Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кесіндіні жӘне шеңберді тең бөліктерге  Бөлу -

Кесіндіні жӘне шеңберді тең бөліктерге Бөлу

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6206 | Размер: | Автор: нартай
. Сабақтың тақырыбы: Кесіндіні жӘне шеңберді тең бөліктерге
Бөлу.

Сабақтың мақсаты: а)сызбада кездесетін кесінділер мен
шеңберді тең бөліктерге бөлу Әдісін
менгерту,сызу құралдарымен жұмыс істеуге
машықтандыру.

а)оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
арттыру.

б)Кесіді, шеңберді шеңберсызар сызғыш
көмегімен тең бөліктерге бөлу тӘсілін
үйрету.

Сабақ түрі: сайыс.

Сабақ Әдісі: сұрақ –жауап, Әңгімелеу, топпен жумыс.

ПӘн аралық байланыс : математика.

Көрнекілігі: слайд.

Қажетті құрал – жабдықтар: кітап, дӘптер, қарандаш, сызғыш, шеңберсызар, маркер.

Сабақтың мақсаты: 1. Қызығушылықты ояту.
2. Миға шабуыл
3. Мағынаны ашу.
4. Байланыс.
5.Бағалау.
6.Уйге тапсырма.

1.Қызығушылықты ояту.
а) амандасу, түгендеу
а) түс таңдау
б) топқа бөлу (слайд)
(жұлдызжорамал)

Қане, оқушылар, бәрін тақта алдына шыға қойыңдар.Шеңбер бойынан өздеріңе ұнаған тусті таңдандар.
Енді тақтаға назар аударсақ.

Слайд бойынша тустер кезекпен шығады.
Кызыл тус таңдаған оқушылар алға шығады.Жулдызжорамал.Бұл түсті таңдаған оқушылар алғыр,топ уйымшыл,алға қойған максаттары айқын,тек қана алға умтылады.

Жасыл тус. Бұл түсті таңдаған оқушылар жаны жайсаң, аққөңіл, сабақтан кешігуді,сабақ қалдыруды қаламайтын жандар.

Кок тус. Мектеп ережесіне толық бағынатын, арманшыл, зейін қойып оқыса болашақта білікті заңгер, ушқыш болуға толық мумкідігі бар окушылар.

Сары тус. Бұл топтағылар сабырлы аз сөйлеп көп тыңдайтын , логикалық ойға жуйрік, жалқаулыкты жаны қаламайтын оқушылар.

2. Миға шабуыл стротегиясы.
өткен сабақтар бойынша әр топқа екі – екіден сұрақтар қою.

1.Сызу аспаптарына нелер жатады?

2.Пішім дегеніміз не?
(сызба салуға арналған қағаз)

1.Сызба сызықтарының неше түрі бар? (9)

2.Қандай маштаб түрлерін білесіңдер?
(улкейту,нақты,кішірейту)

1. Қарындаштың қандай түрлері бар?

2.Бұрыштық өлшемдер қалай жазылады?
(градус,минут,секунд)

1.Сызықтық өлшемдер немен көрсетіледі?
(мм)

2.Пішімнің неше түрі бар?
А1
А2
А3
А4

Слайд бойынша тақырыпты шығарып алу.
- не бейнеленген?
- қалай бейнеленген?
Сонымен оқушылар бүгінгі тақырыбымыз Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу.
ДӘптерге күннің жадын, тақырыпты жазғызу.

3.Мағынаны ашу.
а) оқулық бойынша мәтін беру.
а) оқиды
б) өзара талдайды
в) плакатқа сызады
г) тақтада қорғайды

