Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пейзаждың кеңістік переспетивасы -

Пейзаждың кеңістік переспетивасы

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1769 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Сабақтың тақырыбы:   Пейзаждың кеңістік переспетивасы    

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                        Оқушыларға тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдерін қосымша мәліметтермен толықтыру; білімдерін арттыру..

Дамытушылығы:        практикалық сабақ барысында бейнелеу өнерінің түрлеріне эскиздер жасау, сурет салуларын ұйымдастыру.

Тәрбиелілігі:                     Оқушылардың   сабақ барысында ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын   қалыптастыру.

Көрнекілігі:                       кітап, иллюстрациялық материалдар.

Сабақтың түрі:                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:               баяндау, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

А) оқушыларды түгелделдеу

Б) оқу құралдарын тексеру

В) өткен материалдарды қортындылау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа сабақ   Шығармада кеңістікті көрсету үшін сызықтық переспективаның тәсілдерін қолдану кейде жеткіліксіз болады.  Орман пейзажын бейнелеу керек болады делік. Алдыңғы қатарда діңдері жіңішке, артқы қатарда жуан діңді ағаштар орналасқан. Ағаштардың кейбіреуі жақын, ал кейбіреуі алысырақ орналасқанын көрсететін пейзажды қалай жазуға болады?. Жақындаған заттар үлкен, ал алыстағы заттар кішірек болып көрінетінін сендер сызықтық переспективаның заңдары бойынша білесіңдер. Біз алыстағы заттарды көгілдір түске боялған ауа қабаты арқылы көреміз. Бұл құбылыс ауа переспективасы деп аталады. Ауа переспективасы – бұл заттар алыстаған сайын пішіндерінің анықтағын жоғалтып, түстері суық тарта бастайтын құбылыс. Алыстағы таулардың қалай құбылатынын байқаған боларсың. Шыңын қар басқан таулар өте алыстан ұлпа бұлттардай жеңіл, көгілдір болып көрінеді, ал жақындаған сайын-егер орманды тау болса жылы түске, қарлы тау ақ түске енеді. Ал кешке күн батар мезгілде таулар күлгін түске боялады. Ауа кеңістігінің переспективасын тұманды күні жақсы бақылауға болады. Егер жақындаған денелердің түстері мен пішіндері анық көрінсе, олар алыстаған сайын түстерінің қанықтығын жоғалтып, тым алыстағылары мүлдем тұманға «батып» кетеді.  Ауа переспективасы сызықтық переспективасымен салыстырғанда денелердің өлшеміне емес, олардың түстерінің қанықтығына әсер етеді. Сызықтық және ауа переспективалары бір-бірімен тығыз байланысты.

Қортындылау Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма:  Тақырып бойынша басталған жобаны аяқтау, нобайлар жасау.

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.