Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Халық қолөнері.  Ағаш өңдеу өнері -

Халық қолөнері. Ағаш өңдеу өнері

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3396 | Размер: | Автор: нартай
. Кулданова И.С.
№52 негізгі мектебінің
бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы

Сабақтың тақырыбы : Халық қолөнері. Ағаш өңдеу өнері.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларды халық қолөнеріндегі ағаш өңдеу өнерінің
түрлерімен жете таныстыру.
2.Дамытушылығы: ой – қиялын, шығармашылығын, талдау, жинақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: ұлттық өнер түрлерін қастерлеуге, сақтауға, оны дамытуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Ыдыс-аяқтар, ою-өрнек түрлері, иллюстрациялар, тірек-сызба, тапсырмалар.
Сабақтың әдістері : Қызығушылығын ояту, көрнекілік, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын қадағалау, құрал-жабдықтарын түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың үй жұмысын тексеріп, жіберген қателерін түзеу.
III.Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Мұғалім сөзі:
-Қазақ халқында ең кең тараған қандай өнер түрін білесіңдер?
-Қолөнер.
Мұғалім тақтаға суреттерді іледі. Соның ішіндегі қолөнерге жататын суреттерді (сырмақ, ұлттық киім, машина, ғаламтор) оқушылар ажыратады.

-Сонымен қолөнерге не жатады?
-Ағаштан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, тігілген киімдер, ер-тұрмандар
Мұғалім: - Ендеше, бүгінгі сабағымызда қолөнер түрі ағаш өңдеу өнеріне тоқталайық.
- Ерте кезде ыдыс – аяқтарды неден жасаған? (Ағаштан ойып жасаған)
- Қандай ыдыстар жасаған? (Ет салатын табақтар, келі-келсап)
- Ожауды да ағаштан жасаған
- Тек ыдыс-аяқтар жасаған ба? (-Сандық, кебеже жасап ойған, киіз үйді де жасаған)
Тірек –сызбамен жұмыс

Ағаш ыдыс-аяқтар





Тапсырма : Тірек – сызбадағы бос торкөздерді қажетті сөздермен немесе суреттермен толтырыңыз.
Ожау тегеш тостаған келі-келсап таба


«Адасқан сөздер» ойыны
Сөздерді ретімен орналастырып мақал-мәтелді құрастыру: (Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді.)
Шешеннің сөзі мерген, ісіңе сен, күшіңе сенбе, шебердің көзі мерген.
Дұрыс жауабы: Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Тапсырма
Қымызға арналған ожаудың суретін салуды кезең бойынша көрсете отырып, альбомдарына орналастыру.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.

1 Ағаштан жасалған ыдыс
а) саба
ә) сандық
б) келі-келсап
2 Ағаштан жасалған бұйымдар
а) кебеже, сандық
ә) балға, төс
б) қоржын, аяққап

3Ағаш түрлері
а) терек, қайың
ә) қына, балдыр
б) меңдуана, алоэ
Өзін-өзі бағалау парағы

Р/с
Тапсырмалар Мұғалім
берген
ұпай саны Оқушының
жинаған
ұпай саны
Баға
1. Сұрақтар 6
2. Тірек-сызбамен жұмыс 10
3. Мақал-мәтелдің орнын тап 4
4. Ожаудың суреті 8
5. Тест 3
Барлығы 31
Бағалау кретерийі: 31-35 ұпай – «5», 21-30 ұпай – «4»,15-20 ұпай – «3».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.