1. Берілген АВ кесіндісін тең n бөлікке бөлу.
Кесіндінің бір ушы А нуктесі арқылы сӘуле жургіземіз.Тузу бойына ұзындығы қалауымызша алынған өзара тең n кесіндіні А нуктесінен бастап өлшеп саламыз.Сөйтіп өзара тең n бөлікке бөлінген ААn
кесіндісін аламыз.Ең соңғы Аn нүктесін В нүктесімен түзу арқылы
қосамыз. Бөліну нүктелері А1,А2,А3….Аn арқылы АnВ түзуіне параллель түзулер жүргізсек, олар АВ кесіндісін n бөлікке бөлінгендігін аңғару қиын емес.
2.Шеңберді тең 3,6 бөлу.
Берілген шеңберді тең 6 бөлікке бөлу үшін шеңберсызардың сирақтарының алшақтығын шеңбер радиусына тең етіп аламыз. Шеңбер диаметірін жүргізіп, оның шеткі нүктелерін А жӘне В деп белгілейміз. Шеңберсызардың инесін А нүктесіне қадап, шеңбер жургізсек екі шеңбер F жӘне Д нүктелерінде қиылысады. Шеңберсызар инесін В нүктесіне қадап шеңбер жүргізсек Е жӘне С нүктелерін аламыз.

А,С,Е,В,F,Д нүктелері шеңберді 6 бөлікке бөледі.
А,Е жӘне F немесе С,В,Д нүктелері шеңберді тең 3 бөлікке бөледі.

3.Шеңберді тең 4,8 бөлікке бөлу.
Шеңберді тең 4 бөлікке болу оңай. Ол үшін өзара перпендикуляр АС және
ВД диаметірін жүргізсек болғаны. А,В,С жӘне Д нүктелерін қосатын хордалар жургіссек, шеңберге іштей сызылған шаршы шығады.Шеңбер центірінен шаршы қабырғасына түсірілген перпендикуляр түзулер шеңберді тағы төрт нүктеде кияды.Сонда шеңберді А,L,В,Е,С,F,Д,К нүктелері тең 8 бөлікке бөледі.

4.Шеңберді 5 бөлікке бөлу.
Шеңберге іштей бурыш салу үшін оның өзара перпендикуляр АК және
МД диаметірін жүргіземіз.НО
кесіндісінің ортасын табамыз.NL = LО.
L нүетесін центірі етіп алып, А нүктесі
арқылы шеңбер жүргізеді.Шеңбер MN
диаметірін F нүктесінде қиады.Сонда АF
кесіндісі берілген шеңберге іштей
сызылған дұрыс бесбұрыштың бір қабырғасын береді.А нүктесінен бастап төрт рет өлшеп салу арқылы В,С,Д жӘне Е нүктелерін саламыз.
Дайын топ тақтаға шығып қорғайды.жетіспеген жерін мұғалім түсіндіреді.

Жаттығу жумысы.
№1. Узындығы 40 мм кесідіні тең 6 бөлікке бол, ұзындығы 30 мм кесідіні
тең 8 бөлікке бөл.






Толғаныс.

1. Кесіндіні тең бөліктерге қалай бөледі?
АВ кесіндісі берілсе? (А нүктесі арқылы сәуле жүргізеді)
2. Бүгінгі сызбаларды орындау барысында қандай сызба аспаптары қолданылады?
3. Шеңберді 4- ке қалай бөлуге болады?
(АС,ВД диаметрлері жүргізіледі)
4. Нүкте қандай әріппен белгіленеді? (бас әріппен)
5. Шеңбердің центірі қандай әріппен белгіленеді? (О)
6. Шеңберді қандай нүктелер тең 5 бөлікке бөлікке бөледі?
(А,В,С,Д,Е)

Бағалау.
Сабақ барысында қатысып отырған оқушыларға баға қою.

Үйге тапсырма.
&7. 2,4 жаттығу.

Мичурин орта жалпы білім беретін мектеп балабақшасы.

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу».
9 – сынып

Өткізген: Бейнелеу өнері және сызу
пәнінің мұғалімі Шамарова Қ.А.

2013 – 2014 оқу жылы.

Мектеп оқушыларының көркемдік талғамын тәрбиелеу.

