Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қысқа қағыспа айтыс. -

Қысқа қағыспа айтыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Открытие уроки по русскому языку Загрузок: 0 | Просмотров: 2048 | Размер: | Автор: munira
. 5- сынып
Мерзімі 19.11.13 г
Сабақтың тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс.
Сабақтың мақсаты
1Білімдік: Айтыстың бір түрі қысқа қағыспа айтыспен таныстыру.
2Дамытушылық: Оқушылардың шешендік өнерін және орындаушылық қабілеттерін дамыту.
3Тәрбиелік: Өмірдегі әр түрлі жағдайлар болғандықтан, адамдарды сынамауға, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі - тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ - жауап, шығарма тыңдау
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы : әдебиет
Сабақтың көрнекі - құралдары: домбыра, компьютер, муз.орталық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың сабаққа оқу - құралдарын дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Айтыс деген не?
2. Айтысты кімдер бағалайды?
3. Айтысты қандай аспаптарымен сүйемелдеп орындаған?
4. Айтыстың қандай түрлері бар?
5. Сүре айтыс қандай?
6. Түре айтыс қандай?
7. Қайым айтыс қандай, мысал келтір.
8. Домбырада айтыс әуенінің бастапқы буынын ойнату
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.
Ақындардың аяқ астынан бір - бірімен сын - сықақ ретінде ұтқыр жауаптастауын қағыспа айтыс дейді. Қағыспа айтыс ақындардан тапқырлық пен шапшаң ойлап\уды талап етеді. Сондықтан да ақынның ойы ұщқыр, тілі жүйрік болуы қажет.
Біржан сал мен қыздың айтысы: -Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі. Сол үйдің қызы қатықсыз қара көже құйып беріп, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады.
Сонда қыз:
-Байлардың жейтін асы жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы шаруаға қиын болды,
Көжеге кекірмей ерніңді мал!

Біржан салдың жауабы:

-Атанғам ақындықпен Біржан сал,
Серінің күнде думан жүрген жері.
Қарындасым, ағаңа сөзін өтті,
Көжеңді басып - басып әкел бері - деген екен.
Домбырада үйрену:
IV. Сабақты қортындылау
1. Қағыспа айтыс деген не?
2. Не себепті қыз Біржанмен айтысты?
3. Біржан сал дұрыс істеді ме?
4. Біржан сал табан астынан қандай жауап қайтарады?
5. Домбырада қайталап ойнау
V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VI .Үй тапсырмасы.
1. Біржан сал мен қыздың айтысын жаттау
2. Балбырауын күйінің екінші буынын жаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.