.
.
Сыныбы: 10 Пән: Өнер Күні: Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3651 | Размер: | Автор: нартайСабақтың тақырыбы: Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға қазіргі заман бейнелеу өнерінің ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: Өнер пәнінен танымдық қызығушылығын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сұлулыққа, әдемілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, иллюстрациялар, оқулықтар, сызбалар т.б.
Сабақтың әдіс тәсілі: Ұжыммен жұмыс, жазықтықта бейнелеу.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1. Сұрақ-жауап
2. Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің түсіндірмесі
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1. Сұрақ-жауап
2. Оқулықпен жұмыс
3. Өзіндік жұмыс
V. Қорытындылау, бағалау
VI. Үйге тапсырма
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу
Назарларын сабаққа аудару
Бүгін біз, сабақта қандай болуымыз керек. Менің қолымда әр түрлі сөздер бар, мысалы:
1. Өнерліміз
2. Әдептіміз
3. Дарындымыз
4. Сыпайымыз
5. Қабілеттіміз
Соның біреуін таңдаңдар.
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Абай
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасының тақырыбы: Қазақстанның кәсіби суретшілерінің қалыптасуы ІV тарау
Қазір біз үш топтық ұжымға бөлінеміз,
І. Таныстыру
Сабақ үш топқа бөліну арқылы өтеді.
1. Қабілет
2. Шабыт
3. Талант
Ұжым қорғайды, әр ұжымға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі, сол арқылы әр ұжым өзіне ұпай жинайды:
ІІ.Сұрақ-жауап
Талант тобына – 3 сұрақ
Шабыт тобына – 3 сұрақ
Қабілет тобына – 3 сұрақ
Үй тапсырмасына қысқаша шолу жасап өтейік. Өткен сабақта үйге берген тапсырмалар бойынша әр топқа үш сұрақтан берем.
І – топ Шабыт
1. 1970-1990 жылдардағы суретшілер шығармаларындағы өзгерістер қандай?
Біз 1970-1990 жылдардағы суретшілер шығармашылығына баса назар аударсақ, адамның асыл қасиеттерін алу үшін уақыт шеңберіндегі адамзаттық рухани сезімдерін бейнелеуге тырысқанын көреміз. Соңғы жылдары өнерде тарихи дәстүрді ұғуға деген ықылас, көне заманнан бүгініміздің бастауын көруге деген ұмтылушылықты айқын көре аламыз.
2. Қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі кім?
Әбілхан Қастеев(1902-1973) Қазақстанның халық суретшісі. Талдықорған облысы, Жаркен ауданы Шөпсін ауылында дүниеге келген. Этнограф әрі зерттеуші, қоғам қайраткері, депутат, пейзажист, зерттеуші, суретші. Еңбектері: «Биік мұз айдынында», «Амангелді сарбаздары», «Жас Абай», «Келін түсіру», «Сатып алынған қалыңдық» т.б.
3. Қазақстандағы көшбасшы белгілі суретшілерді атаңдар.
Орал Таңсықбаев. «Көшпенділер» атты көркем туындысы 1950 жылы Европа Шығыс елдеріндегі көрмелерде ерекше орынға ие болды.
Мария Сергеевна Лизогуб 1938 жылы Қазақстанға келген. Ол көбінесе қазақ әйелдерін басты кейіпкер ретінде бейнеледі. «Ертегілер» (1958), «Таңсәрі» туындасында екі әйел таң шапағын бірге қарсы алып тұрған образы сомдалған.
Әубәкір Ысмаилов. «Хан тәңірі»; Айша Ғалымбаева «Бір кесе қымыз»; Сахи Романов; Әмен Хайдаров; Хәкімжан Наурызбаев, Гүлфайруз Исмаилова айтуға болады.
ІІ – топ Талант
1. Қазақстан кәсіби суретшілерінен кімнің көркем туындылары ұнайды?
Маған Қанафия Телжановтың «Асауға құрық салу», «Көкпар» атты туындылары өте қатты ұнайды.
2. Қазақстан гобелен өнеріне үлес қосқан кімдер?
Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері: Тынышбекова, Батима Зәуірбекова, Сәуле мен Әлібай Бапановтар, Ирина Зиновьева Ярема
3. Қазақстанда қандай кино суретшілерін білесіңдер?
Атап айтсақ, Темековский Всеволод Владимирович, Анатолий Нинашев, Ыдырыс Қарсақбаев «Трансибирь экспресі» безендіргіш. «Қан мен тер» т.б.
ІІІ – топ Қабілет
1. 1980 жылдары танылған график суретшілер кімдер?
Олар Василий Тимофеев пен Қайырбай Зәкіровтің туындылары 1980-1990 жылдары жоғарғы бағаға ие болды. Еңбектері: «Қазақтың белгілі қайраткерлері» аттысериясында Әль-Фараби, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев портреттерін өте нанымды бейнелеген. Аман Батығалиев, Қадырбек Каметов еңбектері: «менің өлкем», «дала әуендері» т.б.
2. Белгілі суретшілердің жеке альбомдарымен танысып көрдіңдер ме?
Мен, «Қазақстан Акварелі» кітабынан көптеген еңбектер білемін. Ғалам тордан суретшілер еңбектерін көп көрдім. Мектеп кітапханасынан А.Дүзелхановтың, Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың шығармаларын көп көрдім, таныстым.
3. Алматы қаласында 1970-1980 жылдары қандай белгілі ғимараттар бой көтерді?
Алматы қаласындағы Республика сарайы 1970 жылы салынды (сәулетшілері - Н.Репинский , Л.Ухтобов, В.Ким) 1972 жылы Неке сарайы, «Медеу» спорт кешені, 1976 жылы Қазақ мемлекеттік өнер мұражайы салынды.
Үй тапсырмасын сұраққа жауап алу арқылы қорытындыланады, бағаланады
Жаңа сабақ
Мұғалімнің түсіндірмесі
Жаңа сабақ тақырыбы: Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелу өнері.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, бейнелеу өнерінде белгілі бағыттарда шығармашылық ізденістер жасаған суретшілеріміз жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізе бастады. Ең алдымен жаңа сабақты бастамас бұрын өз ойымызды ортаға салайықшы.
ІІІ. Топтастыру әдісі.
Шабыт тобы
Бейнелейді Орналастырады
Өз ойын ақ қағазға түсіреді Суретке жан бітіреді
Талант тобы
Анималистік (жануарларды) Портреттік(адам келбеті) Пейзаж(табиғат)
Тарихи Тұрмыстық (күнделікті тұрмыс) Батальдық(соғыс)
Қабілет тобы
Кескіндеме (майлы бояу. салу) Графика(карандаш, тушь) Сәулет өнері
Мүсін өнері Сәндік қолданбалы өнер Дизайн өнері
Қазақстанның бейнелеу өнерінде үш бағыт айқындалады:
Символдық тәсіл Концептуалды тәсіл Жаңа реализм
Бұл бағыттардан тарихымызды, таңбалар мен белгілерді бұл жерден этнодизайнды көруге болады екен.
Суретшілер қалыптасқан категориядан арылып, шығармашылық ізденуде еркіндік пен бостандыққа қол жеткізді. Жаңа ғасыр суретшілері өзіндік ой сезімдерін көркем шығармалары арқылы жария етті.