Көркем – эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды да, тиімді әдісі – эстетикалық көркем сипаттағы бейнелеу әрекеті түріндегі ойын болып табылады. Фребель өз еңбегінде баланы эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде өнер түрлерінің барлығының да маңызды екенін атап көрсетт. Соның ішінде оқушылардың әр түрлі өнер шығармаларын қабылдауға деген қызығушылығын арттыруға назар аударуды.
Жалпы өнер дегеніміз – шындықты көркем бейне арқылы көрсететін, әлемді эстетикалық игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын қоғамдық сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық әрекеті. Өнер – сұлулық заңы бойынша қоршаған орта мен өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан өзгерту қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсаты, қоғам адамының болмысты рухани меңгерудің түрі. Өнер өзінің тарихи дамуы барысында нақты өнер түрлерінде шынайы өмірдің көп қырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде дамиды. Өнер бір рет пайда болғаннан кейін дами отырып, адамның әр жақты қабілетін қалыптастырады, жетілдіреді, әлеуметтік іс - әрекеттер мен танымның кез келген саласында ғылымда болсын, саясатта болсын, тұрмыста және тікелей еңбекте де іске асырылады. Жалпы өнер түрлерінің қайсысы болса да олардың бәрінің ерекше нысанасы адамның болмысқа деген эстетикалық қатынасы ретінде танылады, оның міндеті - әлемді көркемдік тұрғыда меңгеру.
Сол себептен өнер шығармаларының орталық назарында адам, оның өмірі, белгілі бір тарихи жағдайдағы іс - әрекеті тұрады.
Өнердің қоғамдық өмірдегі алатын орны ерекше. Өнер рухани жан дүниені байытып, мәдени мұраларды жаңғыртып, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар бейнелеу өнері пәнінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін, эстетикалық талғамын, мәдени-көркем білімін халықтың озық салт-дәстүрі, рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.
Бейнелеу өнері – көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін көркем шығармалар түрлерінің тобы.
Бейнелеу өнерінің шығармалары – уақытта да, кеңістікте де өзгермейтін заттық форма. Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде, сондай – ақ заттың материалдық формасы ретіндегі объективті қасиетіне және заттың көлемі, түсі, жарықтығы, фактурасы және кеңістік ортаға байланысты шығарылады.
Мектеп оқушыларында табиғат әсемдігіне, өмірге, өнерге деген шынайы сезімін, ыстық ықыласын ояту, әсемдікті немесе эстетикалық пайымдау мен бағалауды түсіну; шығармашылық күш пен қабілеттерін ояту сияқты негізгі міндеттері бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған мәселе болып отыр.
Бейнелеу өнерінің негізгі мақсаты: оқушыда қоршаған ортаға деген өнегелі - эстетикалық қатынас қалыптастыру, өмірдегі әр түрлі құбылыстардың өзіндік құндылығын түсінуге тәрбиелеу, өз халқының өнерін, мәдениетін сүйетін, өзге халықтың көркем мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі бай, эстетикалық тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру; нақты өнер түрлері арқылы практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастырып іскерлігін, көркем – шығармашылық қабілеттілігін арттыру.

