.
.
Сабақ тақырыбы: Білім және құқық Білім және құқық
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1871 | Размер: | Автор: нартайСабақ мақсаты:
А) білімділік: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың іс-әрекетінің заңға сәйкестігін қадағалау қабілетін қалыптастыру.
Ә) дамытушылық: оқушыларды құқықты, заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге орындауға дағдыландыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды құқықтық саналылықққа, қоғамға қарсы келген оғаш көріністерді заң арқылы шешуге, ата-заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, білімді, парасатты тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: талдау, пікірталас, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Білім Заңы
Сабақ түрі: топпен жұмыс сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, құқық негіздері
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Олар екі топқа бөлінеді. Сайыс бес кезеңнен тұрады.
ІІ. Сайыстың барысы:
1.Топпен таныстыру
2.Білім сайысы
3.Жылдар сөйлейді
4.Ой сергіту
5.«Адасқан әріптер»
6. Қорытынды
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген . Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Оқушы құқылы:
· мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
· қосымша білім алуға;
· ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;
· мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылар міндетті:
· Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
· Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
· Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
· Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
· Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
· Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
· Себепсіз сабақтан қалмау;
· Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
· Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;
· Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
· Қоғамдық жерлерде өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
· Мектеп формасын сақтау;
· Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.
1.Топпен таныстыру.
Оқушылар сайысты өздерін таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.
2. Білім сайысы. «Әділет »тобына қойылатын сұрақтар.
2.Мемлекет деп нені айтамыз?
3.Қоғамдық өмір аяларын атаңдар.
4.Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?
5.Меншіктің қандай түрлері бар?
6.Сенат төрағасын кім тағайындайды?
7.Судья сот төрелігін іске асыру кезінде кімге бағынады?
8. «Жеті жарғы» заңдарын айтып беріңдер.
9.Азаматтық құқық дегеніміз не?
10.Қылмыс деген не?
«Ақиқат » тобына қойылатын сұрақтар
1.Қоғам дегеніміз не?
2.Автохтонды ұлт дегенді қалай түсінесің?
3.Отбасының атқаратын функциясы қандай?
6. Әбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? - Сот
7.Құқықтық мемлекет дегеніміз не?
8.Құқық дегеніміз не?
9.Заңды тұлға деген кім?
10.Шетелдік азаматтар жеке тұлға бола ала ма?
3. «Жылдар сөйлейді» Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақ қойылады.
«Әділет» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1.ҚР Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
2.ҚР Білім туралы заңы қашан қабылданды?
3.Бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
4.ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?
«Ақиқат» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1.Бала құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?
2.Қазақстан үкіметі қай жылы ақша реформасын іске асырды?
3.Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
4. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты?
4. «Ой сергіту»
Шарты: Әр топқа құқық және білім туралы мақал-мәтелдер беріледі, соның жалғасын табу.
Әділет тобына
1. Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
3. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
4. Білім гауһар-
Бағасы жоқ.
Надандық кесел-
Дауасы жоқ.
Ақиқат тобына
1. Ұрлық түбі ......... (қорлық)
2. Біреуге ор қазба ...... (өзің түсесің)
3. Заңның құрығы ......(бәрінен ұзын)
4. Қолыңмен істегенді ..... (мойныңмен көтер)
5 бөлім «Адасқан әріптер»
Шарты: ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау
1. Конституция уяцтсикионт
2. Инновация няоинвцф
3. Президент тпнрендзи
4. Декларация цяиралдкеа
5. Куәгер гркуеә
6. Білім іблмі
7. Үкімет тіүкем
8. Республика серубплиак
9. Педагогика едпкагоги
10. Психология ясипсилогх
6.Қорытынды. Қазылар алқасы сайыскерлер жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтайды, марапаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.