Қазіргі кезде бейнелеу өнері кескіндеме мен мүсін өнерінің бейнелі стильдік бағытымен дами бастады. Әсіресе реалистік бағытта тарихи тұлғалардың образын жасауда еңбек сіңірген суретші Ағымсалы Дүзелханов 1951 жылы туылған. Қазақстанның көркем тарихын қалыптастыру жолында сомдаған туындылары «Оғыз хан», «Томирис», «Сақтар», «Абылай хан», «Әбілқайыр», «Төле», «Қазыбек», «Әйтеке» билер сияқты шығармалары ұлттық мұралық қорымызды байытуға зор үлес қосқан. А.Дүзелханов шығармашылығы егеменді еліміздің өнерін өрбітуге өзіндік сипат алуда. Ол – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – «теңгені» көркемдеген авторлардың көшбасшысы. Оның еңбектері этнодизайнның қалыптасуына елеулі үлес қосып, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Суретшінің қазақ ертегілері мен төл оқулықтары безендірудегі жетістіктерімен әрбір оқушы таныс. Оның қылқаламынан туған ұлттық мазмұндағы көркем туындылар халық жүрегіне жақын. Әсіресе портрет жазудың хас шебері а.Дүзелханов хандар мен билер образын басты кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңіліп, келбеттік пішінін шынайы шеберлігімен сомдады. Елінің мақтанышына айналған А.Дүзелханов бейнелеу өнерінің беделін көтеріп, Америкада 150 елдің қылқалам шеберлері қатысқан іріктеуде «Дүние жүзі суретшісі» деген мәртебелі атаққа ие болған 33 суретшінің бірі.
Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнерінде ұлттық сипаттағы символикалық дәстүр жаңаша көзқарасқа ие болды. Бейнелеу өнеріндегі символизм мен концептуализм кейбір суретшілер шығармаларындатаңба немесе сызықтар арқылы визуальды-көркем түпнұсқаға айналды. Әбдірашид Сыдыхановтың таңбамен салынған суреттері Қазақстанның кескіндемелік өнерін символизм мен концептуализмге бағыттайды. Қазақстанның рулық таңбаларының графикалық символдарының семантикасы мен эстетикасын зерделеген көркем шығармаларында Ә.Сыдыханов өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Суретші өз еңбектерінде ежелгі түркі белгісі – таңбаны жетік пайдаланды.
Ал суретші Амандос Ақанаевтың көркем туындылары күрделі композициялық, трагедиялық психологизмге толы. Суретші А.Ақанаевтың ішкі жан дүниесінен туындаған еңбектері бейбітшілік аңсаған халықтың арманымен ұштасып жатты. Шебер суретшінің қылқаламынан шыққан көлемді полотноның триптихқа айналуы тегін емес. «Бұл тынымсыз әлем» атты шығармасында жауыздық, қайғы-қасірет кеңінен суреттелген. А.Ақанаевтың « Мәңгі өлмеу туралы поэма» шығармасында О.Сүлейменовтың портреті сомдалған.
Жаңа буын суретшілер аға буынның идеяларын дамыта отырып, жеке танымдық көзқарастарын қалыптастыруда. Еркін ойлау, түйсіну, сезіну арқылы өзіндік көркем туындыларын жасауда. Атап айтсақ, Ғ.Мадановтың «Үздіксіз шұғылы», Қ.Хайрулиннің «Жел ызыңы», А.Бапишевтің «Төрт пайғамбар», А.Қазығұловтың «Дала мадоннасы» сияқты көркем туындылары суретшілердің тақырыпты түйсінуі, сезінуі арқылы суреттелген.
Қазіргі бейнелеу өнері еркін ойлауға жол ашты, тарих бетінің талай жасырын ақтаңдақтары көркем шығарма ретінде дүниеге келді.Қазақстанның суретшілерінің қол жеткізген табыстары бүкіләлемдік мәдени кеңістіктен көрінуде. Жаңа ғасыр суретшілері бейнелеу өнерінің беделін арттыра беретіні анық.
IV.Елестетіп сурет салу
1. Шабыт ұжымы Ағымсалы Дүзелхановтың «Саятшы» деген еңбегінен алған әсері бойынша көз алдына елестетіп төмендегі суреттерді салады.
1. Бүркіттің самғап ұшуы
2. Бүркіттің шүйірілуі
3. Бүркіттің аң аулауы
2. Қабілет ұжымы Ағымсалы Дүзелхановтың кітап графикасына байланысты жолбарсқа мінездеме беру арқылы сурет салады.
1. Жолбарыстың демалуы
2. Жолбарыстың ашулануы
3. Жолбарыстың аң аулауы
3. Талант ұжымы Ағымсалы Дүзелхановтың еңбектеріне эссе жазады.
V. Не білдім, не үйрендім, не білгім келеді?
Балалар өз ойларын ортаға салады.
VI. Қорытынды баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.