Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Өзіңді-өзің тани біл» -

«Өзіңді-өзің тани біл»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 513 | Просмотров: 4377 | Размер: 369.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Күні 02.09.2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді-өзің тани біл»
Мақсаты: Оқушының мінез-құлқының қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы. Тұлғалық қасиетті білу.
Өту әдісі:жеке әнгеме, ойын және ертегі терапиясы.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Өзіңнен өзіңді ізде,
Өзіңе өзің бағын.
Өзіңді өзің тани біл.
Ф.М.Достоевский.
Бүгінгі күннен бастап, «Мінез құлық – мәдениеті» сабағын өтеміз. Әр жұма сайын бір рет сабақ өтіледі. Алдымен «Мінез құлық – мәдениеті» сабағында не өтеміз? Адамның ішкі жан дүниесі, сезімі, сыртқы келбетінен көздерінен, бет әлпетінен мінез құлқынан көрініс табады. Ішкі жан дүниесі бай болса, оған мінез – құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді. Әр адамның өзіне берілген ерекше мінезі болады. Сол мінезімізде тек жақсы қасиеттер болса, қандай мәдениетті адам деп саған айтады.
«Менің есімім» атты жаттығуын өтеміз. Өз атын атап, есімінің алғашқы әріпінен басталатын ойына келген сөз айтылады. Мысалы: Сауле сабырлы, немесе сникерс десек те болады. Ал сенің есімің кім? Айгерім! Тамаша! Ал енді Айгерім «А» әріпінен басталады, сондықтан «А» әріпіне қандай сөз келтіресің? Алма.......Аяулы....
Тапсырма: Өзім дегенде ........(Әнгіме түрінде ) Адам сөйлескенде ең көп «Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды. «Мен сүйттім», «Мен бүйттім» дегеннен адам жадығар емес. Ал енді адам «мен» дей берсе сол дұрыс деп ойлайсын ба? Неліктен? Өз ойыңмен бөлі сен. Ал адам өзін қалай тани біледі? Талдау.....
«Өзін-өзі бағалау» Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау. Өзін-өзі бағалау- өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез құлқына, ішкі жан дүниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орнын табуы бойынша өзіне баға беріп, талдау.
«Ғажайып қыз» ертегі. авт. С.Б. Ертегіні ғажайып қалада, ғажайып үйде бір қыз болған. Енді сол жайлы ертегіні бастаймыз, ал сен маған көмектесерсің, егер мен ұмытып қалсам. Ғажайып қыз деп оны неліктен атаған екен? Өйткені ол ерекше тәрбиелі, иманды, мінезі ақ жарқын, көнілді, мейірімді қыз болғандықтан бәрі де оны жақсы көрген. Ал жалғасын келесі сабағымызда жалғастырамыз. Сен сол қызға қандай жақсы қасиеттерді сыйлар едің?. сол туралы ойланып, жақсы сыйлығынды дайындап қой.
Үйге тапсырма беру: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қандай болады, ойланып айту.
Нәтижесі:.....................................................................................................................................................
Тексерген:
Күні 09.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді-өзің тани біл»
Мақсаты: Оқушының бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату, мейірділік, ойшылдық т.б. қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Өту әдісі: жеке әңгеме, дамыту ойындары.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Жел кімге қарай соғады?» ойыны авт. Нұрмұхамбетова Т.Р.
Мақсаты: баланың зейінділігін нығайту, басқа адамдардың жақсы қасиеттеріне көңіл аударып оны бағалауға үйрету.
Ойынның ережесімен таныстыру. «Мен әрқайсыңның өздеріне тән ерекшеліктеріңді атап отырамын, (ойыншықтарды ойынға есімін атап қатыстыру) ал сен ол кім екенін табуың керек. Ыстық күнде салқын жел жирен шашты балаға қарай соғып тұр. Ол кім? Енді желдің беті мамасын тындайтын балаға қарай ауды. Ол кім? Енді жел сіңілісі бар қызға қарай ауды. Ол кім? Жел жылауық баланы көргенде күшейіп кетеді. Біздің ортамызда ондайлар бар ма? Жоқ. Жел тәртіпті қызға қарай бет бұрды. Оны танисыңдарма? Ал енді жел ерекше ашық жарқын, улкендерді сыйлайтын, адамгершілігі мол қызды іздей бастады, ал біз оған көмектесіп жіберейік.
«Кімде қандай қасиет бар» ойыны авт. Нұрмұхамбетова Т.Р.
Малдың түрі бейнеленген карточканы таңдап алады. Мысалы: ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік , түйе және такаппарлық және т.б.
Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді. Талдау.

