.
.
Бейнелеу өнері. 6- сынып. Орыс халқының қолөнері -Гжель
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4139 | Размер: | Автор: нартайТақырыбы: Орыс халқының қолөнері -Гжель
Сабақтың мақсаты: Гжель өнері туралы толық мағлұмат алу, ерекшеліктерінің мәнін түсіну, эстетикалық талғамды арттырып, мәдени дүниетанымды кеңейту, өнерге бет бұру.
Міндеттері: Гжель өнерінің қыр-сырларымен таныса отырып, оның басты принциптерін білуге, өрнектерін салуда ізденімпаздық, талғампаздық, шығармашылық, іскерлік, шапшаңдық қабілеттерді жаттықтырып, дамыту.
Нәтижесі: Оқушылардың өнерге деген қызығушылықтары, белсенділіктері, эстетикалық талғамдары артып, өнерді жоғары бағалауға, өнер туындыларын қадірлеуге көз қарастары артады, таным қабілеттері кеңейеді.
Әдісі:Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі бірлікте ұсынған жаңа технология – 7 модуль бойынша: білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беру үшін бағалау мен оқуды бағалау, білім беру АКТ ны қолдану,СТО әдісі, көшбасшылық, дарынды балаларды оқыту, топтық жұмыс, сұрақ-жауап арқылы диалог орнату, проблемалық жағдаяттарды шешу, практикалық кезең.
Пайдаланған ресурстары: АКТ, тірек-сызба, бояулар, қылқаламдар, қағаздар, иллюстрациялар, сөзжұмбақ, тақырып аясындағы слайдтар.
Түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:әр түрлі өсімдіктердің гүлдері арқылы 3 топқа бөлу, топтарды ережемен таныстыру, бағалау парағымен және оның критерийлерімен таныстыру.
1-слайд. Ереже:
1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
3.Бір ғана адам сөйлейді;
4.Өз ойларымызбен бөлісеміз;
5. Бос сұрақтар болмайды;
6. уақытты үнемді пайдаланамыз.
2- слайд.
ІІ.Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында, психолгиялық көңіл-күй сыйлау:
Мұғалім сөзі: - Құрметті оқушылар, қонақтар! Табиғатта керемет күш - күн бар, ол өзінің нұрын шашып, барлығымызға жылу сыйлайды. Бүгін де күннің арай шашқан әр бір сәулесі біздің сыныбымызға түсіп, сабаққа деген ынтамызды арттырып, бойымызға күш-қуатын берсін, жақсы көңіл-күй сыйласын! Олай болса, барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілегімізді білдіріп, сәттілік тілейік.(Қол соғу )
ІІІ. Мұғалім сөзі: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфымен танысайық.
3- слайд. « Еңбек – өнер өрісі, өнер – өмір жемісі»
(Тақтадағы мақалды балаларға оқытып, мағынасын сұрау.)
1 – топ: Осы мақалда не туралы айтылған? ( еңбек және өнер туралы)
2- топ: Өнердің өрісі не арқылы кеңейеді? ( еңбек арқылы)
3- топ : Өмір жемісі дегенді қалай түсінесіздер? ( өнерлі болсаң, өмірде таршылық көрмейсің)
( Топ бойынша формативті бағалау)
ІҮ. 4- слайд. Ой қозғау мақсатында өткен тақырыптарға шолу жасау:
1 – топ: 1.Үйлестіру, орналастыру қалай аталады? (Композиция)
2.Аспан мен жердің қиылысқан сызығын не дейміз? ( Көкжиек)
2- топ: 3. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (Портрет)
4. Су әлемін бейнелейтін жанрды не дейміз? ( Моринист)
3- топ: 5. Табиғат көрінісін бейнелейтін өнерді не дейді ? ( Пейзаж)
6. Қалам мен тушьпен бейнелейтін өнерді не дейміз? ( Графика)
( Топ бойынша формативті бағалау)
Ү. Жаңа тақырыпты және мағынаны ашу.
