Импрессионист суретшілер туындыларымен танысу
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4421 | Размер: | Автор: ПубликаторСабақтың тақырыбы: Импрессионист суретшілер туындыларымен танысу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдерін қосымша мәліметтермен толықтыру; білімдерін арттыру..
Дамытушылығы: практикалық сабақ барысында бейнелеу өнерінің түрлеріне эскиздер жасау, сурет салуларын ұйымдастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сабақ барысында ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын, қалыптастыру.
Көрнекілігі: кітап, иллюстрациялық материалдар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
А) оқушыларды түгелделдеу
Б) оқу құралдарын тексеру
В) өткен материалдарды қортындылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ ХІХ ғасырдың аяғында француз суретшілері ашық табиғат аясында отырып пейзаж жаза бастаған. Әрине, бұл табиғат көріністерін ұзақ бақылаудың және аспан астындағы әр алуан құбылыстарды талдаудың нәтижесі. Жарық жаңа кескіндеме өнерінің негізгі элементіне айналады. Табиғатты тікелей тамашалап, түстердің өзгеше тұстарын көрсете отырып, суретшілер өз жұмыстарына ерекше әсерлікке –жаңашылдыққа қол жеткізді. Суретшілер түстер мен реңдердің байлығын, түстер мен жарықтың құбылуын, сонымен қатар өздерінің алған әсерін көрсетуге ұмтылды. Фрацуздық Эдуард Мане, Эдгар Дега, Клод Моне, Огюст Ренуар, Альфред Сислей, Камиль Писсарро, Берта Моризо импресионист-суретшілер деген атақа ие болды. Уақыттың өтуімен импрессионистердің еңбектеріне лайықты бағасын берді. Импрессионистердің өнерін бағалай білетіндер олардың туындыларын жарық пен түстен тоқылған кескіндеме деп аталады. Бұл импрессионистер өнерінің мазмұны мен көңіл күйін дәл білдіретін анақтама еді. Клод Моненің «Көгалдағы таңғы ас» жұмысы күннің шұғыласына шомылғандай. Күннің сәулелері шөпте, жапырақтарда, ағаш қабығында, бикештердің көйлектерінде шағылысады.
Қортындылау
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша басталған жобаны аяқтау, нобайлар жасау.