«Сурет салу» Суретпен жұмыс. Арттерапия методикасы бойынша.

Ойындағы жақсы қасиеттері бар қыздың суретін салу, өз еркіні бойынша. Суретті талдау. Бұл кімнің суреті? Сенің? Ал бұл суретте кім? Ол саған ұнайды ма? Не үшін? Бұл қызда қандай жақсы қасиеттері бар? Сен маған айтып бересің бе?
Талдау. .......................................................................

Нәтижесі: ............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Үйге тапсырма беру: Көніл күйге байланысты сурет салу.
Тексерген:

Күні 16.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған орта және мен»
Өту әдісі: психологиялық тренингтер, әнгіме.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Мүсінші батпақ» ойыны
Мақсаты: Байланыс құру және эмоцияның үнсіз түрін дамыту.
Біреуіміз мүсінші, ал екіншіміз батпақ болады. Енді мүсінші батпақтан бір сезімді ойлап соны илейді, қажетті мимика мен келбетке келтіреді. Содан кейін мүсінші өз ойын айтып оны таныстырады. Мысалы: бұл «Сенімділік», «Күш», деп аталатын мүсіні.
«Қалпақ ойыны» авт. С.Б.
Мақсаты: психикалық қобалжу сезімдерінен арылту. Таным процестерін дамыту.
Ойын ережесі: Алғашқыда тақпақты оқып беру, сосын мен «қалпағым» дегенде; оқушы басын өз қолымен екі рет соғады, ал «менің» деп айтқанда өзінің көкірегін көрсетеді. Келесі «үшбұрыш» деп сөзін қайталағанда, үш саусағын көрсетіп екі саусағын қосып көрсету керек. Осылай тақпақты алдымен жәй оқып, кейіннен тез айтып өзіңе де қимылдарын көрсету керек. Ал оқушы соны қайталап, үлгеруі керек. Бірнеше рет қайталап, оқушы тез қимылдарын көрсете бастаған да ойын аяқталады.


Қалпағым менің, қалпағым. Қалпағым менің үшбұрыш.
Ал егер үшбұрыш болмаса, Ол менікі емес қалпағым.

«Эмоциялық термометр» жаттығуы.
Мақсаты: Күні бойы эмоция мен сезімге талдау жасауға психоэмоционалдық көніл күй туғызуға үйрету.
Көзімізді жұмып бір күннің таңертенгі күнін еске түсіреміз. Барлық оқиғаны қарап шығып, жеке үзінділерді еске түсіреміз. Енді көз алдымызға оқиғаны жасаймыз. Басқа адамдармен әнгімелестін бе, қандай әсер алдың, не үшін? Қандай сезімде тұрсың? Не сезінесін? Не айтқан жоқпын деп ойлайсын. Сенің қоршаған ортанда кім жүр? Кімді көп көресің, кіммен көп сөйлейсің? және т.б. Талдау.
Нәтижесі: ....................................................................................................................................................................... Үйге тапсырма беру: Айна алдында тұрып өзіңнен –өзің «Сергектік», «Өмірге құштарлық» деп аталатын мүсін жаса. Дене бет-пішін есте сақта. Осы қасиетті күніне үш рет киіп және шешіп жүр. Сол сәтте қандай сезімде болатынын есінде сақта.
Тексерген:
Күні 23.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған орта және мен»
Өту әдісі: психологиялық тренингтер, әнгіме.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Төрт апат» ойыны
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы зейінді дамыту жаттығуы.
Егер «Жер» деген сөзді айтса, қолын төмен түсіреді. Егер «Су» деген сөз айтылса, қолдарын алдарына көтересің, ал «Ауа» десе, қолын жоғары көтересің.
«Шапалақты тында» ойыны

Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамыту.
Жүргізілу барысы: Бір рет шапалақтағанда «тырна» секілді тұрып қалулары керек. Екі шапалақ «құрбақа» секілді тұрып қалу, үш шапалақтаң соң «қоян» секілді қалу керек. Төрт рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келулері керек. Рефлекция.

