.
.
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы Бейнелеу өнерінің жанрлары. Пейзаж
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3756 | Размер: | Автор: нартай«Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Пейзаж
Бейнелеу, сызу, технология пәндерінің мұғалімі: Бөкшінов Б.
Сабақ: №5
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің жанрлары. Пейзаж.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен оқушыларды жүйелі
түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат
сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж, портрет, натюрморт атауларымен таныстық. Міне, осыларға ортақ атау ол - жанр. Шығарманың жанрын анықтау үшін «Суретші өз шығармасында нені бейнеледі?» деген сүраққа жауап беру керек. Егер картинада табиғат бейнеленсе, бейнелеу өнерінің бұл жанры ПЕЙЗАЖ деп аталады. Пейзаж бейнелеу өнерінің әр түрінде кездеседі.
Ол графика, кескіндеме, мүсін түрінде де бола алады. Оны бояумен, қарындашпен, аппликация, тәсілімен, тіпті жапсырып салуға болады.
Табиғат құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.
Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.
Жас ұрпақтарға:
- Планетамыздың иесі – сендер.
- Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, - деп, насихаттаймын.
Ал, енді плэнэр дегеніміз не екендігіне тоқталайық. «Плэнэр» деген сөз француз тілінен алынған. Қазақша «ашық ауа» мағынасында. Толығырақ айтқанда, табиғатқа шығып құбылыстарды түсті бояу мүмкіндіктері арқылы тікелей жазу, бейнелеу дегенді білдіреді.
Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.
Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген.
19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші.
Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады.
Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.
Үйге тапсырма беру: Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.