.
.
« ______________________________жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Компьютерлік графика және дизайн
Сабақ жоспары | Предметы | Открытие уроки по русскому языку Загрузок: 0 | Просмотров: 3100 | Размер: | Автор: гость«ТАНЫСТЫМ» «КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН» Директордың оқу ісі Аудандық білім бөлімінің Мектеп директоры:
жөніндегі орынбасары: әдіскері:
___________________ __________________ ____________________
Таңдау курсы
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты
Тақырыбы:
«Компьютерлік графика және дизайн»
Пәні: Информатика Сыныбы: 10 Пән мұғалімі: _____________________
Пән әдістемелік бірлестік отырысында қаралды. ____________ хаттама ____
ӘБ жетекшісі:_________
2015-2016 оқу жылы
Түсініктеме хат
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлеу әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйкесінше қолданылады. Олар – әр түрлі қолданбалы және әр түрлі ғылыми аймақтардағы ізденушілер, суретшілер, құрастырушылар, компьютерлік беттеуші (верстка) мамандары, дизайнерлер, мультимедиа-презентацияларының авторлары, медицина мамандары, мата өнімдері модельерлері, фотографтар, сәулетшілер, теле және бейнемонтаж мамандары және т.б. Компьютер экранындағы кескіндер графикалық программалар арқылы құрылады және растырлық, векторлық редакторлар арқылы өңделеді. «Компьютерлік графика және дизайн» курсында иллюстрациялар құру және кескіндерді өңдеуге яғни векторлық және растрлық бағдарламаларға басты назар аударылады.
Оқушылардың шығармашылық мәселесі жеке тұлға психологиясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылар шығармашылығының байқалуы ұсынылған ойлау тапсырмаларын орындау сипаты арқылы анықталады. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің төмендегідей компонентерін ерекшелеуге болады:
- ішкі мотивациясының басымдылық рөлі;
- мәселені қою мен оны шешуде байқалатын зерттеу және шығармашылық белсенділік;
- шешімді болжай білу мүмкіндігі;
- жоғары талғамды өнегелі интелектуалды бағалауды қамтамасыз ететін, идеалды эталондар құру қабілеті.
Ұсынылып отырған элективті курста оқушылардың шығармашылығын дамыту олардың танымдық іс-әрекетін ерекше жолмен ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Курс бағдарламасы оқушылардың зерттеу және шығармашылық ақуалын оятуға мүмкіндік беретін іс-әрекет түрлерін меңгеруге қажетті жағдайлар құруға негізделеді. Бүгінгі таңда Photoshop, CorelDraw программалары компьютерлік дизайн курсын жүзеге асырудағы қуатты программалардың бірі болып табылуда. Бұл курс мазмұны, оқушылардың қызығушылығын арттыру және келешектегі кәсіптік мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ету үшін құрастырылған. Бағдарлама осы аталған программаларды меңгеруге қажетті материалдар мазмұнынан тұрады. Курс аптасына 10-11 сыныптарда 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген.
Курстың мақсаты
- оқушылардың санасында әлемнің ақпараттық бейнесін қалыптастыру;
- іс-әрекет құралы ретінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктері;
- компьютерлік интуицияны қалыптастыру;
- компьютерді практикада тек тиімді болған жағдайда ғана пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
Операциялық ойлау стилін қалыптастыру: Ол төмендегідей іскерліктердің болуымен негізделеді:
- есепті формалдау;
- одан логикалық өзіндік бөлімін ерекшелеу, бұл бөліктердің өзара байланысын анықтау;
- технологиялармен орындауға қажетті шешімді жобалау;
- нәтижені анықтау;
- компьютер қамтамасыз ететін қазіргі технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенді шығармашылығын конструкторлық және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
- 10-11 сынып оқушыларына осы бағдарламалар құралдарын мысалға ала отырып, растрлық және векторлық графика туралы түсініктерін қалыптастыру және аталған программаларды жеке мақсаттарын жүзеге асыруда, болашақ кәсіби қызметтерінде еркін пайдаланатындай дәрежеде меңгеру.
Курс міндеттері:
- кескіндерді сақтау және тұрғызу принциптеріне тереңірек түсінік қалыптастыру;
- графикалық файлдардың форматтарын меңгеруге және оларды әр түрлі графикалық программаларда қолдануда пайдалану;
- компьютерлік графика негізін әр түрлі графикалық программаларда қолдануды қарастыру;
- графикалық программалар құралдарын пайдаланып оқушыларды өздерінің жеке кескін жұмыстарын құру және редакторлеуге үйрету;
- әр түрлі программалар арасында графикалық деректер алмасуға үйрету.
10 сынып 34 сағат
№ Өтілетін тақырыптар Сағат саны Мерзімі
1 CorelDraw программасына кіріспе. 1
2 CorelDraw программасының жұмыс терезесі.. 1
3 Объектілермен жұмыс жасау негізі. Графикалық бейнелерді құру. 1
4 Объектілермен орындалатын амалдар. 1
5 Объектілерді белгілеу және өңдеу. Объектілерді біріктіру. 1
6 Өңделетін форма құралдары арқылы объектілердің геометриялық өзгеруі. 1
7 Қисықтарды салу ерекшеліктері. 1
8 Шығармашылық жұмыс. 1
9 Бақылау жұмысы. 1
10 Суреттерді бояу. Объектілерді толтыру. 1
11 Сызғыштар. Торлар. Бағыттауыштар. 1
12 Қисықтардан кескіндер тұрғызу. 1
13 Объектілерді біріктіру. Және реттеу әдістері. 1
14 Мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінді рәсімдеу. 1
15 Бақылау жұмысы 1
16 Шығармашылық жұмыс. 1
17 Шығармашылық жұмыс. 1
18 Көлем әсерлері. Көлеңке 1
19 Техникалық кескіндер құру. 1
20 Макетті құру және жобалау. 1
21 Құжатты баптау. Макет құру. 1
22 CorelDraw-да кескіндерді жүктеу және сақтау. 1
23 CorelDraw-да импорт және экспорт. 1
24 Бақылау жұмысы. 1
25 Шығармашылық жұмыс. 1
26 Қабырға, обложкалар, бланктар құру. 1
27 Пішін және пішінге айналдыру. 1
28 Қарапайым фигуралар. 1
29 Түстер таңдау. 1
30 Түсті қабылдау және көру. 1
31 Шығармашылық жұмыс. 1
32 Шығармашылық жұмыс. 1
33 Бақылау жұмысы 1
34 Қорытынды. 1
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Макарова Н.В. Информатика (объектно-информационная концепция). Программа (для учащихся с 6-11 класс). СПб: Питер, 19999.
2. Календарно-тематическое планирование по информатике 1-11 классы Тен А.С., Кабулова Г.С., Т.К. Дауова, Алматы, 2005.
3. Авербух А.В. Изучение основ информатики и вычислительной технеики. Пособие для учителя. М.: Просвещение, 1992.
Қосымша оқулықтар:
1. Сергей Топорков. Adobe Photoshop CS в примерах. Спб.: БХВ-Петербург, 2005.
2. Corel Draw Graphics Suitte 11. СПб.: БХВ-Петербург, 2005.
3. Тайц А.М., Тайц А.А. Corel Draw 11. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003.
4. Тайц А.М., Тайц а.А. Adobe Photoshop 7. – СПб.: БХВ-Петербург, 2002.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.