"Ғажайып сурет"

Мақсаты: Қиялын, ойлауын дамыту.

Қажетті заттар: ақ қағаз, түрлі-түсті қаламдар.
Барысы: Баладан әр түрлі гүлдердің (бәйшешек, қызғалтақ, раушан, т.б.), көкөністердің (қияр, сәбіз, қарбыз, банан, т.б.) жемістердің (алша, алма, өрік, жүзім, т.б.). біреудің бейнесін, бір нәрсенің көрінісін-қыздың бейнесін, жануардың, машинаның, балықтың, т.б. суретін салуды өтіну).
Ескерту: Бала жұмыс істеп отырғанда ешқашан асықтырмау керек.

Қорытынды: Салыстыру, мадақтау, Бала қандай сурет салса да, қандай түсті таңдаса да жұмысын мадақтау қажет.

Нәтижесі: .................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Үйге тапсырма беру: Айналадағы әлем туралы суреттер жинау.
Тексерген:
Күні 30.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және жанұям»
Өту әдісі: психологиялық тренингтер, сурет салу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Такырыбы: "Амандасу-сәлемдесу".
Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.
Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.
Қайырлы таң...!(Мама! Папа! Аға! т.б. ).
Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).
Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге, қоршаған жанұямға, оларға жылы сөздер айту (оқушы қолын жанына жайып, кейін түсіреді).
"Отбасы" суреті
Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Тестің жүргізілуі: Балаға ақ қағаз және түрлі-түсті қаламдар, ал ересек жастағы балалар жай қарандашты да қолдануына болады. Нұсқауды түсіндіріп болғаннан кейін, баланың жұмысына үлкендер араласпайды, бақылап отырады. Жұмыс уақыты белгіленбейді, бірақ бұл 10-15 минуттан аспайды. Кішкене балалардан (4-7 жас) қай жерге кімді салғанын сұрайды, ал 7-10 жас аралығындағы балаларға суретте кімдердің бейнеленгенін қасына жазып қоюын сұранады. Соңында мынандай сұрақтар қоюға болады - "Мына суреттегі адамдар көңілді ме?, Жоқ әлде көңілсіз бе?, Қалай ойлайсың? Саған егер циркке екі билет берсе, сен өзіңмен бірге кімді алар едің? Сендер қонаққа баруға дайындалып отырсаңдар делік, осы кезде отбасы мүшелерінің біреуі ауырып қалды, сен кімнің ауырып қалғанынын қалар едің?".Нәтижені талдау: Алдымен салынған суреттің көлемі мен қағазда орналасуына көңіл аударамыз. Ең үлкен дене (сурет) баланың ойынша отбасындағы ең басты тұлға.Бала өз суретін отбасында өзіне жақын тартатын адамның қасына алады. Осы кісіні бала өзімен бірге циркке шақырады.
Бала өзінен алшақ салынған кейіпкерлерге қорқынышы немесе қызғанышы болуы мүмкін. Ол отбасы мүшелерінің біреуін арқасымен бұрылдырып, болмаса оны бір затпен кедергілеп, басқаларынан жоғары немесе төмен салуы мүмкін. Осы отбасы мүшесі баланың ойынша, барлығы қонаққа дайындалып отырғанда ауырып қалады. Осы адамды бала "Екі үй" тестілеуінде көрші үйге (қара үй) кіргізеді.
Нәтижесі: ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................Үйге тапсырма беру: Жанұя мүшелері жайлы ертегі құру.
Тексерген:

