Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пейзаждың өркендеу тарихы -

Пейзаждың өркендеу тарихы

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2976 | Размер: | Автор: Публикатор
.

 

Сабақтың тақырыбы:        Пейзаждың өркендеу тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                        Оқушыларға тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдерін қосымша мәліметтермен толықтыру; білімдерін арттыру..

Дамытушылығы:        практикалық сабақ барысында бейнелеу өнерінің түрлеріне эскиздер жасау, сурет салуларын ұйымдастыру.

Тәрбиелілігі:                     Оқушылардың   сабақ барысында ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын,  қалыптастыру.

Көрнекілігі:                       кітап, иллюстрациялық материалдар.

Сабақтың түрі:                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:               баяндау, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

А) оқушыларды түгелделдеу

Б) оқу құралдарын тексеру

В) өткен материалдарды қортындылау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа   Пейзаж салуда оқушыларды баулуды бірнеше түрге бөлеміз.

  1. Өзіне ұнаған табиғат көрнісін бейнелеу;
  2. Қоршаған ортаның ерекшелігін ескеру;
  3. Табиғат көрінісінен сұлу, әдемі композициялық құрылым табу.
  4. Өзіне қажетті бейнелеу өнері құралдарын таңдау, тікелей тәсілмен жұмыс істеу;
  5. Мұғалім мен оқушының пікір алмасуы.

    Табиғат көрнісін, яғни пейзажды бейнелеуде кейбір заттардың кеңістіктегі көлемін және материалдық қасиетін айқындауда оқушылар бірқатар тәсілдерді меңгеруі қажет. Олар мыналар болып табылады.

  1. Негізгі көрністің дәл ұқсастығын сақтау;
  2. Табиғат көрнісін сәттә таңдау, қағаз бетіне үйлесімді бейнелеу;
  3. Мүмкіндігінше бояумен  жылдам жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру:

    Табиғат көрнісін бейнелеуде акварель, гуащь бояуын қолданған ыңғайлы. Жұмыс жазу барысында табиғат көрінісіне байланысты басым түстің өңі қарастырылады. Табиғат көрінісін бейнелеуге оқушыларды үйрету олардың мынандай қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

  1. кеңістікті жан-жақты қабылдау;
  2. табиғат көрінісінің реңдік және түстік  қасиеттерін ескеру, бүтіндей қабылдау;
  3. шығармашылық ізденпаздылықты дамыту; 

Табиғат көрінісін бейнелеуге үйрету арқылы  оқушы бойындағы патриоттық сезімді оятуға болады.

Қортындылау

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма:  Тақырып бойынша басталған жобаны аяқтау, нобайлар жасау.

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.