Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өнер және бейнелеу өнері -

Өнер және бейнелеу өнері

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3215 | Размер: | Автор: нартай
. Сабақтың тақырыбы: Өнер және бейнелеу өнері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өнер және бейнелеу өнері түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Бейнелеу өнерін басқа өнермен сабақтастыра қарауға
оқушылардың көзқарасын қалыптастыру
Тәрбиелік: Бейнелеу өнері жолындағы талпыныс, ізденісіне жол көрсетіп,
үйреншікті нәрседен әсемдікті таба білуге,көргенді есте сақтауға
және қабілетін дамытып шығармашылықпен жұмыс жасауға
үйрету.
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс. 1) Живопись
2) Мүсін.
3) Графика
4) Қолөнершілер
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақтар мен жауаптар
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері тақырыбындағы суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды түгелдеу
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Ой ашу, ойлан тап ( сурет аяқтау)
2.Суретшінің шығармасы туралы әр оқушы бір сөз айту (Табиғат көрінісін бейнелеген, түс үйлесімді, жаз мезгілі т. б.)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын өтілген материалдарды еске түсіре отырып, оқушыларға сұрақтар беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Сұрақтар.
1.Әр түрлі бояулармен салынған сурет (живопись)
2.Суреттегі мына композиция қалай аталады? (түстердің үйлесімділік
композициясы)
3.Қаламмен, тушпен салынатын сурет (графика)
4.Адамның бет бейнесін бейнелеу (портрет)
5.Бір немесе бірнеше заттардан құралған шығарма (натюрморт)
6. Тас пен гипстен жасалған бейне ( мүсін)
7. Түссіз бояулар (ақ, қара, сары)
8. Күлгін қызыл мен сары түсті қоссаң қандай түс шығады ? (қызыл түс)
9.Ә.Қастеев кім? (суретші)
10.Әр түрлі қағаздармен жабыстыру арқылы жасалған жұмыс (оппликация)
11.Халық өнерінің қолтаңбасы (ою-өрнек)
12.Үйлер мен ғимаратты қандай өнер түріне жатқызамыз? (сәулет өнері)
13.Бір басылымды суретті қалай атаймыз? (монотипия)
14.Қандай суретшілерді білесіңдер? (Ә.Қастеев, Г.Ғалымбаева т.б.)
15.Мына суреттің бейнелігі мен көркемдігін айт (оқушы ойлары айтылады)
16.Негізгі түстерді ата (қызыл, сары, көк)
17.Өнер туралы мақал-мәтел
18.Білім туралы мақал-мәтел.
19.Өнер туралы мақал-мәтел
20.Білім туралы мақал-мәтел
21.Затың көркемдік үлгісін жасау (дизай.б.н)




Бейнелеу өнері өнердің бір түрі болып табылады.
1.Белгілі бір уақыт мезгілі ішінде кеңістікте көзбен көріп, құлақпен тыңдап қабылдайтын өнер түрі. Олар: театр ,кино, опера, балет, би т.б.
2.Белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көрінбейтін, тек қана құлақпен тыңдап, елестетіп қабылдайтын өнер түрі. Оларға ән-күй, синфония, әдебиет, поэзия т.б.
3.Уақыт мезгілге байланысты емес, кеңістікте тұрақты болып, көзбен қабылдайтын өнер түрі. Оларға бейнелеу өнері, қолөнер, дизайн өнері т.б.

Тапсырма. І-топ. Живопис салу
ІІ-топ. Мүсін жасау
ІІІ-топ. Графикалық сурет салу
ІV-топ. Ою-өрнек қию

Қорытынды:
1.Бағалау. Әр топқа гүл-5, жапырақ-4, дөңгелек-3, кірпі-2 арқылы бағаланады.
2.Нені білдік, нені игердік?
Оқушыларға сұрақтар таратып беріледі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.