- Оқушыларды көркем іс – әрекеттер түріне баулу, қоршаған орта мен табиғаттағы түстер мен формаларды эстетикалық тұрғыдан танып, қабылдауын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының елдік белгілерін танып – білу арқылы ұлттық бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
- Оқушыларды жалпы өнер түрімен таныстырып , олардың халықтық ой – қиялымен, арман - мақсатына н туындап, өмір шындығын көркем бейнелейтін, адамның көңіл – күй сезіміне қуатты әсер ететін әлуеті бар екенін түсінуін қамтамасыз ету.
Барлық адам өмірге шынайы көзқараспен қарай отырып, сол өмірдің әсемдігінен, көкем келбетінен рахат табады.
Әлі санасы қалыптаспаған жас баланың өзін айналадағы әсемдік атаулы: бояудың әдемі үйлесімі, күн сәулесінің, табиғаттың құбылыстары, тірі жанның көркем мүсіндері мен пішіндері өзіне тәнті етіп отырады. Әсемдікке, сұлулыққа іңкәрлік – адам табиғат әу бастан – ақ еншілеп берген рухани сыбағасы. Өмір есігін жаңадан ашқан сәбиді еріксіз тарта отырып, оны тәрбиелей бастайды. Жақсылықтың бір нышанын жас адам осы сұлулық құбылысынан табады. Ол қандай данышпан болса да, кей кездерде әсемдіктің қыр-сырына, тылсым құдіретіне тереңдеп жете алмайды, адамның эстетикалық көзқарасының қалыптасуы, сол жолда іштей дұрыс бағытпен тәрбиеленуі қашанда күрделі құбылыс.
Оқушылардың эстетикалық – көркемдік жағынан дамуына әлеуметтік – психологиялық зертеу жүргізу нәтижесінде мектеп оқушыларының басым көпшілігінің талғамдық бағдармен ұстанымға ие екендігіне көз жеткіздік.
Әдетте, талғам, әсіресе, көркемдік талғам кәдімгі мектеп бағдарламасы бойынша тәрбиеленеді. Бұл барша мұғалімдерге түсінікті. Біздің әдебиет, музыка, бейнелеу өнеріне кәдімгі оқытып үйретуіміз және өнер түрлерінің баршасы пәнаралық байланыс жағдайында баулу, оқушыларға биік, тек көркемдік талғам үлгілерін көрсету ұстанымында ғана бір негізде жинақталады. Өнер шығармаралы – белгілі бір мәдениеттің әр түрлі күрделі дәрежедегі жемісі, ал оны қабылдау, оны бағалаудың деңгейі де мәдениет жемісі.
Әр түрлі тақырыптағы тақырыптық суреттер салғызу мысалы: «Табиғат көрінісі», «Туған өлке табиғаты», «Су асты әлемі». Ертегі желісі бойынша сурет салу оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, елестете отрып сурет салуға дағдыландырады.
Табиғат көрінісін бейнелеу – күрделі процесс. Бұл кезеңде оқушылардың бақылау, байқау есте сақтау қабілетін ой - өрісін жүйелі жетілдіру мәселесі қарастырылды. Әр алуан бояу түстері жарасым тауып, бір түске ортақтасуы,үйлесуі керек.
Сондықтан оқушыларды әр мезгілмен таныстыра отырып, табиғат көрінісін бейнелеуге үйретуіміз қажет. Затқа қарап сурет салуда бейнелейтін нәрселерді орналастыру, орнын белгілеу, көру жүйесін таңдау, қағаз бетіне суретті дұрыс орналастыру үйлестірудің бастапқы негізі болып табылады. Оқушылар бояумен наюрморт орындау барысында әрбір заттың өзіне тән формасын ажырата отырып, әр алуан түстердің реңдік қатынастарын дұрыс меңгеруге дағдыланады. Сәндік қолданбалы өнерде өнердің шығу тарихы, дамуы туралы мағлұмат беру.

Әр түрлі материалдарды, түрлі орындалу техникасын пайдаланып көркем шығармалар орындау.
Үйірме жұмыстарында материалдардан көркем бұйымдар жасау, түстерді сәйкестендіріп пайдалану, оқушылардың талғамын қалыптастыруға көп әсерін тигізеді. Бұл жерде оқушы пікірін тыңдау, бірігіп жұмыс жасау нақты нәтиже береді. Мысалы: түсті қағазды пайдаланып жұлмалау әдісі бойынша ,квиллинг әдісімен, түрлі-түсті жіптерден түрлі тапсырмалар орындауға болады. Оқушылар алдымен эскиздер дайындап, одан соң түстерді сәйкестендіріп пайдалануға көп көңіл бөледі. Табиғи материалдардан композициялар орындау оқушылардың қызығушылығын арттырумен бірге , әдемілікке, әсемдікке баулиды. Тұрмыстағы қарапайым нәрселерден түрлі пайдалы бұйымдар жасау оқушы талғамын одан сайын арттырады. Яғни, бала өз бетінше ойланып, жеке жұмыстанады. Қазіргі кезде дизайн өнері күннен-күнге дамуда. Адамның ойы,қиялы шексіз. Тек ізденіс пен ынтаны , шыдамдылық пен үлкен еңбекті талап етеді.Оқушылардың жасаған еңбектері еш кетпеуі керек. Сонда ғана оқушыларда ынта-ықылас пайда болады.Қызығушылық қалыптасқан жағдайда ғана оқушыдан үлгілі жұмыстар күтуге болады. Оқытушы күрделі ұғымдарды түсіне алатын оқушыларды қолдай отырып,тебіреніс тереңіне деген және өнер шығармаларының мәніне деген қызығушылығын оятуға ұмтылыс жасауы қажет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.