Мұғалім сөзі:Балалар, енді назарларыңызды интербелсенді тақтаға аударыңыздар.Мұнда сөзжұмбақ жазылған, соның дұрыс жауабын табайық:
5-слайд. Сөзжұмбақ шешу ( Оқушылар сөзжұмбақтың негізгі сөзі –кілті «Гжель» арқылы жаңа тақырыпты анықтайды)
( Топ бойынша формативті бағалау)
6- слайд. Кластер арқылы жаңа сабақты, өнердің шығу тарихын және қазақ халқының күзешілік қолөнерімен ұқсастығын түсіндіру.
7, 8, 9- слайд. Гжель өнерінің негізгі элементтері.
10, 11-слайд. Гжель өнерінің салу тәсілдерін слайд арқылы көрсету
ҮІ. Топтық жұмыс орындау: №1 тапсырма
12- слайд.
1- топ: Бұлбұл құстың бейнесін өрнектеп салып, түспен бояу;
2- топ: Гүл бейнелі өрнек салып, түспен бояу;
3- топ: Әтеш бейнесін өрнектеп салып, түспен бояу.
1. 2. 3.
( Топ бойынша формативті бағалау)
13 - слайд №2 тапсырма. «Өнер жайлы мақалдың жалғасын тап»
1- топ: Өнегелі елден ... бала туар. ( өнерлі)
2- топ: Ойсыздан ... шықпайды. (оюшы)
3- топ : Ақыл көпке жеткізер, өнер ... ( көкке)
( Топ бойынша формативті бағалау)
ҮІІ. 14- слайд. Сергіту сәті: «Қамажай» әуені аясында дене жаттығуын жасау
ҮІІІ. 15 –слайд. Шығармашылық жұмыс : Гжель элементтерін пайдаланып, ыдыстардың сыртын әшекейлеу: (Жәй әуен ойнап тұрады)
1- топ: Табақ 2-топ: Құмыра; 3-топ:Тақтайша
( Топ бойынша формативті бағалау)
ІХ. 16- слайд: Жаңа сабақты Венн диаграммасымен пысықтау. ( Оқушылар орыс және қазақ халықтарының қолөнерінің ортақ ұқсастықтарын салыстырады: қыштан жасалады, өсімдік өрнегін қолданады, күзешілік өнер, формалары ықшамдалған, көне дәуірден келе жатқан қолөнері )
17- слайд: Қорытындылау:
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымызға дейін өнер туралы не білетін едіңдер, бүгінгі сабақта нені үйрендіңдер, ал болашақта өнер жайлы не білгілерің келеді?
( Балалар «Білемін, Білдім, Үйренгім келеді» стратегиясы бойынша кесте толтырады)
Білемін Білдім Үйренгім келеді
Х. Оқушылардың формативті және сумативті бағалау.
ХІ . Үйге тапсырма: гжель ыдыстарының форматта орындау.
Рефлексия. (Кері байланыс)
Мұғалім сөзі: - Балалар, бүгін біз орыс халқының өнері - «Гжельмен» таныстық.Өнер ұнады ма, бұл өнер қазақ халқының қандай өнеріне ұқсайды екен? Ал енді, біздің сабағымыздың эпиграфын есімізге түсірейік.« Еңбек – өнер өрісі, өнер – өмір жемісі»
Бұл мақал арқылы өмірде сіздер өнерлі болудың қандай маңызы бар екенін түсіндіңіздер.
Өнерлі болу үшін адам қандай болу керек? Өнерді жақсы меңгеру үшін не істеу керек?
(Еңбекқор, өнерсүйгіш, сауатты және білімді болу керек)
Балалар, бүгінгі сабақ, ұнады ма? Егер сабақ қатты ұнаса, сары түсті смайликті, орташа болса, жасыл түсті смайликті, ұнамаса қызыл түсті смайликті көтерулеріңізді сұраймын.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.