Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Паскаль программалау тілінде өрнектерді жазу -

Паскаль программалау тілінде өрнектерді жазу

Сабақ жоспары | Предметы | Открытие уроки по русскому языку Загрузок: 0 | Просмотров: 1754 | Размер: | Автор: гость
. Берілген уақыт Пәні: Информатика Мерзімі: 27.12.2015 жыл Сыныбы:7«Г»
Сабақтың тақырыбы: 1.Паскаль программалау тілінде өрнектерді жазу
Сабақтың реті: 12-сабақ
Жалпы сабақтың мақсаты: Математикалық өрнек жайлы мәлімет алады. Паскаль программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазуды үйренеді.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Оқушылар математикалық өрнек жайлы мағлұмат алады.
- өрнектерді Паскаль программалау тілінде жаза алады;
- қате жазылған өрнектерді түзете алады;

Түйінді идеялар: Математикалық өрнектерді пайдалана отырып, Паскаль программалау тілінде программа құруды меңгеруі
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг-тәжірибе
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сәлемдесу, айналмалы бекет, ойлан, бірік, бөліс әдісі, ыстық орындық, анкета
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер
І. Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
2 мин 1-әрекет. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Сергіту жаттығуын жасату. Сергіту жаттығуы
3 мин 2-әрекет. «Геометриялық фигуралар» арқылы топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады
5 мин 3-әрекет. «Айналмалы бекет» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар әр топқа берілген сұраққа жауап беріп топтарды айналып шығады, соңында өз тобындағы жазылған жауаптарды түйіндеп, топтан бір адам жауап береді
1 мин 4-әрекет. Жауаптар «Бағдаршам» арқылы бағаланады Топтар бір – бірінің жауабын түрлі-түсті қағаздарды пайдалану арқылы бағалайды
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі
3 мин 5-әрекет. Топтық жұмыс: Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі бойынша слайд көрсетеді
Слайдтағы материалдарды талқылау арқылы, жаңа сабақтың мағынасын ажыратады
3 мин 6- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру Интербелсенді тақтада көрсетілген мәліметтерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
10 мин 7-әрекет. Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыста берілген есептердің қатесін түзету
Оқушылар топта конверттегі берілген есептің қатесін түзейді және талқылайды

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
10 мин 8-әрекет. Жеке жұмыс: «Ой қозғау» әдісі бойынша өз беттерімен өрнек құрады Оқушылар өз жұмыстарын топта жариялайды, талқылайды
2 мин 9-әрекет. Бағалау Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын орындарын ауыстыру арқылы бағалайды

1 мин 10-әрекет. Үй тапсырмасы

Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.
5 мин 11-әрекет . «Ыстық орындық» әдісі бойынша белсенді оқушыны марапаттау Оқушылар ең белсенді оқушыны анықтап, «Ыстық орындыққа» отырғызады, оған бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды, сыйлық беріледі
2 мин 12-әрекет. Жеке жұмыс:
«Анкета» әдісі бойынша кері байланыс жасату
Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады.
Оқушылар анкета толтыру арқылы кері байланыс жасайды.

Мұғалім Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.