Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қызықты психология». -

«Қызықты психология».

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5060 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы
Сембаева Айнур Баглановна
ІІ санатты педагог-психолог
Тараз қаласы
Тақырыбы: «Қызықты психология».
Мақсаты: 1. Оқушылардың таным процестерін дамыту арқылы жұмбақ мәселелерді шешуге, мағыналық жағынан ортақ, артық сөздерді табуға, ойлаудағы шапшаңдылыққа үйрету.
2. Оқушылардың сөздік-логикалық, көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілетін, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, қиял деңгейлерін дамыту.
3.Оларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім. Психологиялық тапсырма.
1.Тапсырма: «Ұқсас сөздер» ойыны.
Қорытындылау, бағалау.
2.Тапсырма: «Логикалық есептер» ойыны.
Қорытындылау, бағалау.
3.Тапсырма: «Көбелектер әлемі» жаттығуы.
Қорытындылау, бағалау.
4.Тапсырма: «Санамақтар»
Қорытындылау, бағалау.
5.Тапсырма: «Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Қорытындылау, бағалау.
6. Жаттығу. “Жылы лебіздер”
III. Қорытынды.
Жүргізілуі:
1.Тапсырма: «Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.
2.Тапсырма: «Логикалық ойын»
Екі сиырдың мүйізі қанша?
Бір мысықтың аяғы қанша?
Бес қойдың басы нешеу?
Үш адамның қолы нешеу?
Үш қоянның құйрығы қанша?
Екі жолбарыстың аузы қанша?
Үш тышқанның басы нешеу?
Бір бұғының мүйізі қанша?
1.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
2.Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
3.Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
4.Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?
5.Түнге қарай бір отбасы көпірге келеді. Әкесі оны 1 минутта, анасы 2 минутта, бала 5 минутта, ал әжесі 10 минутта өтеді. Олардың қолында бір ғана қол шамы бар. Көпір тек екі адамды өткізе алады. Отбасы осы көпірден 17 минутта қалай өтеді?
3.Тапсырма: «Көбелектер әлемі» жаттығуы
Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка.
Жаттығудың өтілу барысы: Балалар орындықтарға денелерін бос ұстап отырып, аяқ – қолдарын еркін созады.
Мұғалім арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
4.Тапсырма: «Санамақтар»
Тауық, жөнін тауып,
Он жұмыртқа басты,
Өздерінше мықты
Төрт балапан шықты
Қанша қалғанын
Есептей алмай отырмын.
Он екі үйрек көріп ем,
Үшеуі ұшып кетті
Төртеуі суға түсіп кетті
Айтпауға сөз қалмады.
Қаншасы орнынан қозғалмады?
Үш алманы бақтағы
• Кірпі алып жинады
• Ең әдемі біреуін
• Ақ тиінге сыйлады.
• Ыдыстағы алманың
• Санап көрші қалғанын
5.Тапсырма: «Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
6.Жаттығу: “Жылы лебіздер” Оқушылар тұрып бір-бірінің қолдарынан ұстап оң жағындағы достарына жылы тілек, лебіздерін айтып шығады.
Сабақты бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?

Қорытынды: Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.