Күні 07.10. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және жанұям»
Өту әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
"Шуақты күн"
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойында әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету.
Барысы: оқушы сабақта өткен таныс ережелерді сақтап, күннің жылуындай жанұясына жылы сөздер айтады. Анасына үй шаруасында көмек көрсетеді. Оны "Шуақты күн" деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп тұр. Оқушы далаға шыққанда көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз, жылы тілектерін білдіреді.
"Жіп орамы" Жанұя мүшелерімен бірге өткізу.
Мақсаты: Жанұя мүшелеріне бір-біріне жақындастыру сезімін қалыптастыру
Барысы: Жанұя мүшелері дөңгелене отырады. Жүргізуші қолындағы жіп орамының ұшын өзінің үлкен бармағына орап, өзін қызықтыратын сұрағын көршісіне қоя отырып (Мысалы: "Сенің атың кім, сен кімді жақсы көресің?, сен неден қорқасың? т.б.") жіп орамын көршісіне ұзатады. Ол жіп орамын алып өзінің бармағына орайды да, сұраққа жауап береді, сөйтіп ол жіп орамын ұзата отырып, келесі ойыншыға өзінің сұрағын қояды. Осылай, соңында жіп орамы жүргізушінің өзіне оралады. Жіп орамы барлық ойынға қатысушыларды бір-біріне байланыстырып, әрқайсысының ішкі дүниесін сезініп, бір-бірін жақынырақ түсінуге көмектеседі.Барлығы бірігіп бір ортақ дене кұрағандай сезінеді. Ескерту: Қиналып айта алмай отырған балаға жүргізушінің көмегі қажет жағдайда, ол жіп орамын өзіне қайта алып, балаға қажетті сөзді айтып қайта лақтырады. Осылай жасалған тәсіл жүргізуші мен баланың арасындағы қарым-қатынасты 2-3 есеге арттырады.

"Кеме"
Мақсаты: Сенімділігін, құлшынысын арттыру.
Барысы: Ойыншылар көбірек болса ойын қызықты өтеді. Көрпе- бұл кеме, әдемі желкен. Бір бала- капитан, қалғандары — матростар. Капитанға өзінің кемесі ұнайды, матростарына сенеді. Ойында жүргізуші жетекшілік жасайды., ол капитанның міндетін түсіндіріп отырады: қатты шайқалыс болғанда ол кемені немесе матростарын сақтап қалу үшін, кеменің ортасында тұрып жоғары дауыспен "Түсіріңдер якорьды", "Кемені тоқтат" болмаса "Бәрің жоғарыға" деп матростарына команда береді. Матростар бәрі бірге көрпенің шетінен ұстап, кемені жайлап қозғалта бастайды.
Жүргізушінің командасы бойынша "Дауыл" десе, қозғалысты үдете бастайды. Капитан көтеріңкі дауыспен команда бергенде, кемені асықпай еденге түсіреді де, барлығы капитанның қолын алып қысып, мақтайды. Рефлекция.

Нәтижесі: ..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Үйге тапсырма беру: Анасымен бірге бір тағам жасауға үйрену.
Тексерген:
Күні 14.10. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мәдениетті болу»
Өту әдісі: Түсінік беру.психологиялық ойындар. Сурет салу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Адамның ішкі жан дүниесі бай болса, оған мінез –құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді. Қоршаған ортадан саған қандай әсер етсе де, өзін-өзі тәрбелеудің ерекшелігін түсінуге, өз бойын тазалауға, мінездегі артық қасиеттерді көріп тану үшін маңызы ерекше. Мәдениетті адам- ол мінезіндегі ерекшеліктерінің бір көріністері болады. Мінезі иманды, тәрбиелі, бірқалыпты, мейірімді т.б. жақсы қасиеттерімен көрінеді. Мәдениетті болу бұл тума қасиет қана емес, оны өзіне өмір тәжірибесімен қалыптастыруға болады. Талдау.
"Көңіл-күйім неге ұқсайды?"
Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламай айтуға үйрету.
Барысы: Қатысушы өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады.
Қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы, әппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше? "Келесі "өте жақсы деп өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтын көңіл-күйі қандай екен?"- көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе?"- деп сұрайды.
Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар - ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу элементтері қолайсыз (жағымсыз) көңіл-күйді байқатады. Бірақ мұны балаларға нашар деп айтудың қажеті жоқ. "Көңіл-күйіміздің суретін саламыз".
Қажетті заттар: Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу.
Барысы: Балаға өз көңіл күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына анасының, әкесінің, інісінің, т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын түсіндіреміз.
Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың қоюлығына, суреттің түсіне қарай аңықтаймыз. Тұйық түстер - бұл алаңдатарлықтай жайды байқатады. Қорытынды: мадақтау, салыстыру.
Релаксация: Балалар өздерін толыққанда шайқалып тұрған жапырақ сияқты сезінеді. Балалар аяқ-қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып, шалқасынан жатады.
Нәтижесі: ..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Үйге тапсырма беру: Мәдениетті адам деп кімді айтамыз? Ой жинақтау.
Тексерген:
Күні 21.10. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мәдениетті болу»
Өту әдісі: Ертегі. Психологиялық ойындар.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
"Клякса жайындағы ертегі"

Мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін арттыру, мәдениетілікке, әсемділікке ұмтылу.

Ерте-ерте замаңда кішкене қап-қара қуыста Клякса өмір сүріпті. Ол адамдарға көрінгенді ұнатпайды екен. Неге? Себебі ол қандай ортаға келмесін барлығы: "Қандай қорқынышты!", "Қандай майлы, ұсқынсыз қара Клякса!" дейді екен. Әрине, мұндай кімге ұнасын. Міне, сондықтан да ол қуыстың ішінде отырғанды жөн көріпті. Күндердің күнінде біздің Клякса жалғыз отырғаннан зерігіп, ол мейрамда қыдырып, қонаққа баруды ұйғарыпты. Ол әдемі киінейін деп, үстін сары түсті бояумен бояпты. Ол өзін күндей жадырап тұрғандай сезініп, өзіне-өзі қатты ұнапты. Көшеде кездескеннің барлығы "Қандай сары Клякся" деп үрейленіп айқалапты. Ол дүкенге кіріп қызыл бояу сатып алып, онымен өзінің шляпасын бояйды. Тағы да оны көргендер қолын сермеп, үрейленіп, "Қандай ұсқынсыз шляпа киген Клякса!" депті. Сонда Клякса көк бояу сатып алып, онымен юбкасын бояпты. Мұны да еш жан бағаламапты. Ол тағы да "Қандай үлкен жасыл юбкадағы Клякся!" (сары мен көк түстен жасыл түс пайда болады) дегенді естиді. Клякса бәріне өкпелеп, қалған көк бояуды алып өзінің қуысына оралыпты. Ол қуыстың ішін көк бояуымен бояп қараса, өзіне ұнамды, әдемі, жайлы болғанын сезінеді.
Талдау. Пікір алмасу.
"Дизайнерлер"
Мақсаты: Баланың көңілін көтеріп, талғамын артыру.
Барысы: Ойынға анасына қажет болмай қалған, боянатын затгар (помада, пудра, т.б.) жинағы керек. Ойынды отбасы мүшелерімен және достарымен ойнауға болады. Ойын барысында сіз балалардың көңілі көтеріліп, жүздерінен өте әдемі, күлкілі, қызықты болды деген сияқты сезімді байқайсыз.
Барлығы бір-бірін бояндыруын қадағалаңыз, бірақ өзін-өзі бояуына болмайды.Ойынның соңында жақсылап жуындырыңыз.
Релаксация.
Нәтижесі: ............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Үйге тапсырма беру: Қуыршақ арқылы мәдениетті қыздың тәрбиесін көрсету
Тексерген:
Күні 28.10.2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Этикет не үшін керек» авт. Н.П.Слободяник
Мақсаты: Этикетке және берілген тәртіп ережелеріне дұрыс көзқарасты қалыптастыру.
Өту әдісі: жеке әнгеме,ойын, талдау.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Оқушы өзі байқаған адамдардың сыпайыгершілік қылықтарын айтып бөліседі.
Оқиғалы рольді ойын өткізу «Туған күн». Бұл ойынға сінілісі мен інісін қатыстыру керек. Қатысушыларға олардың ойнайтын рольдері аталып, бұл кейіпкерлерге мінездеме беріледі. Содан кейін рольдің аты жазылған (туған күні иесі, оның көмекшісі , білгіш , ренжігіш , айғайлағыш, төбелескіш) рольдерімен уақытша өз еркімен көрсетеді. Ойынды бағалайтын психолог, болады. Ойын кезінде айғай-шу болса , психологтың белгісімен айқай-шу тоқталады.
Талдау:
Мереке жақсы өтті ме? Неге?
Мерекеде ең бастысы кім?
Туған күн иесіне үнемі көңіл бөлу керек пе?
Көп көңіл бөлуден, ол даңдайсып кетпей ме?
(жоқ себебі, туған күн жылына бір ақ рет болады).
Бәріне жақсы болу үшін, не істеу керек?
Этикет сөзі нені білдіреді?
Этикетті не үшін ойлап тапқан?
Егер этикет талаптары орындалмаса (дүкенде , мектепте, ауруханада және т.б.) не болар еді.
Этикет туралы кітаптармен таныстыру:
Мұғалім этикет туралы әр түрлі кітаптарға балалардың зейінін аударып , біреуіне тоқталады. Содан кейін кейбір оқушыларға (алдын-ала дайындалған) этикет ережелері туралы айтып беруін өтінеді.
Сабақты талдау:
Сендер этикет ережелерін білесіңдер ме?
Күнделікті өмірде қандай ережелер жиі пайдаланылады?
Қашан және неге этикет ережесін орындауда қиыншылықтр кездеседі?
Нәтижесі:
Үйге тапсырма беру: Этикет жайлы материал жинау
Тексерген:
Күні 04.11. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мінез құлық мәдениетімен танысу»
Өту әдісі: Түсінік беру.психологиялық ойындар. Пластилинмен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Мінез дегеніміз –кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез адамның әр қырынан көрсетіп тұрады. Жақсы мінез адамды жақсы көрсетеді. Адам мінезінің жақсы қалыптасуына әлеуметтік орта, оқу, жанұя тығыз байланыста. Ең алдымен адамның өзіне байланысты, қандай мінезі болатына. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің кейбір нашар жақпайтын қасиеттерді өзгертіп отыруға болады. Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдары:

