Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Графикалық редакторда геометриялық денелерді кескіндеу -

Графикалық редакторда геометриялық денелерді кескіндеу

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2173 | Размер: | Автор: нартай
. Тақырыбы: Графикалық редакторда геометриялық денелерді кескіндеу
Мақсаты: 3D технологиясымен геометриялық денелерді кескіндеуге үйрету. Оқушылардың алған теориялық білімдерін тексере отырып, компьютерлік графикалық сауаттарын тереңдете қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, денелердің құрылысын елестетуге, ой қорытып, нақты шешім жасауын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Нақтылыққа, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, сауатты кескіндеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АСКОН 3D программасы, интерактивті тақта
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындйқтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.

1. Оқушылармен сәлемдесіп, журнал бойынша түгелдеу.
2. Үй тапсырмасына берілген топографиялық сызбалардың шартты белгілерін (238-сурет) тексеріп, толық аяқталған сызбаларды жинап алу.
3. Жаңа сабақта КОМПАС-3 D LT V10 программасымен геометриялық денелерді кескіндеу.
Геометриялық денелерді графикалық ( 3D технологиясымен ) кескіндеу.
1. Цилиндр проекциясы
2. Шаршы проекциясы
3. Шар проекциясы
4. Конус проекциясы
5. Сақина проекциясы
3D технологиясымен кескіндеу үшін алдымен создать (Ctrl+N) пернесін басып ашылған терезеден деталь редакторын таңдап аламыз.


Ашылған Деталь [БЕЗ ИМЕНИ] терезесінде геометриялық денелерді 3D форматында (үш жазықтықта) кескіндеуге арналған мәліметтер мен құралды-нұсқаулар толық берілген.
Керекті жазығымызды ориентация пернесі арқылы таңдап, жоғардан эскиз пернесін басып кескіндеуге керекті құралдарды ашамыз. Қарап отырсақ сол жақтан дерево модели жанынан қосымша пернелер беріледі. Сол пернелер арасынан геометрия пернесін аламыз. Геометрия пернесін басқанда төменнен тағы қосымша пернелер ашылады. Осы пернелер арқылы кез келген өлшемдегі геометриялық денелерді сызуға мүмкіндік аламыз.
Мыс: цилиндр сызу үшін окружность түймесін басып жазықтыққа апарып тышқанның сол жағын басып тұрып керекті радиуста немесе диаметрде шеңбер сызып аламыз. Шеңбер сызығы сызылса төменнен Auto пернесін басып операцияны аяқтап келесі операцияға көшеміз.
Келесі операция сол жақта жоғарыда Редактирование детали пернесін басқанда төменнен операция выдавливания пернесі ашылады. Осы перне арқылы шеңбердің жазықтығын өзгертеміз. Шеңбер жазықтығы дегеніміз цилиндрдің биіктігі. Операцияны аяқтау үшін тағы төмендегі Auto пернесін басамыз. Терезеден көріп тұрғаныңыздай цилиндрді орентация-дан керекті бағытта ( спереди, сзади, сверху, сзади, слева, справо және изометриялары XYZ, YZX, ZXY немесе диметриясын) қарауға болады. Немесе тышқанның ортасын басу арқылы қозғауға болады.

Шаршының кескіні
Шаршыны кескіндеу үшін геометрия пернесінен прямоугольник арқылы керекті биіктік пен енін ала отырып тышқанның сол жағын басып тарту арқылы тұрғызамыз. Геометриялық денелер өлшемдерін төменнен өлшем жазылатын терезелерге өлшем сандарын жазып Enter баспасымен орындауға да болады.


Шардың кескіні
Шарды кескіндегенде алдымен жоғардағыдай цилиндр тұрғызып аламыз. Тек мұнда шар шығу үшін цилиндрдің диаметрі мен биіктігі тең болуы керек. Тұрғызылған цилиндрдің екі қырын (асты мен үстін) скругление түймесімен керекті диаметрде белгілеп алып Auto пернесімен операцияны аяқтаймыз.


Конус кескіні
Конус тұрғызу үшін де алдымен цилиндр тұрғызып аламыз. Пирамиданың шардың суретінен айырмашылығы скругление түймесімен бірге орналасқан фаска түймесімен орындаймыз. Бұрыштық және биіктік өлшемдері төменде жүгіріп отырады. Цилиндрдің жоғарғы жиегінен белгілеп фаска түймесімен, Auto пернесімен операцияны аяқтаймыз.


Сақина кескіні
Көріп тұрғандарыңдай сақина да цилиндр кекінен шыққанын байқаймыз. Сақинада қалған денелерге қарағанда үш өлшемді операциямен орындалады. Ішкі, сыртқы диаметрлері және қалыңдығы. Бұнда тұрғызылған цилиндрдің ішіне керекті диаметрде шеңбер сызып, Редактирование детали пернесіндегі отверстие батырмасымен ортасын ойп аламыз.


Орындалған кескіндерді чертеж 2D редакторында орындап көшіру арқылы осы редакторға салуға да болады. Чертеж 2D сызу, оны көшіру осы редакторда тікелей кескіндегенге қарағанда әлдеқайда уақыт алады. Және осы редакторда денелерді құрастыру, тілу т.б бөлшектерге түрлі операциялар орындауға болады. Жоғардағы кескінделген қарапайм денелерден құрастыру арқылы күрделі денелер шығаруға болады.

Қосымша «шах-мат» фигурасы пешканы кескіндеп көрсетіп, өлшемдерін беріп өз беттерімен геометриялық денелерді (шар, цилиндр, сақина, пирамида, конус) кескіндеу.




Қортындылау
Үйге тапсырма: Шахмат фигураларын кескіндеу.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.