.
.
Сабақтың тақырыбы: Массивтер Массивтер
Сабақ жоспары | Предметы | Открытие уроки по русскому языку Загрузок: 0 | Просмотров: 1883 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
Білімділік: Массив туралы жалпы түсінік беру және оған есеп шығару жолдарын уйрету.
Дамытушылық: массив элементтерінің алгоритмдерімен программалауды қалыптастыруды дамыту.
Тәрбиелік: Өз-ойын салауатты түрде калыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
1.1 Оќушылармен сәлемдесу .
1.2 Сынып тазалығына назар аудару.
1.3 Сынып оқушыларын түгендеу .
1.4 Оќушылар зейінін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
2.1. Қайталану командаларын атаңыз және оларды қолдану реті.
2.2. Қайталанатын алгоритмдерді программалауға қатысты берілген есептерді тексеру.
3 Жаңа сабақ:
Типтер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым типке – стандартты, саналатын, шектейтін типтер жатады.Күрделі типке – массивтер, жиындар, жазулар, жолдар және файлдар жатады. Күрделі типтің элементтері қарапйым немесе күрделі типтер болуы мүмкін. Күрделі типті енгізу программаны күшейтеді және күрделі есептерді шығаруға мүмкіндік береді.
Біз тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелерді, фамилия тізімдерін көп қолданамыз, олар бір өлшемді, екі өлшемді массив болуы мүмкін.
Массив дегеніміз – бір атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген тізбегі. Массив бір ғана атпен белгіленеді. Мысалы, нақты сандардан құрылған тізбекті атауды массив деуге болады. Мысалы:
1.5, 14.6, 5.6, - ны бір өлшемді массив деп, оған К деп атау беруге болады. Массивтің әр элементі массивтің атымен белгіленеді де, оның индексі қойылады. Массив элементтері индекстері бойынша реттеліп жазылады. Мысалы, А1, А2, А3, ... Аn немесе жалпы түрде Аі, і=1,2,3, ... n. Паскаль тілінде массив элементтерінің индексі алгоритмдік тілдегі тәрізді тік жақшаға алынып жазылады, мысалы, А[і]. Жоғарыдағы массивте А[1]=1.5, А,[2]=14.6, А[3]=5.6 және т.с.с. мәндерін қабылдайды.
Cөйтіп, Паскаль тіліндегі массив ұғымы алгоритмдік тілдегі кесте ұғымына сәйкес келеді. Алгоритмдік тілдегі ТИП АТАУ өлшем (мысалы, нақ таб А[1:N] орнына Паскаль тілінде атау : массив [индекстерінің алғашқы...соңғы мәні] ОҒ элемент типі – түрінде жазылады.
Егер программада массив пайдаланылатын болса, онда ол айнымалы (VAR) бөлігінде немесе тип (TYPE) бөлігінде бейнеленуі қажет.
Массив айнымалы бөлігінде былай бейнеленеді:
VAR массив аты: ARRAY[t1] OF t2;
Мұндағы ARRAY (массив),OF (одан) – қызмет сөздері, t1-REAL, INTEGER базалық типінен өзге кез келген стандартты тип. Индекстің типі ретінде шектелген, саналатын, логикалық және литерлік типтер пайдаланылады.
Мысалы,
Var lit=array[char] ofreal;
ogr=array[5..15] of char;
bol=array[boolean] of integer;
t2–құраушылар типі, Паскаль тілінде пайдалануға болатын массив элементтерінің типі. Мұны пайдалансақ, жоғарыдағы мысалдағы массивті айнымалы бөлігінде былай бейнелеуге болады:
Var a:array[1..5] of real
Мұндағы A – элементтері REAL типтегі массив аты, ал индекс 1-ден 5-ке дейін өзгереді.
Индекс типі стандартты, бүтін немесе нақты бола алмайды.
Мысал: 13 бүтін сннан тұратын тізбектің арифметикалық орташасын және әр элементтің арифметикалық орташадан өзгерісін табуға программа құрайық.
Program Ort1;
Var x:array[1..13] of integer;
I: integer;
S: real;
Begin
S:=0;
Writeln (‘сандарды енгіз’);
For i:=1 to 13 do
Begin
Read (x[i]);
S:=s+x[i];
End;
Writeln;
S:=s/13;
Writeln (‘s=’,s : 8 : 4);
For i:=1 to 13 do writeln(s-x[i])
End.
4.Жаңа сабақты бекіту:
4.1. Массив түрлеріне сипаттама беріңіз.
4.2. Массив элементтері қалай жазылады?
4.3. Массивке есеп шығарғанда қандай ерекшеліктерге көңіл бөлуіміз керек.
5. Зертханалық жұмыс:
5.1. Бүтін сандардан құралған А(n) массивіндегі берілген Х санына ткң болатын элементтер санын табыңдар.
5.2. а1 ...,аn тізбегіндегі
а) 5-ке еселі;
б) тақ және теріс;
с) 5-ке бөлінетін және 7-ге бөлінбейтін сандарды табатын программа құрыңыз.
6.Үйге тапсырма:
Массивтер тақырыбын оқып келу және зертханалық жұмыстағы есептерді шығарып келу.
7. Сабақты қорытындылау:
6.1. Үй тапсырмасы бойынша:
6.2. Жаңа сабақты пысықтау бойынша:
6.3. Тест тапсырмасы бойынша.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.