.
.
Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» ММ Өзіңе деген махаббат.
Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 297 | Просмотров: 2342 | Размер: 13.3 Kb | Автор: Тәрбиеөзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Бирмуканова Айгүл Мұхтаровна
телефон: 871433-3-29-60
8 сынып «Өзін- өзі тану» пәні
Сабақтың тақырыбы: Өзіңе деген махаббат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: махаббаттың жалпы құндылықтары арқылы адамның жеке тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал ету;
Дамытушылық: оқушыларға өз бетінше ізденіп, түйін жасауға және сөйлеу,
ойлау әрекеттерін дамыта отырып, шығармашылық тұлға
ретінде дамуына жағдай жасау;
Тәрбиелік: оқушыларға елін, жерін сүю үшін өз бойындағы адами
құндылықтарын жоғалтпай, қоршаған ортамен үйлесімділік
табуға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау технологиясы, тыныштық сәті, эпиграфпен жұмыс, әңгімелесу, талқылау жаттығулары, ойын .
Көрнекіліктер: кесте сызбалар, айна, суреттер, ақ қағаздар,
Техникалық құрал: интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, бүгінгі күнге деген ризашылықтарын білдіреді. Мыс: Мен бүгінгі күнге ризамын, өткені бізде бүгін ашық сабақ болып жатыр . Мен бүгінгі күнге ризамын, өткені менің анам сабаққа қатысып отыр т.с.с
I. Қызығушылықты ояту.
Криптограмманы шешу.
1 2 3 4 5 6 7 8 - 9 10
11 12 13 14 15 16 17 18
1. Отанға, ата-анаға, туған жерге, адамдарға деген сүйіспеншілік, ыстық ықылас- 1,2,3,4,5,6,7,8.
2. Нағыз сөзінің синонимі – 9,10.
3. Орасан зор, үлкен сөзінің синонимі – 11, 12, 13.
4. Адамның сезіну, байқау, қабылдау қабілеті – 14, 15, 16, 17, 18.
Жауабы: Махаббат- ең ұлы сезім. Ал енді келген қонақтарымызға өз сезімдерін білдіру үшін ақ көгершіндерімізді ұшырайық.
Дәйексөз. Өзіңе деген махаббат- тамаша нәрсе, өткені ол- адамның өз
қабілетін сезінгенінің белгісі. Т.Гоббас
Мұғалім сөзі: Адам өз бойындағы адами құндылықтардын жоғалтпаса, істеген іс- әрекеттерін бағалай білсе, өзін-өзі қабылдай білсе, біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болатын еді. Өмірімізде қызыққа толы ғажайыптар көбірек болатын еді. Денсаулығымыз жақсарып, басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді. Біз өзімізді шығармашылық тұлға ретінде қалыптастыратын едік.
Ал , енді бір сәт тыныштық сәтін жасасақ.
Тыныштық сәті (баяу күй ойнайды)
Ыңғайланып отырамыз, көзімізді жұмыңыз, денеңізді босатып, тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш-қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
II. Мағынаны ажырату.
Әрбір адамның жақсы қасиеттері болады, өз бойыңыздағы асыл қасиеттерді бағалаңыз және қабылдаңыз, сонымен қатар ол қасиеттеріңіз сіздің өз күшіңізге сенімділік береді және қиын сәттерді жеңе білуге көмектеседі. Ешқашанда өз қабілеттеріңізді төмендетпеңіздер. Олай болса кәзір мына сызба кестені толтырайық, сіздерге 5 минут уақыт беріледі.
Маған өзімнің бойымнан не ұнайды? Өз бойымнан қандай қасиеттерді өзгерткім келеді ? Маған кедергісі тиіп жүрген кейбір қасиеттерімді қандай жақсы қасиеттерге өзгерткім келеді ?
Оқушылар жазғандарын бірінен соң бірі кезекпен оқып шығады.
Талдау үшін қойылатын сұрақтар:
1. Сұрақтарға жауап бергенде қандай сезімде болдыңыз ?
2. Сізге сенімділік қалай әсер етеді ?
Әңгімелесу.
Гүлдің сыры (аңыз)
Бір күні хан бақты аралап жүрген кезінде қурап бара жатқан талдарды, бұталарды және гүлдерді байқайды. Таңданған хан еменге қарап мән-жайды сұрайды, сонда емен айтады: «мен қарағай секілді ұзын бола алмадым, сол себепті мен құса болып қурап бара жатырмын» - дейді. Хан қарағайға қарап еді ол: «жүзім ағаштары сияқты жеміс бере алмағандығымнан қурап бара жатырмын» -деді. Ал, жүзім ағашы болса өзінің раушан гүл сияқты құлпыра алмайтындығына өкінеді. Тек бір ғана ырғай гүлі жайқалып өсіп тұрды.. Таң-тамаша болған ханға ырғай гүлінің айтқаны: «Сен мені отырғызған кезде менен ырғай гүлінің өскенін қаладың. Сен егер менің орныма еменді, қарағайды, раушан гүлін өсіргің келсе, соларды отырғызушы едің. Сондықтан мен өзіңнің ырғай гүліңнен басқа ешкім бола алмайтынымды білгендіктен мені отырғызған адам маған қарап ләззат алсын деп, әдемі болып гүлдеуге тырыстым» дейді.
Ой қозғау
Әр адам өмірге келген соң өзіне лайықты міндеттелген борышын атқаруы тиіс. Адам өзі ғана өз өміріне қуаныш, жарық нұр сыйлай алады.
Сахналау.
1. Баланың анаға деген махаббаты.
2. Ананың балаға деген махаббаты.
3. Баланың құрбы-құрдастарына (досына)деген махаббаты. Оқушылар осы тақырыптар бойынша III-топқа бөлініп, өз сезімдерін білдіреді.
Ойын. «Өзіме, досыма»
Ойынның шарты: Оқушылар шеңберге тұрады да, бір оқушы ортаға шығады. Шеңбердегі оқушылар бірінің қолына бірі сақина салады. Ортада тұрған оқушы сақинаны кімнің қолында екенін тауып алу керек.
Талдау сұрақтары: 1. Ойыннан нені байқадыңдар?
2. Ойын кезінде қандай сезімде болдың ?
III.Топпен жұмыс.
«Мен кіммін?» жаттығу.
Айнаны алып, көзімізге мұқият қараймыз, содан соң атымызды атап, мына сөздерді айтамыз: «Мен өзімді жақсы көремін және бойымдағы барлық кемшіліктерімді қабілдай аламын». Осы сөздерді шын жүректен айтуға тырысыңыз.
Талқылау
1. Өз көзіңізге қарағанда қандай сезімде болдыңыз ?
2. Өміріңізде өзіңізді қабылдай алмаған сәттеріңіз болды ма ?
Ой –толғаныс сатысы
Махаббат аралына хат жазу.
Бүгінгі сабақты қорытындылай келе түйгенімізді ортаға сала отырып әрқайсысымыз өз жүрегімізге деген тілегімізді және махаббаттымызды білдіру үшін тілек кемесі арқылы хат жазамыз.
Талқылау
Сөз соңына айтарым , ең бастысы өзіңе деген махаббатты менмендікпен шатастырып алуға болмайды. Барлық іс-әрекет тіршілікпен негізделсе, демек адам өзін адам ретінде сезіну үшін де өзіне деген сый-құрметі мен махаббат болуы керек.
Жүректен –жүрекке
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
Ән орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.