемен сауда жасау» -

«Теңгемен сауда жасау»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 316 | Просмотров: 2246 | Размер: 36.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: «Теңгемен сауда жасау»
(психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сабақ)

Сабақтың мақсаты: Математикалық есептер жүргізу, теңгемен дүкенде сауда жасауға үйрету. Тапсырмаларды компьютердің көмегімен орындау.
Тәрбиелік мақсаты: Үлкендердің сөзін тыңдап, ата-анасына көмек көрсетуге үйрету.
Түзеу-дамыту мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, логикасын, сөйлеу тілін дамыту. Өзіне өзі қызмет көрсетуге баулу. Кіші моторикаларын, сюжеттік-рөлдік ойын іскерлігін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, дүкен, оқу құралдары, теңгелер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім: Қайырлы таң, құрметті балалар, қонақтар. Мен сіздердің жарқын, көңілді күйлеріңізді көргеніме қуаныштымын. Балалар, бүгін біздер математика еліне саяхатқа аттанамыз. Қалай ойлайсыңдар, математика елінде не істейміз?
Оқушылар: Санаймыз, есептейміз.
Мұғалім: Дұрыс, өте жақсы.

ІІ. Тапсырма
Мұғалім: Ондықтармен санап шығындар.
Оқушылар: 10,20,30,40,50,60,70,80,90,100.
Мұғалім: Кері санап шығындар.
Оқушылар: 100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10.

ІІІ. Компьютермен жұмыс
1 2 3
4 5 6

Мұғалім: Мына торда 1-ден 6-ға дейін сандар орналасқан, әрқайсысың 3 саннан таңдайсыз. Әр санның артында жұмбақтар жасырылған. Егер таңдаған жұмбақтардың шешімін тапсаңдар, мен сендерге сол жұмбақтың құны ретінде ақша беремін. Сендердің тапқан ақшамен біз дүкенге барып, сауда жасап, қажетті оқу құралдарын аламыз.
1-жұмбақ
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап) Құны - 50 теңге
2-жұмбақ
Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор) Құны - 50 теңге
3-жұмбақ
Баланың ашқан сауатын, алғыстар қанша жауатын. (Мұғалім) Құны - 40 теңге
4-жұмбақ
Өшірді, сүртті, өзгені құртты, өзі де құртты. (Өшіргіш) Құны - 50 теңге
5-жұмбақ
Алты қырлы, алтын сырлы. (Қарындаш) Құны - 50 теңге
6-жұмбақ
Кемшілікті сүймеймін, ешкімге бас имеймін. (Өшіргіш) Құны - 40 теңге.

IV. Математикалық экономика
Тапсырма: Сенде 40 теңге. Бұл ақшаны қалай жұмсар едің?
Кәмпит – 20
Коктель-10
Балмұздақ-20
Машина-30
Карусель-40
(Әр оқушының жауабын тыңдау)

V. Дүкен ойыны
Ойынның шарты: Дүкенде өзін ұстауға үйрету. Дұрыс сауда жасап, өзіне қажетті оқу құралдарын алу.
Дүкенші: Сәлеметсіз бе!
Сатып алушы: Сәлеметсіз бе!
Дүкенші: Сізге не қажет?
Сатып алушы: Маған ...
Дүкенші: Бұл тауардың құны ...
(Оқушылар кезектесіп, рөлдерін ауыстырып ойнайды)

VI. Ситуациялық сұрақтар
1. Анаң саған дәптер алуға 70 теңге ақша берді, ал саған 70 теңгенің машинасы ұнап қалды, не істейсің?
Оқушының жауабы:
2. Анаң саған кұнделік алуға 100 теңге ақша берді, ал саған 100 теңгенің қуыршағы ұнап қалды, не істейсің?
Оқушының жауабы:

VIІ. Үйге тапсырма беру
Ондықтарды қайтала: 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100.

VIІІ. Қорытынды
1. Бүгінгі сабақта не істедік ?
2. Ақшаңды қалай жұмсадың?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.