Дүниедегі ең үлкен нәрсе –Кеңістік.
Бәрінен жүйрік – Ой.
Бәрінен- Уақыт.
Бәрінен жеңілі –Басқаға ақыл айту.
Бәрінен қиыны—Өзіңді өзің тану Фалес
«Тілек шоғы»
Мақсаты: баланың жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға бағыттау.
Пластилинмен күн бейнесін жасау. Енді түрлі түсті гүлдер жасап, әр гүлге ерекше жақсы тілектерді атап, жақындарымызға сыйлық берейік. Мысалы: Жүрегің жылы болсын! Ғұмырың ұзақ болсын! Сен бәрінен көркемсің! т.б.
"Күн шуағы"
Мақсаты: Психосезімдік ахуалдарын жақсарту; баланың өз сезім, әрекетін түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту. Барысы: Оқушы қарама қарсы отырады. Жүргізуші: Күн шуағы, сендердің көздеріңе қарайды.
Кәне, көзімізді жұмамыз. Енді күн шуағы беттеріңе қарай жылжиды. Алақаңдарыңмен сипандаршы. Ол ары қарай, маңдайыңа, мұрныңа, ауызына бетіне, иегіне түсті. Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа, мұрныңа, аузына бетіңе, иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңды, иегенді, қолынды, аяғыңды, арқаңды сипап өтіп, желке тұсына барады.Күн шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған көніп қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.
Нәтижесі: .............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................Үйге тапсырма беру: Еркін шығармашылық жұмыс. Пластилинмен
Тексерген:
Күні 18.11. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Сыртқы түр мәдениеті»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау. Жаттығу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Мәдениетті адамға тән қасиеттерді сызықпен қосыңыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.