Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ПЕЙЗАЖ – ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ (гратаж техниасы) -

ПЕЙЗАЖ – ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ (гратаж техниасы)

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2368 | Размер: | Автор: нартай
. ШҚО Семей қаласы
№17 жалпы орта білім беретін мектеп «КММ»
Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі: Аглакова С.Т

ПЕЙЗАЖ – ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ(гратаж техниасы)

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу.Гратаж тэсілімен таныстыру
Дамытушылығы: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: әңгімелеу, үйрету, көрсету, сұрақ –жауап, жұмбақ шешу,слайдтар,фотосуреттер
Құрал-жабдықтар: альбом,гуашь,ыдыс,кылкалам,суретшілердің шығармалары,майшам,ине т.б
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі
Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау.
Үй тапсырмасын тексеру.
а) Натюрморт дегеніміз не?
б) Натюрмортты неден яғни қандай заттардан құрастыруға болады?
(Балалар тақтаға шығып натюрморт құрастырады)
Жансыз заттарды бейнелейтін жанрды не дейміз?(натюрморт).
Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарманы қандай жанр түріне жатқызамыз? (пейзаж).
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Сұрақ –жауап арқылы Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарманы қандай жанр түріне жатқызамыз? (пейзаж).
Пейзаж – табиғатты бейнелеу. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Мысалы: қыс көрінісі- далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтақтары қисық болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық, күлгін. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі-түсті реңкке бөленеді. Боялардан көбіне қыс мезгілінде басым түстер ақ, көгілдір түс, күз айдында басым түс – сары, көктем айында көгілдір, жасыл түстер басым. Дегенмен де бір басым түспен табиғат, дала көрінісі шешілмейді. Әр алуан түстерінің жарасымын тауып, бір түске ортақтасуы, үлесуі керек. Сондықтан оқушыларды жылдың әр мезгілімен таныстыра отырып, ауа райына байланысты сол сәтті көрсете білу керек. Бір күннің өзі бірнеше көріністен тұрады: тәңсәрі, түс, кеш, түн т.б. Суретшінің шығармасында табиғи көріністері ерекше шеберлікпен көрсетілген, тіпті суреттің жазықтық бетінде орындалғаның ұмытамыз да, кәдімгідей биік таудағы мұз айдынында жүргендейміз.
Қыс табиғаттын елестете отырып, ағаштарды ұқсатып, дұрыс бейнелеуді үйренейік.
Альбомды тігінен- тік қойып қарындашпен жобасын көмекші сызықтар арқылы орналастырамыз.
-ағаштың діңінен бастап саламыз. Ағашты бейнелегенде бірнеше түсті араластырып барып салады. Ағашты салған кезде қылқаламды тік ұстап тұрып, төмендеген сайын астыға қарай салмақты түсіріп, жуандату арқылы ағаштың діңін саламыз. Бұтақтарды салғанда тура осы әдіс қайталанады, бірақ ол көлбеу және кішірек болып салынады.

ІV. Жаңа білімді бекіту

1. Бейнелеу өнеріндегі жанр
2. Гратаж техникасы


V. Қорытынды. Тірек –сызба.

Оқушылардан не білдік, не түсіндік және табиғат туралы өз ойларын сураққа жауап айтып тірек – сызбаның қасына жаздыру.

1. Табиғатты деген ұғымды қалай түсінеміз?
2. Табиғатты қалай бағалаймыз?
3. Табиғатқа қандай қамқорлық жасаймыз?
4. Табиғаттың қандай болғаның қалаймыз?

VІ. Оқушыларды бағалау.

Әр оқушының суреттерін тақтаға іліп,талдау арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.